Соңғы жылдары Қазақстандағы азаматтық қоғам шаршау мен белгісіздік жағдайында жұмыс істеп, бей-берекет өзгеріп отыратын ережелерге тап болды. Соған қарамастан, адамдар түрлі қалаларда түрлі тақырып төңірегінде бірігіп, маңызды мәселелерді көтеріп, өзгеріске қол жеткізіп жатыр. 24–25 қыркүйекте Алматыда өтетін CS4K жобасының «Мән-мағынаға қайта үңілетін уақыт» қорытынды конференциясында қиындықтарға қарамастан ісін жалғастырып, өзгерістерге ықпал етіп жүрген адамдар мен олардың тәжірибесі туралы әңгімелесеміз.
Екі күн бойы ашық пікір алмасып, бір-біріміздің тәжірибемізбен танысамыз: бастамалардың неден басталғаны, қандай қиындықтарға тап болғаны, ненің нәтиже бергені, ненің нәтиже бермегені және ең бастысы — нәтиже бірден көрінбегенде жұмысты жалғастыруға не көмектесетіні туралы сөйлесеміз. Бағдарламада ашық пікірталас, live podcast форматындағы сарапшылар алаңы, World Café және Қазақстандағы азаматтық қоғамның болашағын жан-жақты талқылауға мүмкіндік беретін басқа да қызықты сессиялар бар. Толық бағдарлама кейінірек жарияланады.
Қайда өтеді: Алматыда — офлайн, Zoom арқылы — онлайн
Қашан: 2026 жылғы 24–25 қыркүйек
Кімдерге арналған: ҮЕҰ және азаматтық қоғам өкілдерін, құқық қорғаушыларды, адвокаси бастамалардың өкілдерін және қоғамдық мәселелерге бейжай қарамайтын қазақстандықтарды қатысуға шақырамыз.
Тіл: қазақ және орыс тілдері (синхронды аударма)
Қалай қатысуға болады: конференцияға қатысу тегін. Алдын ала осы сілтеме бойынша тіркелу қажет.
Назар аударыңыз: офлайн қатысуға арналған орын саны іс-шара өтетін залдың сыйымдылығына байланысты шектелген.
Ұйымдастырушылар конференцияға келу-кету және сапарға байланысты басқа да шығындарды өтемейді. Басқа қалалардан қатысатындарға конференцияға онлайн қатысуды ұсынамыз.Белгісіздік басым кезеңде ең негізгісін — адамдарды, байланыстарды, жинақталған тәжірибені және атқарып жүрген ісіміздің мәнін жоғалтпау ерекше маңызды. Кездесейік, тәжірибемізбен бөлісейік, бір-бірімізді жігерлендіріп, шабыттандырайық.
Мәнді сақтайтын кез. Тіпті алға жылжу бұрынғыдан да қиын болғанда да.
Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.
