Оқушылардың хиджаб киіп, орамал тағуы Қазақстан қоғамын қақ жарды. Біреулер діни баскіимдерді киюді шектеу деп таныса, енді біреулер мұндай әрекетті зайырлы мемлекетке тән қалыпты жағдай дейді. Ал үшіншілері мектепке жарайтын орамал моделін жасап жатыр.
Бейсенбі күні, 27 сәуірде, Астанада IWPR организовал круглый стол «Оқу орындарындағы зайырлы мемлекет пен дін еркіндігі арасындағы баланс» атты дөңгелек үстел жасады. Шараға сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік орган қызметкерлері қатысты.
Шешілмеген мәселе
«Право» қоғамдық қорының заңгері Әсел Рамазан өз ұйымының Қазақстанға террористік белсенділігі жоғары елден оралған отбасыларды қолдау тәжірибесін айтып берді. Ол қазақстандықтардың құқықтық әрі діни сауатын жақсартатын шараларды қолдану қажеттілігіне назар аударды. Сарапшы байқауынша, орамал тағу тұсында орнайтын мектептегі кикілжіңдер мектеп формасын ұстануға қатысты ресми талаптар салдарынан болады екен. Себебі мектеп формасында діни атрибутикалар болмауы тиіс.
«Мектеп формасын сақтау талаптар бойынша діни белгілер болмауы керек. Дау-дамайлар туындау себебі де осында, олар жеке-жеке шешіледі», – дейді Әсел Рамазан.
Қазақстандық мұсылмандар қалыптасқан жағдайға көп жылдар бойы шыдап келді. Орамал мен хиджаб киген қыздардың мектепке баруына тыйым салуға қатысты даулар әдетте оқу жылының басында өршіп, сөніп қалатын. Құқық қорғаушы, «Еуразиялық құқық қорғау ұйымы» қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Олжас Біләлов оның ұйымына балалары орамал немесе хиджаб кигені үшін қысымға ұшыраған ата-аналардан мектеп әкімшілігінің үстінен үнемі шағым түсетінін айтады.Көбінесе орамал таққан қыздарды оқуға кіргізбей жатады.
«2022 жылы біз жұмысты енді бастаған кезде (мұсылман отбасындағы қыздардың құқығын қорғау бойынша – ред.) білім бөлімінен Қазақстандағы орамал таққан оқушы қыздардың саны екі мыңнан астам деген жауап алдық. Бірақ біздің (қызметкерлер бөлімшелері – Ред.) жақсы жұмыс істегеніміз сонша, 200 ата-анаға айыппұл салдық, енді Қазақстанда 173 орамал таққан қыз бар. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті осылай хабарлауда!» – дейді Олжас Біләлов.
Сонымен қатар, азаматтық қоғамның мәселеге назар аударуы «ішке кіргізбегендердің» жауапқа тартылуына әкеп соқты. Қазір қоғам белсенділері мектеп өкілдерінің әкімшілік жазаға ілінуінің сирек фактілерін хабарлауды.
«Директор жазаланды, қызды мектепке кіргізбеген полицейді де. Бұл оңтүстікте болды. Сондай-ақ, Астана әкімдігі баланы мектепке жібермегені үшін директорға айыппұл салды», – дейді құқық қорғаушы.
«Еуразиялық құқық қорғау ұйымының» басшылары жартыкеш шешімдерді қаламайды. Олар Білім министрінің «Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ішкі бұйрығынан оқушылардың киімдеріндегі діни киімдерге тыйым салатын 13-тармақты алып тастау керек деп есептейді. Сондай-ақ Олжас Біләлов бұл норманың діни сенім бостандығына кепілдік беретін және білім беруде, оның ішінде діни белгілері бойынша кемсітуге жол бермейтін Қазақстан Конституциясы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келетінін де баса айтады.
Қос экстремум
Дөңгелек үстелде заңгер әрі «Құқықтық медиа орталық» қорының тең құрылтайшысы Гүлмира Біржанова IWPR-дың заңгер Мереке Ғабдуалиевтің қатысуымен «Құқықтық медиа орталығымен» бірлесіп дайындаған «ҚР құқықтық нормаларын талдау арқылы діни сенім бостандығының жағдайына шолу» атты баяндама жасады. Зерттеу барысында белгілі сарапшылар, құқық қорғаушылар, заңгерлер арасында зайырлылық қағидасының сақталуы, діндарлардың құқықтары мен Конституцияның Білім министрінің мектеп формасына қойылатын талаптар туралы бұйрығына сай келуі бойынша сауалнама жүргізілді.
«Кейбір жауаптар: мемлекет діни бірлестіктердің өздері зайырлы білім беруі бар мектептерді ұйымдастыра алатындай, бірақ сонымен бірге барлық рәсімдерді қамтитындай альтернатив нұсқалар жасауы керек. Белгілі заңгерлердің пікірі: бұл бұйрық халықаралық стандарттарға, Конституцияға қайшы. Кейбір сарапшылар бұл бұйрықты дінге қарсы ашық күрес деп есептесе, басқалары ымыраға келу мәселесі деп санайды. Тағы біреулері бұл талаптың заңды негізі бар дейді. Маған бір маманның сөзі ұнады: “Кейде араласпау реттеу және араласу әрекеттерінен гөрі тиімдірек нәтиже береді”», – деп бөлісті Гүлмира Біржанова.
Сарапшылар зерттеу нәтижесі бойынша оқушының және қызметкердің діни киім кию, оның ішінде діни мақсатта бас киім киюге қатысты адам құқығын заңнамада нақты көрсетуді ұсынды.
«Қазақстан Конституция бойынша зайырлы мемлекет. Бірақ егер мемлекет қыздардың хиджабпен жүруіне тыйым салып, Ақордада үлкен ауызашар өткізіп жатса, бұл мемлекет тарапынан жасалатын дұрыс емес амал », – дейді Гүлмира Біржанова.
Men media.kz кросс-платформасының редакторы Жазира Букина билік мектеп оқушыларының діни негізде қудалауына байланысты балалы жас отбасылардың түрлі елдерге көшіп кетуіне назар аударуы керек деп санайды. Оның айтуынша, діндар қазақстандықтар мектептегі орамал тағу мәселесі шешілген әрі жанжал тудырмайтын Түркияға, Еуропа елдеріне және көршілес мемлекеттерге көшуді жиі жөн санайды.
«Мектептегі орамал қоғамды радикалдандырмайды. Қырғыздар қыздарға орамал тағуға рұқсат берді – олар толеранттылық танытқан, сол күйі қалды. Ресейдің тәжірибесі де мемлекеттің үлкен икемділік танытып отырғанын көрсетеді. Күнді батыстан атыру мүмкін болмағаны сияқты, адамды өз дінін ұстануда тоқтату мүмкін емес. Қазір орамалдан проблема жасайтын жалғыз елміз», – дейді Жазира Букина.
Дін саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілі Ержан Байбол еліміздегі барлық мектептердегі жағдай бірдей емес дейді. Балалар мен ата-аналардың діни сенім бостандығы құқығын сақтайтын оқу орындары да бар.
«Орамалдағы балалар емін-еркін оқитын, дене мүшелері наным-сенімі бойынша жабылған мемлекеттік мектептер бар, бірақ олар мектеп формасына қойылатын барлық талаптарды сақтайды. Олар діни негізде қорлауды, кемсітуді көрмейді», – деп атап өтті. Сарапшы басқа мектептерде де елеулі кемшіліктер бар екенін айтып кетті.
«Демек, мәселе министрдің бұйрығының (мектеп формасы туралы – ред.) заңдылығында емес. Мәселе дін саласындағы мемлекеттік саясаттың жеткіліксіз түсіндірілуінде, оны дұрыс жеткізу керек», – деп есептейді Ержан Байбол..
ЮНИСЕФ бағдарламасының білім беру жөніндегі менеджері Татьяна Адерихина Бала құқықтары туралы конвенцияда қарастырылған және бірін-бірі толықтыруы тиіс баланың білім алу құқықтарына, балалардың тілін, мәдениеті мен дінін пайдалану құқығына назар аударды. Сарапшы халықаралық амалдар білім алу құқығын сөзсіз жүзеге асыруды көздейтінін атап көрсетеді. Оның ойынша, мектептерде орамал тағу мәселесін талқылағанда ұстаздардың тарапын тыңдаған жөн.
«Бүгін сіз бізге көршілес жатқан көрші елдердің тәжірибесін көбірек көрсеттіңіз. Бірақ, керісінше, оқушылар не қоғамда қолданатын бас киім немесе басқа да діни атрибуттарды кимегені үшін қылмыстық қудалау болмау үшін күресіп жатқан басқа елдердің тәжірибесі де бар. Сондықтан бұл жерде қудалаудың жаман үлгісі болуы мүмкін басқа экстримдерге келмеу елдің осы бағытта қаншалықты жылдам қимылдай алатынын қарастыру қажет», – деді Татьяна Адерихина
Сарапшы Қазақстандағы түрлі конфессия өкілдерінің діни киім мәселесіне көзқарасын қарастыру үшін тереңірек зерттеу жүргізуді маңызды деп санайды. Адерихина шешімді іздестіру кезінде мәжбүрлеуді болдырмас үшін баланың таңдау еркіндігін бұзбау маңызды мен баланың білім алуда шектелмеу керектігін атап көрсетеді.
«Баланың әлеуметтенуі үшін білім берудің әртүрлі формаларын қарастыру керек. Енді балалардың басқа да дағдыларын – олардың өмірінде дұрыс таңдау жасауға көмектесетін жұмсақ дағдыларды дамытуға назар аудару маңызды», – деді Татьяна Адерихина.
Ымыра іздеу жолында
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Нұрлан Қайырбеков пікірталасқа оптимизм әкелді. Оның айтуынша, қазір ҚМДБ мектептерде киетін орамалдың ең қолайлы үлгісінің тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Оның пікірінше, Қытайдан, Өзбекстаннан, Түркиядан этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуна байланысты Қазақстанда ислам дінін ұстанушылар санының артып келе жатқанын ескерген жөн.
«Олар өздерімен бірге Исламды алып келеді. Қазақстандықтардың 80 әрі одан да көп пайызы мұсылмандар екенін бір емес бірнеше рет естігенмін. Бұл орамал тағу сияқты нәрселерге деген көзқарасымызды жұмсарту керектігін көрсетеді. Біз орамал тағуды қолдаймыз, бірақ олардың стилі дәстүрлі сызықтан шықпауы маңызды. Қазір осымен айналысып жатырмыз, уәкілетті адамдармен кездесіп жатырмыз. Түптеп келгенде оң нәтижеге жетеміз деп ойлаймыз», – деді Нұрлан Қайырбеков.
Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының өкілі Әли Сейдуллаев мектептерде орамал мен хиджаб киюге ресми рұқсат берілсе, балалар арасындағы жанжалдың туу қауіптеріне назар аударуды ұсынады.
«Мұсылмандық нормаларды ұстанатын балалар өздерінің діни көзқарастарымен келіспейтін не басқа дінді ұстанатын балаларды мазақ ету, оларды адасқан, кәпір деп атайтын және т.б. жағдайлардың алдын алу маңызды», – деді Сейдуллаев.
Соңғы дөңгелек үстел алғаш рет барлық мүдделі тараптардың басын қосты. Алайда Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырушылардың шақыруына жауап бермеді. Адам құқықтары жөніндегі мемлекеттік ұлттық орталықтың өкілі Сабыржан Сейітжанов талқыланған үрдістерге баға беруден бас тартты. Ол өзінің қысқаша сөзінде тек қоғамдық талқылау қажеттігін атап өтті.
«Мүмкін, біреуге бұл мәселе аса маңызды емес сияқты көрінуі мүмкін, бірақ тереңірек үңілсеңіз, оның ішінде көші-қон, ұлттық қауіпсіздік, экономикалық мәселелер бар. Сондықтан саналы шешім қабылдау үшін оны белсенді талқылау маңызды», – деді Сейітжанов.
Бас фото: Анар Бекбасова