Соғыс пен бейбітшілікті баяндау институты (IWPR) және “ИНМИР” қоғамдық қоры 2024 жылдың 24 қыркүйегінде онлайн форматта ақпараттық сессия өткізді. Сессия «Азаматтық қоғам Қазақстан үшін (CS4K)» жобасы аясында, Еуропалық Одақ қаржыландыратын, аналитикалық жазбалар (policy brief) және white paper жазу бойынша сарапшыларға, сондай-ақ адвокациялық жобаларға қаржыландыруға өтініш берушілерге арналған қаржыландыру конкурсы бойынша сұрақтарын талқылауға арналды.
Іс-шара барысында қатысушылар қатысу, қаржыландыру және жобаны ұйымдастыру шарттарына қатысты көптеген сұрақтар қойды. Төменде біз ең жиі қойылған сұрақтарды және оларға жауаптарды жинақтадық.
Сұрақ-жауап (FAQ)
1. АҚҰ, ҮЕҰ, КЕҰ, бастамашыл топтар Қазақстанның шалғай өңірлерінен қаржыландыруға өтініш бере ала ма?
Иә, басты шарт – қатысатын ұйымдардың барлығы Қазақстан Республикасында тіркелген болуы керек! Бұдан басқа, шалғай өңірлердегі жобалар қошеметтеледі және өтінімдерді таңдау кезінде оларға басымдық беріледі.2. Қандай тақырыптарға өтініш беруге болады?
Өтініш адам құқықтарын қорғауға арналған адвокация тақырыптарына, әсіресе әйелдер мен жастар құқықтарына қатысты болуы мүмкін. Жоба міндетті түрде үш кезеңнен тұруы керек:- Зертеулер жүргізу, оның барысында өз аймақтарындағы адам құқықтарын қорғау саласындағы қажеттіліктер мен басымдықтарды айқындайтын деректерді жинау және талдау қажет. Деректерді жинау және талдау үшін әдістеме беріліп, оқыту трениңі өтеді. Жиналған деректер аналитикалық жазбалар жазуға және адвокациялық науқан жүргізуге негіз болады. Зерттеу тақырыбы адам құқықтарымен байланысты болуы керек, әйелдер мен жастар құқықтары саласындағы тақырыптарға басымдық беріледі.
- Зерттеу барысында жинақталған деректер негізінде сарапшылармен бірге аналитикалық жазбалар (policy briefs) мен white papers әзірлеу.Сарапшылар, сондай-ақ аналитикалық жазбалар (policy briefs) және white papers құрастыру мен аудару IWPR есебінен төленеді, қаржыландыру қаражатынан емес.
- Адам құқықтары саласындағы адвокациялық науқандар жүргізу.
3. Егер АҚҰ, ҮЕҰ, КЕҰ тіркелмесе не істеу керек?
Бұл жағдайда Сіз жеке кәсіпкер ретінде өтініш бере аласыз (жеке кәсіпкердің қандай қызмет көрсететіні туралы қосымша талқылау қажет).4. Егер ҮЕҰ маманды, мысалы, әлеуметтік желілердің дизайнын жақсарту үшін жалдаса, келісімшарт жасау керек пе?
Иә, жобаның аясында жұмыс істейтін кез келген маман, кеңесші және сарапшымен келісімшарт жасау қажет. Сондай-ақ, осы мамандарға төлем жүргізу үшін құжаттар (төлем шоты, чектері, төлем тапсырмасы, АВР және т.б.) қажет.5. Қаржыландыруды пайдалану
Қаржыландыру құрылыс, жылжымайтын мүлік сатып алу, алкоголь өнімдерін сатып алу, ойын-сауық шығындары, бизнес-сапарлар немесе бірінші класс жолақылары, несиелерді жабу сияқты шығындарға жұмсалмайды. Жобаны іске асырумен тікелей байланысты емес жалақы мен кеңсе (жалға алу, коммуналдық қызметтер және т.б.) шығындары өтелмейді. Жобаның аясында жабдық сатып алу жекелей келісу арқылы, жобаның жоспарланған іс-шараларына және қажеттілікке байланысты қарастырылады.6. Ерекше есеп формасы ұсыныла ма?
Иә, есеп беру үшін екі үлгі болады: бірі қаржылық шығындар үшін Excel форматында, екіншісі бағдарламалық қызмет бойынша есеп беру үшін.7. Егер АҚҰ, ҮЕҰ, КЕҰ, бастамашыл топтар жобаны мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарласа, бұл өтінімнің қаралуына әсер ете ме?
Хабарландыруда жобаның ұзақтығы 2024 жылдың қазаны – 2026 жылдың шілдесі деп көрсетілген, сондықтан 2026 жылдың шілдесі жобаның аяқталу мерзімі болып табылады, егер жобаны қысқа мерзімде аяқтайтыныңызға сенімді болсаңыз, жоба аяқталу күнін ертерек көрсетуге болады. Егер сіз өтініште жоба мерзімінде іске асыру үшін жеткілікті тәжірибеңіз бен мүмкіндіктеріңіз бар екенін көрсетсеңіз, бұл шешім қабылдауға әсер етпейді.8. Егер команданың мүшелері аналитикалық жазбалар мен white paper өздері жаза алса, олардың еңбекақысын төлеу керек пе?
Егер командаңызда аналитикалық жазбалар мен white paper өз бетімен жаза алатын сарапшылар болса және сізге сырттан кеңесші қажет болмаса, өтініште бұл туралы хабарлап, команда мүшесінің гонорарын жобаның бюджетіне енгізуіңіз керек.9. Деректер жинауға көмек көрсету үшін шалғай өңірлерден серіктестерді тартуға бола ма?
Иә, сіз ұйымдарды тартуға және оларды өтініште серіктес ретінде көрсетіп, не болмаса жеке тұлғаны тауып, қызмет көрсету туралы келісімшарт жасауыңызға болады.10. Егер өтініш берген кезде серіктес ұйымдардың атын нақты көрсетпесек, не істеуге болады?
Серіктестерді қаржыландыру келісімшартын жасамас бұрын анықтау маңызды, егер бұл мүмкін болмаса, IWPR өкілдерімен жұмыс барысында талқылау қажет.11. Жобаны жүзеге асыру үшін серіктестер болуы міндетті ме?
Серіктестер жобаны іске асыру үшін міндетті емес, бірақ егер сіздің тәжірибеңіз жеткіліксіз деп есептесеңіз, онда серіктестерді тарту қажет.12. Сарапшылар мен жобалардың жұмысы қалай ұйымдастырылады?
Жобаның команда мүшелері деректер жинауға оқытылады, деректер қажет өңірлерде жиналғаннан кейін, олар сарапшыларға беріледі, олар өз кезегінде жиналған деректер негізінде аналитикалық жазбалар мен/немесе white paper жазады. Команда сарапшымен байланыста болады, құжатты бақылап, ұсыныстар жасауға көмектеседі.13. Екі конкурсқа (жобаларды қаржыландыру конкурсы және сарапшылар конкурсы) бір уақытта өтініш бере аламыз ба?
Иә! Бірақ егер екеуінде де өтсеңіз, сарапшы ретінде сізді басқа командаға аналитикалық запискалар жазу үшін тағайындайды, мүдделер қақтығысын болдырмау үшін. Осы жағдайда, екі жоба бойынша жұмыс істейтіндігіңізді ескеріңіз, барлық жұмыстарды уақытында орындау үшін уақытыңызды дұрыс есептеңіз.14. Бір ұйым немесе инициативтік топ қанша рет өтініш бере алады?
Өтініштер саны шектелмеген, бірақ қаржыландырылатын тек бір жоба ғана болады.Барша қатысушыларға инфосессияға қатысқандары үшін қызықты сұрақтар қойғандары және белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз. Берілген жауаптардың сіздерге өтініштеріңізді дайындау мен жобаларыңызды іске асыруға көмектесетініне сенеміз. Егер сіздерде қосымша сұрақтар қалса, жобаның менеджеріне мына электронды пошта арқылы хабарласудан тартынбаңыз: aziza.mukhametova@iwpr.net.
Бұл FAQ өтініш беру процесін жеңілдету және жиі кездесетін қателіктерден аулақ болуға көмектесу үшін жасалды. Барлық конкурс қатысушыларына сәттілік!
Жобаларды қаржыландыру конкурсы туралы толығырақ ақпарат алу үшін мына жерді басыңыз.
Сарапшылар конкурсы туралы толығырақ ақпарат алу үшін мына жерді басыңыз.
Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.