© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

IWPR және «ИНМИР» ҚҚ Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Азаматтық қоғам Қазақстан үшін» жобасы аясында өткізілген воркшоптардың қорытындылары

2025 жылғы мамыр мен қараша айлары аралығында IWPR және «ИНМИР» Қоғамдық Қоры адам құқықтары саласындағы адвокациялық жобаларды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған 10 практикалық воркшоп өткізді. Бұл іс-шаралар «Азаматтық қоғам Қазақстан үшін» (CS4K) жобасы шеңберінде Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен ұйымдастырылды.

Воркшоптар Қазақстанның сегіз қаласында өтті: Алматы, Ақтау, Қызылорда, Павлодар, Шымкент, Теміртау, Ақтөбе және Астана қалаларында. Бұл іс-шаралар жобаның қаржыландыруын алған ұйымдарға кешенді қолдау көрсетудің бір бөлігі болып табылады және олардың адвокациялық әлеуетін арттыруға, іске асырылып жатқан бастамалардың тиімділігін жоғарылатуға, сондай-ақ тұрақты әріптестіктер мен коалицияларды қалыптастыруға бағытталды.

Тақырыптар мен тәсілдер

Әрбір воркшоп топтардың практикалық жұмысына бағытталды.

Воркшоп қатысушылары ретінде қаржыландыру алушылар мен олардың серіктес ұйымдары қатысты, бұл науқанның ішкі логикасын ғана емес, ұйымдар арасындағы өзара әрекеттестікті де дамытуды қамтамасыз етті.

Бағдарлама топтарға зерттеулеріне және әзірлеген policy briefs пен white papers негізінде практикалық, шынайы және құрылымды кампаниялар әзірлеуге көмектесуге бағытталды.

Қатысушылар не істеді:

  • Policy briefs/white papers логикасын қайта тексерді;
  • Адвокация мақсаттарын нақтылап, күтілетін нәтижелерді белгіледі;
  • Кешенді стейкхолдер талдауын жүргізді;
  • Коалиция немесе команда ішіндегі рөлдерді бөлді;
  • Кампания стратегиясы мен тактикасын таңдады;
  • Әртүрлі аудиториялар үшін негізгі хабарламаларды қалыптастырды;
  • Іс-шаралар жол картасы мен контент жоспарын жасады.

Әр команда зерттеу тақырыбы, жергілікті контекст пен ұйымның нақты қажеттіліктерін ескеретін бейімделген бағдарлама бойынша жұмыс істеді.

Воркшоптардың нәтижелері

  • 10 команда құрылымды әрі шынайы адвокациялық кампания жоспарларын әзірледі;
  • Жол карталары, стейкхолдер матрицалары, тактикалық жоспарлар, контент жоспарлары және хабарлама базалары құрылды;
  • Қатысушылар коалиция модельдерін және рөлдерді бөлу туралы түсініктерін нығайтты;
  • Стратегиялық талдау, коммуникация және жоспарлау дағдылары артты.

Қатысушылар практикалық бағыттылықты, жеке тәсілді және нақты құжаттармен жұмыс істеу мүмкіндігін жоғары бағалады. Көпшілігі формат науқандардың мақсаттарын нақтылауға, ықтимал тәуекелдерді көруге және әрекеттердің шынайы траекториясын қалыптастыруға көмектескенін атап өтті.

«Воркшоп достық атмосферада өтті. Қысқа уақыт ішінде көптеген мәселелер талқыланды және қажетті материалдар дайындалды», Тулепова Мадина Ерғалиевна, Бастаманы қолдау» ҚҚ.

«Бұл қысқа уақыт ішінде үлкен нәтижелерге жеткен тамаша жұмыс болды. Біз әрі қарай да адвокациялық кампанияларды ұйымдастыру мен өткізу саласында білімімізді жетілдіруге дайынбыз. Жетістіктер тілейміз және азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамыз»,Кравченко Максим Александрович, Павлодар облысының Азаматтық альянсы.

«Жалпы алғанда, тренинг адвокация стратегиясын әзірлеу, кампания нәтижелерімен байланысты негізгі ойыншыларды анықтау тұрғысынан маған өте ұнады. Зерттеуіміздегі «ақ дақтарды» айқын көрдім және оған қандай қосымша ұсыныстар енгізуге болатынын түсіндім. Жалпы, бұл адвокация жоспарына менторлықпен басқа қырынан қараудың жақсы мүмкіндігі болды», Реймер Роман Евгеньевич, «Еркіндік қанаты» ҚҚ.

Өткізілген воркшоптар азаматтық қоғамның тұрақтылығын арттыруға және қоғамдық маңызды өзгерістер саласындағы жобаларды жүзеге асыратын жергілікті ұйымдарға қолдау көрсетуге маңызды үлес қосты. «ИНМИР» ҚҚ мен IWPR өз бастамаларын іске асырудың барлық кезеңдерінде қатысушыларға сараптамалық және әдістемелік қолдау көрсетуін жалғастырады.


Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: