Мінекей бірнеше жылдың жүзі болды Қазақстанның бас қаласы Астанада Кіші Талдыкөл көлдер жүйесі жойылып жатыр. Қоршаған ортаны қорғаудың маңызы туралы жиі айтылып жатқан уақыттың өзінде осындай жағдай болып жатыр. Елордада көлмен және көл үшін болып жатқан шайқас туралы CABAR.asia материалында.
Елодада жүргізіліп жатқан жаппай құрылыс жұмыстарына соңғы жылдары қала тұрғындарының биліктен көпқабатты үй салуға оңды-солды рұқсат беруін тоқтату туралы наразылығымен жалғасып келеді. SOSTaldykol қоғамдық бірлестігінің белсенділері 2020 жылдан бері билік өкілдерін Кіші Талдыкөл аумағын сақтап қалуға үгіттеумен келеді. Өйткені ғалымдардың анықтауынша, бұл маңда құстың жүздеген түрі, соның ішінде қызыл кітапқа кіргендері де бар. 2021 жылы Кіші Талдыкөлден тұрғындар, Қорғалжың қорығынан көшіп бара жатып, қонақтаған кәдімгі қоқиқазды суретке түсіріп алған. Бұл құстарды суретке түсіруге қызығатын бердвотчерлер мен өзге де табиғатқұмарлардың су қоймасының флорасы мен фаунасына назар аударуға тағы да итермеледі.
Какафония
Соңғы жылдары еріктілер ондағы суды қалай сусорғышпен тартып, көлдің орнын топырақпен және қоқыспен толтырып жатқану туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде жариялап келеді. Азаматтық белсенділер хат жазып, сотқа арызданып, билік орындарына жүгініп, шеру өткізіп, арт-наразылық ұйымдастырып та бұл жағдайға шектеу қоя алмады. Белсенділер өткен жылы мынадай ақпарат жариялады: Кіші Талдыкөл жүйесіндегі жеті көлден тек біреуі ғана қалды (жетінші нөмірлі).
Билік өкілдерінің сол ауданда құрылыс жүргізуге деген құлшынысы өте жоғары болғаны соншалық, емхана мен мектеп қана емес кәріз жүйелеріне де артық салмақ салынатынын біле тұра көп қабатты ғимараттар салуға рұқсат берілген. Алайда, дәл осы – жылжымайтын мүлік салу үшін көлдерді құрғаты – қарапайым тұрғындар үшін тым көп ресурс жұмсалатын нәрсе ретінде көрінеді. Menin Elim Dala қоғамдық бірлестігінің өкілі Айжан Әтежанова бұл жағдайды тек былай түсіндіреді: бизнеске нарық қатысушыларынан учаскелерді нарықтық құнына сатып алу мен ескі ғимараттарды бұзуға кететін шығынға қарағанда көлді құрғату анағұрлым арзанға түседі.
«Бұл аумаққа құрылыс салушылардың қызығатын тағы бір себебі – ол канализациялық тазарту құрылғысына (КТҚ-1) жақын орналасқан. Алайда, оның өзі қазіргі келіп жатқан қоқыс көлемін көтере алмай отыр. Уәде етілген КТҚ- 2 әлі салынған жоқ, алайда қалада көп қабатты тұрғын үйлердің белсенді құрылысы әлі жалғасып жатыр», – Айжан Әтежанова.
Кіші Талдыкөл жағалауына жақын маңдағы үйлерде тұратын тұрғындар кәріз қалдықтарына тән жағымсыз иісті сезе бастаған. Белсенділер аумақты зерттеген соң, жақында салынған көп қабатты тұрғын үйлердің қоқысы көлге ағызылатынын анықтады. Бұл суда хозфекалды қалдықтар – нәжіс тағы басқалар барына тікелей айғақ болады. Жәйдан жәй олар түсе қоймайды», – дейді ғалым, SОS Taldykol ҚБ жетекшісі Руслан Оразалиев.
Оның айтуынша, осы қорытындыны алғаннан кейін, экология департаменті Астанадағы тазарту құрылғыларына жауап беретін Elorda Eco System мемлекеттік компаниясына қатысты тексеруді бастады.
«Шығын көлемі есептеліп, айыппұл жазып берді. Алайда қалдық тастау (суға – ред.ескертпе) жалғасып жатыр», – дейді Оразалиев.
Билік: көлді тазартып, жылумагистралін салып жатырмыз
«Көлді құрғату – айрықша шарттарды орындаған жағдайда да, ол сусымалы топырақ. Көлдер жүйесі өзара арналармен жалғасқан, мұның салдары [көлді құрғату] баланстың бұзылуына, су басуға, күрделі экологиялық проблемаларға айналады. Астана билігі осыны түсінуі керек», – дейді Алматыдағы «STOP застройке» ынталы тобының өкілі Мұрат Қасенов.
Азаматтық белсенділердің пікірінше, Кіші Талдыкөлді құрғату мен оның орнына құрылыс салудың зардабын, қала әкімдігі мен құрылыс салушылар емес, ол үйлердің болашақ иелері тартатын болады.
«Қазір жаңа салынған құрылысқа берілетін кепілдік көп емес – екі жыл. Сол уақыт ішінде құрылыс салушылар жер астынан шыққан суды жертөле мен ғимарат аумағынан сорып алады. Ал, одан кейін қирайтын, шіритін, тот басатын нәрселер – тек тұрғындардың проблемасы. Меморгандар мұндайда шетке ысырылады. Өкінішке орай, елімізде қала құрылысындағы жемқорлық үшін кім болса да қылмыстыққа дейін жауапкершілік арқалаған жоқ, алайда, шенеуніктер қабылдайтын шешімнің салдары сұмдық», – дейді Айжан Әтежанова.
Кіші Талдыкөлдегі жағдайда белсенділер өздерінің әлеуметтік желісінде айтып жүр. Билік өкілдері бұл аумақта экопарк салынады деп уәде беруде, оның құрылысына бірінші кезекте 5,4 млрд тенге (11,5 млн$) доллар жұмсау көзделуде. OSTaldykol белсенділері мұндай оптимизмге құлықсыз болып отыр. Олардың айтуынша, шенеуніктер қоғам өкілдеріне бұл жоспарға қатысты құжаттарды көрсетпей отыр, өйткені, көлдердің орнына саябақпен бірге жаңа көп қабатты үйлер салу да жоспарланып отырған болуы мүмкін. Әкімшілік өкілдері көл аумағындағы арнайы техниканың қауырт жұмыс істеп жатқанын жылумагистраль құрылысын салу қажет екенімен түсіндіруде.
«№7 учаскедегі арнайы техниканың жұмысына байланысты: қазіргі таңда мемлекеттік сараптамамен бекітілген жобаға сәйкес, қаланың сол жағалайын сенімді жылумен қамту үшін ТМ-3 жылумагистралінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл учаскеге топырақ төгіліп жатқан жоқ, учаскені құрылыс қалдықтарынан тазарту және жылутрассасын төсеу үшін траншеяны дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жер асты суларын жіберу – жолдардың құрылысы кезінде, оның ішінде инженерлік желілерді орнату алдында қажетті шара», – деп хабарлады CABAR.asia сауалына Астана әкімдігінен (мэрия).
Елорда әкімдігі Кіші Талдыкөлген кәріз қалдықтары түсіп жатқаны туралы ақпаратты растаған жоқ, бірақ жоққа шығармады да. Дегенмен, шенеуніктер Кіші Талдыкөлден қалған су айдынын сақтап қалуға ниетті екендерін айтуда.
«Жобаларда, жергілікті жердің климатына сай іріктелген, түрлі жасыл желекті егу, жаяу жүргіншілер жолын салу, су айдынын сақтау қарастырылған. Сонымен қатар, қоғамның және сарапшылар қауымдастығының пікірін ескеру мақсатында 2023 жылы Сығанақ, Қазыбек би және Роза Бағланова көшелерінің қиылысындағы «рекреациялық зона» құрылысын» салудың жобалық-сметалық құжатының қолданыстағы экологиялық заңнамамен сәйкестігі тексеру бойынша қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы Қазақстан экологиялық ұйымдары ассоциациясының өтініші қанағаттандырылды», – деп хабарлады әкімдіктен.
Өзен тұнба суға айналуда
Айжан Әтежанованың айтуынша, ол әкімдіктегі шенеуніктерден кәріз суларын ағызады деп күдікке ілінген өзендердің тиянақты жоспарлау жобасын сұраған. Алайда, оған құжат берілмепті. Ал, әкімшілік болса, бұл құжатқа түзетулер енгізілгеннен кейін ғана қоғам белсенділерінің қолына тиеді дейді. Күн сайын Кіші Талдыкөлден шыққан жағымсыз иіс желмен сол жағалауға жетіп, қалалықтарды түршіктіруде.
«Жеке өз күдігім, ол жерде (тиянақты жоспарлау жобасы бойынша – Ред) қазірдің өзінде көпқабатты үйлер «егілген». Тіпті, кәріз суларын көлге ағызудың бір себебі – оларды мүмкіндігінше жарамсыз етіп, құрғату шараларын сонымен ақтап алмақ, одан әрі коммерциялық биік үйлер құрылысы жалғасатын болады. Бұл тұнба судан жақсы ғой деу үшін», – деп болжайды Айжан Әтежанова.
Елорда әкімдігі мен қоғам белсенділерінің ара-қатынасы біршама күрделі болып отыр. Шенеуніктер, экобелсенділердің көлді сақтау ниетін қолдайтынын айтады. Алайда, күрделі коммуникацияның нәтижесі көзге анық байқалады: елордада мыңдаған жылдар бойы сақталып келген табиғи нысан құрып барады, билік «су айдынының сақталуы» туралы мәлімдеп отырғанымен, оны әртүрлі түсініп, бағалауға болады.
Астанада болып жатқан құбылыстың барлығында мультипликативті әсер бар, деп санайды Руслан Оразалиев. Егер Кіші Талдыкөлді сақтау мен қалпына келтіру үшін күрес тоқтаса, онда тұмса табиғатты жою әрекеттері өзге де аймақтарда жалғасатын болады.
«Біздің қоғамымыз эволюцияда. Қазір өз құқы үшін ғана емес, қоғамдық мүдде үшін күресуге даяр буын келді, жәцне олар оны ешбір коммерциялық мүддесіз, жан-тәнімен жасауға даяр», – дейді Руслан Оразалиев.
Көлді қорғаушылар әкімшілікпен белгілі бір деңгейде идеологиялық қарама-қайшылықта екенін түсінеді.
«Өркениетті қоғамда бұлай болмауы керек! – дейді Оразалиев. – Халықтың көңіл-күйін түсіну үшін, қоғамдағы тұрмысының көрсеткішінен хабардар болуы үшін қала әкімшілігі азаматтық белсенділермен жұмыс істеуі керек».
Азаматтық белсенділер көлдің суын сорғызу мен оларды ластауды тоқтатуды талап етуін жалғастырыуда. Сарапшылардың пікірінше, тіпті құрғап қалған көлді де қалпына келтіруге болады, өйткені оларға жер асты сулары құйылады – тек саяси жігер керек.
«Кіші Талдыкөл үшін күресті жалғастыру қажет. Қазақстанда су тапшылығы жағдайында көлдерді жоюдың салдарын көп ұзамай көретін боламыз», – деді Мұрат Қасенов.
Негізгі сурет: sos.taldykol Instagram аккаунты