© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Геоботаникалық зерттеулер мен жайылымдарды басқару саласында white paper жазу үшін сарапшыларды, зерттеушілерді және талдаушыларды шақырамыз

Соғыс пен бейбітшілікті баяндау институтының (IWPR) Орталық Азия өкілдігі Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Азаматтық қоғам Қазақстан үшін” (CS4K) жобасы аясында эксперттерге, талдаушыларға және зерттеушілерге арналған White Paper (сараптамалық баяндама) әзірлеуге конкурс жариялайды.

Тақырыбы:

«Жер және әділеттілік: Павлодар облысындағы ауылдық қауымдастықтарды қолдау»

Біз өңірдегі әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге үлес қосуға дайын мамандарды іздейміз. Жоба ауыл шаруашылығын қалпына келтіруге, мал және егін шаруашылығына қолайлы жағдай жасауға, табиғи ресурстарды қорғауға және ауылдық қауымдастықтардың құқықтарын нығайтуға бағытталған.

Мәселенің өзектілігі:

Павлодар облысы бірқатар маңызды мәселелермен бетпе-бет келуде:

  • жайылымдардың тозуы;

  • жер ресурстарына қолжетімділіктің шектеулілігі;

  • экологиялық қатерлер;

  • әлеуметтік теңсіздік.

Жобаның мақсаты:

  • Жер ресурстарын басқаруды жақсарту;

  • Тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту;

  • Өңір экожүйесін қалпына келтіру.

Эксперттердің міндеттері:

White Paper әзірлеу:

  • 8 000–15 000 сөз көлеміндегі егжей-тегжейлі, деректерге негізделген сараптамалық құжат дайындау;

  • Мәселені талдап, оның себептерін анықтау және барлық мүдделі тараптарға (мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, халықаралық ұйымдар) арналған ұсынымдар әзірлеу;

  • Құжаттар жергілікті ҮЕҰ, IWPR CABAR редакторлары және тақырыптық серіктестермен бірлесіп дайындалады.

Қойылатын минималды талаптар:

  • Экология, әлеуметтік ғылымдар немесе ұқсас салалар бойынша жоғары білім;

  • Саясатты талдау немесе құқық қорғау саласында кемінде 3 жылдық жұмыс тәжірибесі;

  • Зерттеу және сараптамалық басылымдар дайындау дағдылары;

  • Орыс тілін еркін меңгеру (қазақ және ағылшын тілдерін білу артықшылық болып саналады).

Жұмыс шарттары:

Таңдалған сарапшылар «Павлодар облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігімен және IWPR CABAR.Asia редакторларымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Жұмыстың көлемі:

  • Қоғамдық ұйымдар жинаған деректер негізінде жер және экология мәселелері бойынша жан-жақты талдау жүргізу;

  • Павлодар облысында тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға және экожүйені қалпына келтіруге бағытталған White Paper дайындау;

  • Заңды тұлға мәртебесі жоқ ауыл тұрғындарына (шаруа қожалықтары, ЖШС, ЖК тіркелмеген) арналған органикалық ауыл шаруашылығын (мал және егін шаруашылығы) жүргізу бойынша ұсынымдар әзірлеу;

  • Жергілікті контексті терең түсіну және нәтижелерді тарату стратегиясын қалыптастыру үшін «Павлодар облысының Азаматтық альянсы» сияқты ҮЕҰ-мен ынтымақтасу;

  • IWPR CABAR.Asia редакторларымен бірлесіп, мақсатты аудиторияға бейімделген және мемлекеттік саясатта қолдануға жарамды сапалы құжаттар дайындау.

Қатысудың артықшылықтары:

  • Маңызды әлеуметтік жобамен жұмыс істеу мүмкіндігі (жергілікті және халықаралық серіктестермен);

  • Құжаттардың CABAR.Asia платформасында жариялануы және кең аудиторияға қолжетімділігі;

  • Сарапшылар жеке де, команда құрамында да өтініш бере алады; бірақ әрбір дайын құжатқа берілетін сыйақы мөлшері белгіленген.

Өтініш беру мерзімі:

2025 жылғы 20 сәуір, Алматы уақытымен 23:00-ге дейін

Қалай өтініш беруге болады:

Келесі құжаттарды damira@iwpr.net электрондық поштасына жолдау қажет:

  1. Резюме ;

  2. Мотивациялық хат;

  3. Ұқсас жұмыстардың екі үлгісі және/немесе бұрынғы әріптес болған ұйымдардан екі ұсыным хат.


    Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: