© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Қазақстандық журналисті өлтіруге тапсырыс бергендер табыла ма?

Қастандық жасалғаннан кейін 2024 жылдың екінші шілдесінде қазақстандық журналист Айдос Садықов көз жұмды. Айдос Садықовты кім әрі неге өлтірді, оны өлтіруге тапсырыс бергендер табыла ма? – CABAR.asia талдап көрді.

2024 жылдың 18-маусымында Киевте оппозиция журналисі «Бәсе» Youtube- және Telegram-арнасының авторы Айдоса Садықовқа қастандық жасалды. Зайыбы Наталья Садықованың сөзінше, оқиға өз үйінің ауласында болған. Журналистің басына атылған оқ, самайға тиіп, миды зақымдаған. Натальяның өзі зардап шекпеген.

Айдос Садықов кім еді
Айдос Садықов кім еді.  Айдос Садықов пен Наталья Садықова – аудиториясы миллионнан асатын «Бәсе» YouTube және Telegram-арналарының авторы. «Бәсе» Қазақстандағы қоғамдық-саяси оқиғалар, әсіресе наразылық қозғалыстар туралы хабар таратады. Садықовтың өзі де қоғам қайаткері болды, бірнеше рет наразылық акциясын өткізді. Айдос Садықов саяси мәселелерге байланысты қылмыстық қудалауға ұшырады.  2010 жылы оны бұзақылық жасады деп айыптап екі жылға бас бостандығынан айырған болатын. Садықов пен медиазаңгерлер бұл қылмыстық іс қолдан ұйымдастырылған деп атады.

Бұрынғы парламент депутаты Марал Итеғұловтың шағым түсіруі бойынша Натальяға қатысты қылмыстық іс қозғалғандықтан, 2014 жылы Айдос пен Наталья Садықовтар Украинада бас сауғалаған болатын. Итеғұловтың айтуынша, Садықова лақап ат жамылып, ол туралы «жалақорлық материал» жазған. Украинада Садықовтар босқын мәртебесін алды. 2023 жылдың күзінде Қазақстан өкіметі әлеуметтік араздық туғызды деп айыптап, Садықовтарға іздеу жариялады.

Айдосты қалай өлтірген 

Украина Бас прокуратурасының хабарлауынша, 2024 жылдың 18 маусым күндіз журналист пен оның әйелі отырған көлікке біреу жүгіріп келіп, Садықовты атқан. Күдіктілердің аты-жөні 21 маусым күні жария болды. Олар Қазақстанның екі азаматы – Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаев.

Украин құқық қорғаушыларының нұсқасы бойынша, Жақанбаев пен Қаратаев Польшадан Украинаға 2 маусым күні келіп, Садықовтың ізінен аңди бастаған. Күдіктілер көлік сатып алған, Садықовтың пәтеріне жақын жерден баспана жалдаған және оның күні қалай өтетінін зерттеген. Қылмысты жасаған соң, олар Молдоваға қашып кеткен.

21 маусым күні екі күдіктіге де халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Ал, келесі күні Жақанбаев полицияға өзі берілген және Қазақстанда.

Azattyk журналистері Жақанбаев пен Қаратаев Қазақстанның күштік құрылымдарына қатысы болуы мүмкін екені  анықтады.  Қазақстан ІІМ Қаратаев ішкі істер органдарынан 2019 жылдың қаңтар айында кеткенін және «қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін» мәлімдеді.

Наталья Садықова жұбайының өлімін оның кәсіби қызметімен байланыстырады. Оның пікініше, бұл оқ «Бәсе» Youtube-арнасында жарияланған сыни материалдарға берілген жауап.

«Бұл қастандыққа тапрысыс берген – Қазақстан презденті Тоқаев екеніне сенімдімін», – деп жазды ол маусымда жариялаған жазбасында.

Айдос Садықов. Фото: Facebook-тағы жеке аккаунты

2 шілде күні Наталья Садықова өзінің Facebook парақшасында жұбайы қайтыс болғанын хабарлады. Журналист 56 жаста еді.

«Бүгін Киев уақытымен сағат 3:00 Айдос Садықов бізді тастап кетті. Менің ардақты күйеуім, үш баламыздың әкесі, қазақ халқының ұлы перзенті. Айдос Қазақстан үшін өз өмірін берді, киллердің қолынан ауыр да азапты өлім құшты. Айдос 13 күн бойы жан сақтау бөлімінде өмір үшін күресті, алайда ғажайып сәт тумады. Оның өлімі Тоқаевтың арына сын», — деп жазды Наталья. 

Журналистің өлімі туралы ақпараттан соң Украина Бас прокуратарсы өлтіру үшін қастандық жасау бойынша қозғалған істі бір топ адамның алдын-ала сөз байласуы мен тапсыры бойынша іске асырылған, қасақана кісі өлтіру бабына ауыстырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Киевтегі қастандық оқиғасына пікір білдіріп, тергеу жүргізу барысына Қазақстан тарапы көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Кейін сенат спикері Мәулен Әшімбаев кісі өлтірді деп күдікке ілінген Жақанбаевты Қазақстан тарапы Украинаға бермейтінін мәлімдеді.

«Еліміз заңнамасына сәйкес біздің республика өз азаматтарының құқықтарына басымдық береді. Сондықтан мұндай жағдайларда біздің еліміз заңнамасына сәйкес Қазақстан азаматтарын бермейді. Бұл осы жағдайға ғана қатысты емес, жалпы принцип: Қазақстан өз азаматтарын өзге мемлекеттерге бермейді», – деді Әшімбаев 27 маусым күні сенат кулуарында.

Джохар Өтебеков. Фото: Facebook-тағы жеке аккаунты

CABAR.asia порталына берген пікірінде адвокат Джохар Утебеков, Қазақстан Конституциясында кез-келген жағдайда, тіпті қылмыстық қудалау болса да, өз азаматтарын өзге мемлекеттерге беруге тиым салынғанын айтады.

«11 баптың 1 тармағында былай деп жазылған: «Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды»,-деп Конституция бабын көрсеткен Утебеков, халықаралық келісім негізінде өз азаматтарын өзге мемлекетке берген жағдайлардан хабарсыз екенін жеткізді.  

 «Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы келісім-шартта экстрадиция туралы формальды түрде, тараптар өз азаматын беру мүмкіндігін қарастыруы ықтимал, деп жазылған, алайда реттеуші нормалары түсініксіз – және біз айналып келіп Конституцияға тірелеміз», – деп түсіндірді Утебеков. 

Адвокат мынадай мысал келтірді: Ресей азаматы Қазақстан аумағында біреуді өлтіріп, сосын өз елінде жасырынып жүреді. Ресей оны бермейді, ал Қазақстанның құқыққорғау органдары ресейлік құқыққорғау органдарына қылмыстық істің барлық материалдарын беріп, қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрайды. Бұл қылмыстық қудалаудың жалғасуы деп аталады.

«Украина да қылмыстық істің барлық материалдарын ұсынып, Қазақстан тарапын күдіктілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуын сұрауы мүмкін. Садықов Қазақстан азаматы болғандықтан, біздің билік Украина қандай шешім шығарғанына қарамастан, өзі қылмыстық іс ашып, кісі өлімін тергеп-тексеруге құқылы», — дейді Утебеков. 

Тапсырыс беруші табыла ма? 

Фото: Әділ Жалилов

Журналист әрі медиасарапшы Әділ Жалиловтың пікірінше, адам өлтіруге тапсырыс бергендер табылмауы мүмкін. Сарапшының айтуынша, тапсырыс берушінің рөлінде «журналистерге жеке бас араздығы бар кейіпкерлер» көрсетілуі ықтимал.

«Қазақстандық журналистикада осы секілді – шабуыл жасау, қоқан-лоқы көрсету кейстерден тұратын, сырқат сипаты, «анамнез» бұрыннан бар. Алайда, киллердің бастан атуы деген – мұндай жағдай Рахат Әлиевтің (Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен күйеу баласы, қазір қайтыс болған – Ред.ескертпесі) дәуірінен бері болмаған сияқты»,  – дейді Жалилов.

Өзіне де 2012 жылы қарулы шабуыл жасалған Журналист Лұқпан Ахмедяровтың  да пікірі осындай. Ол тіпті кінәлілер – тапсырыс берушілер де, оны орындағандар да – кінәлі деп танылуы мүмкін екеніне мүлде сенбейді.

«Қылмыстың саяси астары бар, тапсырыспен жасалғаны айқын, оны тергеу де қиын, ал ашылуы одан да қиын. Адам өлтіруге кімнің қолы барғанын тек болжау ғана қалады», – дейді журналист.

Әділ Жалилов Айдос Садықовтың өлімі, өзге елде салмақты ресурстар мен күштік құрылымның бұрынғы қызметкерлерінің қатысуымен іске асқанын ескеріп, оның «қыр көрсету, арсыз әрі ауқымды» сипатына назар аударды.  

«Арнайы қызмет өкілдерінің өзге елдің аумағындағы кез-келген операциясы сол елдің және оның арнайы қызметінің келісімімен болады. Мұндай қатыгез операцияны Украина тарапы мақұлдады деп елестетудің өзі қиын, өйткені Садықовтардың ол елде тұрғанына 10 жыл болды», – дейді медиасарапшы.

Оның пікірінше бұл оқиғаның түсініксіз  тұстары көп. Мысалы, киллерлердің Украинаға кіруі және ол елден кетуі.

«Мұнда «жоғарының» ықпалы болды деуге келеді. Тіпті Жақанбаевтың өз еркімен берілу фактісі де өте түсініксіз. Тапсырыс берушілер украиналық тарап видео немесе құжаттарды «беріп қояуы» мүмкін деп қауіптенді немесе бұл «бізге не істеп аласыңдар» дегенге саяды», – деп пайымдайды Джалилов.

Лұқпан Ахмедтяровтың пікірінше, егер украин тергеушілері Алтай Жақанбаевтан жауап ала алмаса, онда тергеу барысының ашықтығы туралы сөз қозғаудың өзі бекер.

Қазақстан журналистерінің ізіне түсу

Фото: Лұқпан Ахмедяров

Садықов Қазақстан журналистерінің арасындағы жалғыз құрбандық емес. Лұқпан Ахмедяров 2004 жылы оппозиция журналисі Асхат Шәріпжановтың өлімі кісі қолынан, тапсырыспен болғанын, алайда оны жол-көлік апаты етіп көрсетуге тырысқанын еске алады.

2007 жылы «Закон и правосудие» газетінің тілшісі  Оралғайша Омаршанова жоғалып кетті. Журналист қылмыстық оқиғалар туралы ақпарат таратып, зерттеу жүргізетін. Адам ұрлау ісі көптеген жыл бойы ашылған жоқ. Тек 14 жыл өткен соң 2022 жылы ұйымдасқан қылмыстық топтың серкесі Серік Жаманаев оны өлтіргенін мойындап, қайда жерлегенін көрсетті.

2009 жылы Қазақстанда қырғызстандық белгілі журналист Геннадий Павлюк опат болды. 16 желтоқсан күні оны біреу Алматыдағы көп қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатынан лақтырып жіберген. 22 желтоқсан күні ол есін жимаған күйі, ауруханада көз жұмды. Оппозиция журналисін өлтіру ісі бойынша Қырғызстан ҰҚМК (Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті) бұрынғы қызметкері Алдаяр Исманқұловты кінәлі деп тапты.

Еске салайық, Садықовтың өлімі кейінгі кезде журналистерге жасалған қысым мен соңына түсу оқиғаларымен қатар келіп отыр.

2022 жылы қазан айында Orda.kz редакциясына белгісіз біреулер бас редактор Гүлнар Бажкенованың жыртылған суретімен қосып, шошқаның басын қорапқа салып жіберген, кейінірек оған жерлеу бюросынан суреті мен аты-жөні және «2023» деген дата жазылған құлпытас келген.

2023 жылдың 13 қаңтарында Elmedia Youtube-арнасының кіре беріс есігін шағып кеткен. 14 қаңтар күні Қаңтар оқиғасының салдары туралы ақпарат таратып жүрген журналист Динара Егеубаеваның көлігін өртеп кеткен. 18 қаңтар күні Ulysmedia сайтына хакерлік шабуыл жасалып, оның бас редакторы Самал Ибраева мен отбасының жеке деректерін қылмыскерлер желіге таратып жіберген. 2023 жылы 19 қаңтарда журналист Вадим Борейконың пәтеріне кіретін есікке белгісіз біреулер монтаж көбік шашып, бәлкім, оның өртемек те болған.

2023 жылдың соңында түрлі алаңдарда орналасқан, түрлі бағыттағы медиаға жаппай DDoS-шабуыл басталды. Мысалы, Kursiv.Media іскери басылымына өте көп көлемде – 1,3 млрд – боттан сұраным тіркелген.   

  Журналистерге қатысты жағымсыз жағдай 2024 жылы да толастамады. «Обожаю» YouTube-арнасына «R.I.P» (Иманың саламат болсын) деп төрт мыңнан аса пікір қалдырылған. Бұл қоқан-лоқы арнаның негізін қалаушы Асхат Ниязовқа қарата жасалды. Кейінірек оны бюджет шығындары туралы ProTenge Telegram – арнасындағы хабарламаны бөліскені үшін жауапкершілікке тартпақ болды. Ал, ProTenge негізін қалаушы Жамиля Маричева Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат берілмеген Azattyq радиосының журналистерін қолдап жазба қалдырған. Маричеваның өзі бұл жазбасы үшін жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.

 «Журналистердің барлығы бір-біріне ниеттес болғаны жөн, мынадай [Садықовты өлтіріп кету] жағдай болып жатқанда, ешкім де қауіпсіз емес екенін түйсіну керек. Әріптестерімнің басым көпшілігі мұны түсіне қоймайтын сияқты, тіпті бұл қайғылы жағдайды алыс тіпті өзіне қатысы жоқ деп қабылдайды-ау», — деп күйінішпен атап өтті Әділ Джалилов.


Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді. 

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: