© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Біз «Құқықтық қорғау және ымдау тілі бойынша» сарапшыларды, зерттеушілерді және талдаушыларды аналитикалық жазбалар (Policy briefs) мен White papers жазуға шақырамыз

Соғыс пен бейбітшілікті баяндау институтының (IWPR) Орталық Азия өкілдігі “Құқықтық қорғауды күшейту және мемлекеттік органдардың жұмысына ымдау тілін оқытуды енгізу” тақырыбы аясында policy briefs және white papers әзірлеу үшін сарапшыларды, зерттеушілерді және аналитиктерді іздестіру бойынша байқау жариялайды. Бұл бастама Еуропалық Одақ қаржыландыратын “Азаматтық қоғам Қазақстан үшін” (CS4K) жобасының аясында жүзеге асырылады.

Біз сарапшыларды, зерттеушілерді және аналитиктерді ымдау тілі қызметінің сапасын арттыру және есту қабілеті бұзылған адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталған осы маңызды әлеуметтік жобаға қатысуға шақырамыз. Жоба “Мақтаарал мылқаулар қоғамы” қоғамдық бірлестігі мен Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

Жобаның өзектілігі мен маңыздылығы

Жоба ымдау тіліне қолжетімділікті арттыру арқылы осал топтардың дискриминациясын және оқшаулануын азайтады. Ымдау тілі мамандары үшін сертификаттау жүйесі енгізіліп, есту қабілеті бұзылған адамдардың құқықтарын құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді. Талдау нәтижесінде қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірленеді. Бюрократиялық кедергілерді жою мен ашықтық арқылы осал топтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру жақсарады. Бұл жоба Қазақстанда инклюзивті қоғам құруға негіз болады.

Сарапшылардың негізгі міндеттері

1. Policy briefs:

  • Көлемі: 8 000–10 000 сөзден тұратын аналитикалық жазбаларды дайындау.
  • Мақсаты: Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ үшін құқықтық қорғауды жақсарту және ымдау тілін оқытуды енгізу бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу.
  • Ынтымақтастық: Жергілікті ҮЕҰ, IWPR CABAR редакторлары және профильдік серіктестермен жұмыс істеу.

2. White papers:

  • Көлемі: 20 000–30 000 сөзден тұратын кеңейтілген құжаттарды әзірлеу.
  • Мақсаты: Қазіргі кедергілерді терең талдап, құқықтық қорғау және ымдау тілін оқыту саласындағы ұзақ мерзімді стратегиялар мен ұсыныстарды әзірлеу.

Минималды талаптар:

  • Мемлекеттік саясат, адам құқықтары, әлеуметтік ғылымдар немесе ұқсас салаларда жоғары білім.
  • Саясатты талдау немесе құқық қорғау жұмыстары бойынша кемінде 3 жылдық тәжірибе.
  • Тиісті жарияланымдармен расталған аналитикалық дағдылар.
  • Орыс тілін еркін меңгеру (қазақ және ағылшын тілдерін білу артықшылық болып саналады).

Жұмыс шарттары:

Таңдалған сарапшылар “Мақтаарал мылқаулар қоғамы” қоғамдық бірлестігі, Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры және IWPR CABAR редакторларымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Жұмыс көлемі:

  • Қоғамдық ұйымдар (ҮЕҰ) жинаған деректер негізінде құқықтық қорғау және ымдау тілін оқытуға қатысты негізгі мәселелерді, әсіресе әйелдер, жастар, қарттар және есту қабілеті бұзылған жалғызбасты азаматтардың қажеттіліктеріне назар аудара отырып, жан-жақты талдау жүргізу.
  • Ымдау тілі қызметтерінің сапасын жақсарту, оған қолжетімділікті арттыру және мамандарды сертификаттау механизмдерін құруға бағытталған policy briefs және/немесе white papers дайындау.
  • Ымдау тілі қызметтерін көрсету барысындағы бар олқылықтарды жою және есту қабілеті бұзылған адамдардың мүдделерін қорғау үшін құқықтық тетіктерді жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу.
  • Жергілікті жағдайды терең түсіну және нәтижелерді тарату стратегиясын әзірлеу үшін “Мақтаарал мылқаулар қоғамы” қоғамдық бірлестігі мен Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорымен ынтымақтастықта жұмыс істеу.
  • Инклюзивті шешімдерді мемлекеттік саясатқа енгізуге бағытталған жоғары сапалы, мақсатты аудиторияға бейімделген құжаттарды дайындау үшін IWPR CABAR редакторларымен өзара әрекеттесу.

Қатысудың артықшылықтары:

  • Жергілікті және халықаралық серіктестермен маңызды әлеуметтік жобада жұмыс істеу мүмкіндігі.
  • CABAR.Asia платформасында кең аудитория үшін жарияланымдар жасау.
  • Орындалған жұмыс үшін қаржылық сыйақы алу.
  • Сарапшылар жеке немесе команда құрамында өтінім бере алады; бірақ әрбір дайын құжат үшін сыйақы мөлшері белгіленген.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

2024 жылғы 31 желтоқсан, Алматы уақыты бойынша 23:00.

Өтінім беру тәртібі:

Қатысу үшін damira@iwpr.net электрондық поштасына келесі құжаттарды жіберіңіз:

  1. Резюме.
  2. Мотивациялық хат.
  3. Екі ұқсас жұмыс үлгісі және/немесе сізбен бұрын жұмыс істеген ұйымдардың екі ұсыныс хаты.

Бізге қосылыңыз және адамдардың өмірін өзгертетін, инклюзивті қоғам құруға үлес қосатын жобаның бір бөлігі болыңыз!


Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: