Қазақстан 2022 жылы баспасөз бостандығы рейтингісінде 180 ел арасында орыннан 122-ші орынға көтерілді. Осыған қарамастан журналистер құқығын бұзу, оларды үркіту мен қорқыту жайттары үдей түсті. 2023 жылдың қаңтарының өзінде Қазақстанда массмедиа қызметкерлеріне 5 рет шабуылдаған.
2022 жылдың қазанында Orda.kz редакциясына анонимдер шошқаның басы мен бас редакторы Гүлнар Бажкенованың жыртылған суреті салынған сәлемдеме жіберген. Сәлден кейін бас редакторға жерлеу қызметінен оның аты мен «2023» деген жазуы бар құлпытас жеткізген.
13 қаңтар Elmedia ютуб-арнасы редакциясының кіреберіс есігін сындырған. 14 қаңтарда Қаңтар оқиғасының салдарын жария етіп жүрген журналист Динара Егеубаеваның автокөлігін өртеп жіберген. 18 қаңтар Ulysmedia сайтына хакерлер шабуылдап, бас редактор Самал Ибраева мен оның отбасы мүшелерінің жеке деректерін желіде жариялаған. 2023 жылдың 19 қаңтарында белгісіздер журналист Вадим Борейконың есігін монтаж көбігімен қымтап, оны өртеуге тырысқан сынды.
Вадима Борейко ойынша, Динара Егеубаева, Гүлжан Ерғалиева, Гүлнар Бажкенова, Самал Ибраева сынды журналистерді қорқыту амалдары бір орталықта басқарылады.
Билік дискредитациясы немесе бейтарап салдары?
Саясаткер Эдуард Полетаев қазір, әсіресе парламенттің төменгі палатасы – Мәжіліске сайлау алдында Қазақстан билігіне журналистерге қарсы мұндай қылмыстар тиімсіз. Қазір билік керісінше плюрализм мен азаматтық қоғамды қолдау саясатын жүргізуде.
Саясаткер болжауынша, мәселе туындау себебі республиканың саяси турбулентті кезеңді бастан кешуінде болуы мүмкін.
«Қазақстан халықаралық аренада бейтарап позицияны ұстануда, бірақ Қазақстанға бір жақты таңдауды міндеттеуде. Қазіргі таңда журналистика осы күрестің негізгі нысаны болды. Көбісі массмедианы өз пропагандасын насихаттап, мүддесі үшін қолдануға тырысып жатыр. Бірақ журналистерді құрбан етіп қолдануға да болады. Ал бұл қазіргі билікті дискредитациялайды», – дейді Полетаев.
Elmedia бас редакторы Гүлжан Ерғалиева да журналистерге шабуылдау сайлау алдында президентті дискредитациялау амал болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
«Бұл Тоқаевқа тиімсіз, оның билігі әлі де тұрақсыз, ал қоғам сенімі әлі де жеткіліксіз. Олар ашығынан тәуекелге барып, көпшілікті өздеріне қарсы қоя қоймас еді. статочно высокое», – дейді журналист.
Ол шабуылдарға басқа елдердің арнайы қызметтерінің де қатысы болуы мүмкін деген оймен келіседі.
«Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастар бүгінгі таңда жылы емес екендігі бәрімізге аян. Біз ресейлік саясаткерлердің Қазақстандағы жағдайды тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, қоғамдық көңіл күйді де бақылауға тырысып жатқанын бірнеше жыл бойы бақылап жатырмыз», – дейді Elmedia бас редакторы.
Сондай-ақ 2000 жылдардың басынан бері қудалауға ұшырап жүрген Гүлжан Ерғалиеваның (оның бірнеше БАҚ жабылған) болып жатқан жайттардың себебіне қатысты өз нұсқасы бар.
Оның ойынша, Қазақстанда орнап жатқан негатив жайттар ескі билік өздеріне тағылуы мүмкін қылмыстар айыбынан қорқатын реваншизм сипаттарына ие. Журналист пайымдауынша, ескі билік өкілдері өз ақшасы мен капиталдары үшін күресуде, себебі Тоқаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді қайтару бағдарламасын жариялап қойған. Қазір бұған көпшілік те қосылды, сол үшін бұл тақырып өзекті әрі ауыр.
Журналиске шабу – қоғамға шабу
Сарапшылар пікірінше, қазір қоғамға БАҚ өкілдерін белсендірек қолдау керек.
Саясаткер Замир Қаражанов қоғам өзгеріп, құндылықтарын өзі анықтау керек дегенге нық сенімді.
«Қоғам өзінің әрі өінің балаларының болашағы БАҚ жұмыс істеуі, олардың шабуылдардан қорғалуына тәуелді екенін түсінбегенде мұндай қоғам журналистер құқығы үшін күреспейді. Қоғам журналистерді қарапайым қызметкер деп қарастырғанда ештеңе өзгермейді. Олар әрдайым әлсіз боп шабуылдарға тап бола береді», – деп ойлайды Қаражанов.
Оның пікірінше, мемлекет массмедиа өкілдеріне деген пікірін өзгертуі тиіс.
Мемлекет журналистерге деген қатынасын өзгерткенде оларға шабу азая түседі. Мысалы, БАҚ өкіліне шапқан үшін ерекше жаза түрі болса, ал журналиске шабу қоғамға шабу ретінде қабылданса. Ал қазір саясаткер бақылауынша, заңнама журналистерді қорғамай, олардың кәсіби қызметі үшін жауапкершілігін арттыруға тырысуда.Тапсырыс берушілерді таба ала ма?
2023 жылдың 20 қаңтарында президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы қылмыстар легін мұқият тергеуді бұйырды.
“Әділ сөз” сөз еркіндігін қорғау халықаралық қорының басшысы Қарлыгаш Джаманкулова, Informburo редакциясына берген сұхбатында тиісті тергеу болмай, тапсырыс беруші анықталмаса, жергілікті және халықаралық қауымдастық алдындағы жауапкершілік билік мойнына ілінеді. Бұл жарияланған саяси реформаларға күмән келтіріп қана қоймай, сонымен қатар экономикалық өсу мүмкіндіктерін тарылтуы да мүмкін. Ал соның салдары ретінде халықаралық рейтингілердегі мемлекет көрсеткіштері төмендеу ықтималдығы да бар.
«Журналистерге қарсы қылмыстарда кінәлі тарапты сирек тауып жатады. Қазір нағыз тапсырыс берушіге жету өте қиын», – деп ескертті саясаткер, Эдуард Полетаев.
Мысалы, 2012 жылы журналист Лұқпан Ахмедьяровқа қастандық жасағанда орындаушыларды екі аптадан кейін тапты. Дегенмен кейінірек ұсталғандар Ахмедьяровқа шабуыл жасамағаны белгілі болды. Шын орындаушыларды тек бірнеше ай өте ұстап, 2013 жылы оларды соттады. 2014 жылы қастандыққа “тапсырыс беруші” соты өтті. Десек те, тіпті Лұқпан Ахмедьяровтың өзі де сотталған адам шын тапсырыс беруші екеніне күмән білдірді.
Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.