Соғыс пен бейбітшілікті баяндау институтының (IWPR) Орталық Азиядағы өкілдігі сарапшыларды, зерттеушілерді және талдаушыларды Еуропа Одағы қаржыландыратын «Азаматтық қоғам Қазақстан үшін» (CS4K) жобасы аясында басым мәселелер бойынша аналитикалық жазбалар мен white papers дайындау үшін жергілікті азаматтық қоғам ұйымдарымен (АҚҰ) бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.
Жобаның жалпы мақсаты – азаматтық қоғамның күш-жігері арқылы Қазақстанда негізгі бостандықтар мен құқықтарды ілгерілету. Жоба нақты екі мақсатқа қол жеткізуге ықпал етеді: 1) Азаматтық қоғам ұйымдарының (АҚҰ) адам құқықтарын қорғау/эдвокаси бойынша жергілікті жобаларды дамыту және әлеуметтік өзгерістер үшін әлеуетін арттыру; 2) Қоғам мен негізгі инфлюенсерлер арасында тиімді басқаруға қолдау көрсету.
Осылайша, IWPR ОА мына іс-шаралар бойынша ынтымақтастық үшін білікті сарапшыларды іздейді:
- Аналитикалық жазбалар (Policy briefs)
Мақсаты: Бостандықтар мен адам құқықтары, әсіресе әйелдер мен жастар құқығы саласындағы азаматтық қоғам ұйымдары (АҚҰ) анықтаған маңызды мәселелер бойынша сенімді әдіснама әзірлеу және аналитикалық жазбалар дайындау үшін өңірлерде жиналған деректерді пайдалану.
Көлемі: шамамен 8000-10000 сөз.
Аналитикалық жазбалар жергілікті АҚҰ және IWPR CABAR редакторларымен тығыз ынтымақтастықта дайындалады.
Нәтижесі: Саясаткерлерге, қауымдастық мүшелеріне және басқа да мүдделі тараптарға таратылатын, түсінуге жеңіл аналитикалық жазбалар дайын болады. Тарату стратегиялары әр құжатқа бейімделеді және мақсатты брифиңдер мен бар форумдардағы презентацияларды қамтуы мүмкін.
White papers
Мақсаты: Аналитикалық жазбаларда көтерілген мәселелерді егжей-тегжейлі зерттейтін, саяси олқылықтарды талдайтын және өз әдістемесін пайдалана отырып, оларды шешу тәсілдерін ұсынатын white papers әзірлеу.
Көлемі: шамамен 20 000-30 000 сөз.
Құжаттар IWPR тобымен және АҚҰ тығыз ынтымақтастықта дайындалады.
Нәтижесі: Аймақтағы 2 миллионнан астам аудиториясы бар сенімді дереккөз CABAR.Asia сайтында қолжетімді толыққанды white papers дайын болады.
Ең төменгі талаптар:
- Білімі: мемлекеттік саясат, халықаралық қатынастар, адам құқықтары, саясаттану, экономика немесе әлеуметтік ғылымдар сияқты тиісті саладағы жоғары білімі (бакалавр, магистратура немесе PhD) бар.
- Кәсіби тәжірибе: саясатты талдау, зерттеу немесе адам құқықтарына қатысты тақырыптар бойынша кемінде 3 жыл кәсіби тәжірибесі бар.
- Зерттеу машықтары: беделді журналдарда, есептерде немесе саясатты талдау мен зерттеуге қатысты басқа платформаларда жариялау тәжірибесі мен күшті зерттеу және аналитикалық машықтары бар.
- Тіл меңгеру: Орыс тілінде еркін сөйлейді. Қазақ және ағылшын тілдерін білу артықшылық болады.
Қаламақы:
- Таңдалған үміткерлер қызметтері үшін қаламақы алады.
- Сарапшылар өтінішті жеке немесе топ құрамында бере алады; алайда қаламақы әр толтырылған құжат үшін бекітіледі.
Жұмыс көлемі:
- АҚҰ жинаған деректер негізінде сарапшылар гендерлік және жастар мәселелеріне назар аудара отырып, АҚҰ анықтаған адам құқықтарының негізгі мәселелеріне жан-жақты талдау жүргізуі керек;
- Жиналған деректердің сапасына қарай сарапшы/топ таңдалған тақырып бойынша аналитикалық жазбалар да, white papers те дайындауы керек;
- Жақсы құрылымдалған және ақпараттанған, мәселелерді/сұрақтарды шешу бойынша ұсыныстарды қамтитын жоғары сапалы құжаттар дайындау;
- Жергілікті контексті жақсырақ түсіну және нәтижелерді тарату стратегияларын анықтау үшін АҚҰ ынтымақтасу;
- Аналитикалық жазбалар/white papers оңай сіңімді болуын және көзделген аудиторияға бейімделуін қамтамасыз етуге құрылым, тәсіл және мазмұн бойынша кеңес алу үшін IWPR CABAR редакторларымен ынтымақтастықта жұмыс істеу.
Пайдасы:
- Аргументтерді және ұсыныстарды тұжырымдау машықтарын жетілдіру.
- Көзделген аудиторияны анықтауды жақсырақ түсіну.
- Жергілікті қоғам мен халықаралық ұйым өкілдерімен жоғары ынтымақтастық үдерісіне қатысу.
- Қорытынды құжаттарды сabar.asia сайтында 3 тілде жариялау және оларды мүдделі тұлғалар арасында тарату.
Қалай өтініш беруге болады?
Егер сіз өз салаңыздың сарапшысы болсаңыз, саясатты талдауға және өзгеріс жасауға құмар болсаңыз, біз сізді өтініш беруге шақырамыз. Бұрыннан жинақталған деректерге сүйене отырып, саясатқа әсер ететін және Қазақстандағы оң өзгерістерге әкелетін маңызды аналитикалық жазбалар мен white papers дайындауға қосылыңыз.
Ұсынылған жұмыстардың ұзақтығы 2025 жылдың қаңтарынан басталатынын ескеріңіз.
Өтінім беру мерзімі: 31 қазан, 2024 жыл
Мүдделі кандидаттар мына құжаттарды aziza.mukhametova@iwpr.net е-поштасына жіберуі қажет:
- Түйіндеме;
- Мотивациялық хаты;
- Осыған ұқсас сипаттағы алдыңғы екі (2) жоба/құжат және/немесе сарапшы бұрын бірлесіп жұмыс істеген ұйымдардан екі (2) ұсыным хат.
Қаржыландыруға немесе өтінім беру рәсіміне қатысты сұрақтарыңызды талқылау үшін 2024 жылғы 24 қыркүйек күні, Алматы уақытымен 15:00-де қосымша онлайн ақпараттық сессия өтеді.
Қатысу үшін, 2024 жылғы 23 қыркүйек күні , Алматы уақытымен 18:00-ге дейін сілтеме арқылы тіркелуіңізді сұраймыз. Қосылу сілтемесі тіркелген қатысушылардың барлығына жіберіледі.
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.