© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Қаржыландыру байқауы туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Соғыс пен бейбітшілікті баяндау институты (IWPR) «Ұлттық және халықаралық даму бастамалары институты» ҚҚ («ИНМИР» ҚҚ) бірлесіп жүзеге асыратын, Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Азаматтық қоғам Қазақстан үшін (CS4K)» жобасы аясында қаржыландыруға байқау жариялайды.

  1. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Соғыс пен бейбітшілікті баяндау институты (IWPR) «Ұлттық және халықаралық даму бастамалары институты» ҚҚ («ИНМИР» ҚҚ) бірлесіп жүзеге асыратын, Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Азаматтық қоғам Қазақстан үшін (CS4K)» жобасы аясында қаржыландыруға байқау жариялайды.

Жобаның мақсаты – азаматтық қоғамның күш-жігері арқылы Қазақстандағы бостандықтар мен құқықтарды ілгерілету.

Қазақстандағы теңдік жөніндегі халықаралық міндеттемелерден артта қалу, негізгі бостандықтар мен құқықтарды қорғау жөніндегі саясат пен заңнаманы іске асыруын қадағаламау сынды мәселелер және азаматтық қоғамның анағұрлым әділ, демократиялық және ашық қоғамға қарай өзгерістер жолындағы тұрақты қиындықтары, сондай-ақ құқықтық және операциялық кедергілер, пікір еркіндігін шектеу, азаматтық секторға қоғамдық сенімнің азаюы әлсіз дауысты күшейтіп, дұрыс шешім қабылдау үшін қолдауды жұмылдыра алатын білікті және бірлескен азаматтық қоғамның қажеттілігін арттырады.

 

  1. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МАҚСАТЫ

IWPR Қазақстанның азаматтық қоғамының әлеуетін арттыру, әлеуметтік өзгерістер үшін жергілікті адам құқықтары/эдвокаси жобаларын әзірлеу және тиімді басқару тәжірибесін қолдау мақсатында қазақстандық азаматтық қоғам өкілдеріне мына кезеңдерді қамтитын жобаларды іске асыру үшін қаржылай және техникалық қолдау көрсетеді:

  1. зерттеулер жүргізу, оның барысында өз аймақтарындағы адам құқықтарын қорғау саласындағы қажеттіліктер мен басымдықтарды айқындайтын деректерді жинау және талдау қажет. Деректерді жинау және талдау үшін әдістеме беріліп, оқыту трениңі өтеді. Жиналған деректер аналитикалық жазбалар жазуға және адвокациялық науқан жүргізуге негіз болады. Зерттеу тақырыбы адам құқықтарымен байланысты болуы керек, әйелдер мен жастар құқықтары саласындағы тақырыптарға басымдық беріледі.
  2. зерттеу барысында жинақталған деректер негізінде сарапшылармен бірге аналитикалық жазбалар (policy briefs) мен white papers әзірлеу.Сарапшылар, сондай-ақ аналитикалық жазбалар (policy briefs) және white papers құрастыру мен аудару IWPR есебінен төленеді, қаржыландыру қаражатынан емес. Құжаттардың мысалдарын мына сілтемелерден көруге болады:

https://cabar.asia/ru/analiticheskaya-zapiska-ot-dobychi-resursov-k-grazhdanskomu-nepovinoveniyu-ponimanie-ekologicheskih-protestov-v-zolotodobyvayushhem-sektore-kyrgyzstana;

https://cabar.asia/ru/vliyanie-propagandy-bolshih-derzhav-na-bezopasnost-v-tsentralnoj-azii-v-kontekste-tadzhikistana

https://cabar.asia/ru/natsionalnye-strategii-tsifrovizatsii-gosudarstv-tsentralnoj-azii-vyzovy-i-vozmozhnosti

  1. адам құқықтары (әсіресе әйелдер мен жастардың құқықтары) саласында адвокациялық науқан жұмыстарын жүргізу.

 

  1. КІМ ӨТІНІМ БЕРЕ АЛАДЫ?

Өтінім беруге құқылы:

  • Қазақстанда тіркелген азаматтық қоғам ұйымдары (АҚҰ, ҮЕҰ, КЕҰ);
  • Қазақстанның бастамашыл топтары (бастамашыл топтың көзқарасын құптайтын, тіркелген ҮЕҰ-мен серіктестікте өтінім беру ұсынылады. Егер бастамашыл топ өз атынан өтінім бере алатын серіктес ұйымды анықтай алмаса, бастамашыл топтың өкілі жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелу арқылы өз атынан немесе топ атынан өтінім бере алады;

Ауылдағы/шалғайдағы ұйымдар мен бастамашыл топтарға басымдық беріледі.

 

  1. ЖОБАЛАРДЫҢ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ СОМАСЫ

Жобаның ұзақтығы: 2024 жылдың қазаны – 2026 жылдың шілдесі.

Бір жобаны қаржыландыру сомасы: 12 000 еуро.

Қаржыландырылатын жобалар саны: 10.

 

  1. ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ПАЙДАЛАНУ

Қаржыландыруды құрылыс, жылжымайтын мүлік сатып алу, алкогольдік ішімдіктер, ойын-сауық шығындары, бизнес не бірінші дәрежелі саяхат немесе қарызды өтеу сияқты шығындарға пайдалануға болмайды. Жобаны жүзеге асыруға тікелей қатысы жоқ жалақы және кеңсе шығындары (жалдау ақысы, коммуналдық қызметтер және т.б.) өтелмейді.

Жобаның бюджеті еуромен (EUR) ұсынылуы керек, алайда жобаның құны төлем жіберілген күнгі банк бағамы бойынша алушыға Қазақстан теңгесінде (KZT) келісілген төлем кестесіне сәйкес төленеді.

 

  1. ҚАЛАЙ ӨТІНІМ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

Барлық мүдделі үміткерлер (3-бөлімде көрсетілген параметрлерге сәйкес) өтінім формасын толтырып, (сілтеме) 2024 жылдың 6 қазанына дейін (қоса алғанда) aziza.mukhametova@iwpr.net е-поштасына жіберуі қажет.

Өтінімдер қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде қабылданады.

Ұйымдар іріктелген жағдайда мына қосымша құжаттарды ұсынуы қажет:

  • ҮЕҰ тіркеу туралы сертификат, куәлік немесе анықтаманың сканерленген көшірмесі (тек ұйымдар үшін);
  • Жарғының сканерленген көшірмесі (тек ұйымдар үшін);
  • салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың сканерленген көшірмесі;
  • банк шотын растау және оның деректемелері;
  • жобаны жүзеге асырушы негізгі мүшелерінің жеке куәлігінің көшірмесі.

IWPR қосымша құжаттарды сұрату құқығы бар. Қосымша ақпарат және/немесе құжаттама не өтінім бойынша түсініктеме қажет болған жағдайда өтінім берушіге жазбаша түрде хабарланады.

 

  1. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Іріктеу процесі ашық және бәсекелі. Өтінімдер мына критерийлер негізінде бағаланады:

  1. Өтінімнің байқау басымдықтарына және «Азаматтық қоғам Қазақстан үшін (CS4K)» жобасына сәйкестігі;
  2. Жоба дизайнының толықтығы мен негізділігі;
  3. Жобаның белгіленген уақыт шеңберінде нақты және өлшенетін нәтижелерге қол жеткізуі;
  4. Жобаны жүзеге асыру үшін жеткілікті ресурс пен тәжірибенің болуы;
  5. Жоба бюджетінің негізділігі;
  6. Жоба сомасы 12 000 еуродан аспауы керек;
  7. Жобада міндетті түрде құқықтарды қорғау саласындағы қажеттіліктер мен басымдықтарды айқындайтын зерттеулер жүргізу, сондай-ақ құқықтар мен бостандықтарды қорғау саласында адвокациялық науқан жұмыстарын жүргізу керек.

Барлық өтінім берушілерге шешім туралы жазбаша хабарланады. IWPR бас тарту себептерін жарияламау құқығы бар.

Қаржыландыру байқауына қатысты кез келген сұрақтарды хат түрінде aziza.mukhametova@iwpr.net е-поштасына жіберу керек.

 

ӨТІНІМ БЕРУДІҢ МЕРЗІМІ

Барлық мүдделі үміткерлер өтінім формасын толтырып, (сілтеме) 2024 жылдың 6 қазаны, Алматы уақыты бойынша 23:59-ға дейін aziza.mukhametova@iwpr.net е-поштасына жіберуі қажет.

 

Қаржыландыруға немесе өтінім беру рәсіміне қатысты сұрақтарыңызды талқылау үшін 2024 жылғы 24 қыркүйек күні, Алматы уақытымен 15:00-де қосымша онлайн ақпараттық сессия өтеді.

Қатысу үшін, 2024 жылғы 23 қыркүйек күні , Алматы уақытымен 18:00-ге дейін сілтеме арқылы тіркелуіңізді сұраймыз. Қосылу сілтемесі тіркелген қатысушылардың барлығына жіберіледі.

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар


Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: