Соғыс пен бейбітшілікті баяндау институты (IWPR) «Еркіндік Қанаты» ҚҚ-мен бірлесе отырып, сіздерді 2024 жылғы 28 қарашада сағат 15:00-де Астана қаласында өтетін «Жоба қорытындылары және тұрақтылық стратегиясы» атты қорытынды оффлайн іс-шараға қатысуға шақырады. Іс-шара Еуропалық Одақ қаржыландыратын « Цензурасыз Қазақстан » жобасы аясында өтеді. Жобаның мақсаты – Қазақстанда сөз бостандығы мен цифрлық құқықтарды ілгерілету және қорғау, сондай-ақ қазақстандықтарға өз құқықтары туралы сенімді ақпарат беру.
Іс-шара туралы: Бұл жоба бойынша қорытынды шара болып табылады, онда қол жеткізілген нәтижелер қорытындыланып, жобаның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша келесі қадамдар талқыланады. Бағдарламада презентациялар, Қазақстандағы сөз бостандығы тақырыбына арналған панельдік пікірталас, пікір алмасу және желі құруға арналған кофе-брейктер қарастырылған.
Ерекше белсенді және мұқият қатысушыларға іс-шараға қатысуды жағымды ететін арнайы сыйлықтар дайындалған. Сонымен қатар, іс-шараның негізгі бөлігі аяқталғаннан кейін, қалағандар жобада психологтың қатысуымен әзірленген ерекше үстел ойынына қатыса алады. Бұл өзін-өзі цензуралауға арналған ойын қатысушыларға ойлары мен әрекеттерін бақылаудың және бағыттаудың маңыздылығын тереңірек түсінуге көмектеседі және өзін-өзі жақсырақ тануға мүмкіндік беретін көптеген қызықты әрі пайдалы сәттерді ұсынады. Сонымен бірге, тек ойынға келгісі келетіндер үшін тіркелу мүмкіндігі болады.
Қатысуға кімдер шақырылады? Біз белсенділерді, азаматтық қоғам мен ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ жобада қатысқан немесе Қазақстанда сөз бостандығы мен цифрлық құқықтарды қорғау мәселелеріне қызығушылық танытатын кез келген адамды шақырамыз.
Қалай қатысуға болады? Қатысу үшін алдын ала осы сілтеме арқылы тіркелу қажет. Барлық тіркелген қатысушыларға бағдарлама мен іс-шараның егжей-тегжейі көрсетілген электрондық хат жіберіледі.
Іс-шара тілі: орысша.
Форматы: оффлайн. Өтетін орны: Астана.Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.