© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Қазақстанда донор болу мәселесі: дін, этика мен прагматизм тұрғысынан

Соңғы жылдары діни сенімге сүйенген қазақстандықтар өлген соң дене мүшелерін донорлыққа беруге қарсы болып жүр. Алайда елдегі діни басқарма өкілдері ислам дінінде де, христиан дінінде де адам өлгеннен кейін оның ағзаларын донорлыққа беруге тиым жоқ екенін айтады.

Өлген соң өмір сүру мүмкіндігі 

Фото: Жәнібек Успанов

Астана тұрғыны Жәнібек Успанов – қайтыс болған жанның жүрегін донорлыққа алған алғашқы қазақстандық. 2012 жылдың тамыз айында оған ауқымды инсульт алып, көз жұмған әйелдің жүрегін салады. Марқұмның ағзаларын алуға оның ұлы рұқсат берген. Ота сәтті өтті. Жәнібектің балалары өсіп келеді. Ажал аузында жатқанын сезгеннен бастап, өмірдің де құнын біле бастадым, дейді өзі.  

Қайтыс болған адамның туыстары марқұмның ағзасын алуға рұқсат бергендіктен Жәнібектің де жолы болды. Қазір Қазақстанда қайтыс болған донордың ағзасын алу бойынша жасалатын оталар азайып келеді. Өйткені 2020 жылы Денсаулық туралы Кодекс-ке өзгерістер енгізілген болатын. Оған сәйкес, қазақстандықтар немесе олардың туыстары қайтыс болған соң донор болуға өмір-бақиға келісім бере алады немесе бас тарта алады. Осы жағдай өлгеннен кейін донор болу операцияларының санын жылына 86 дан 5-7 ге дейін кұрт қысқаруына ықпал етті деп жазады «Власть»,  Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Власть» ақпаратына сәйкес, қазір министрлік халықаралық тәжірибені ескере отырып, нормативті-құқықтық базаны сараптауда. Ондағы мақсат Қазақстандағы жағдайды өзгерту. Өйткені қазір елде ағзасын ауыстыруды қажет ететін 3961 реципиент кезек күтіп тұр, оның 104-і балалар. 2024 жылдың 22 қаңтарындағы ақпаратқа сәйкес, eGov  электронды үкіметінің порталында 5456 адам ғана донор болуға келісім берген, тағы 35725-і бас тартқан.

«Егер өткен жылы бізде 49 [әлеуетті] донор болды, олардың 90 пайызы бас тартқан. Қайтыс болған жеті донордың туыстары келісім берді. Осы жетеуі 19 қазақстандықтың өмірін құтқарып қалды», – деп статистика қосты Трансплантология жөніндегі үйлестіру республикалық орталық д директоры Айдар Ситқазинов. – Бүйрегі сырқат жандар туралы айтсақ, оларда – диализ жасау мүмкіндігі бар және олар белгілі бір уақыт өмір сүреді. Ал, жүрегі мен бауыры сырқат адамдарда өмір сүруге мүмкіндік қалмайды. Тірі адамның ағзасын алып, трансплантация жасау мүмкін емес, оларды тек дүниеден өткен донорлар құтқара алады».

Жәнібек Успановтың айтуынша тіпті көз тірі кезінде келісім берген жанның да донор болуы неғайбыл.

«Сол сәтке дейін [ажалы жеткенде] адамның бүкіл ағзасы зақымданған болуы мүмкін. Мұнда біз адамның дүниеден өткен соң басқа адамдар үшін пайдалы бола алу мүмкіндігін айтып отырмыз. Ақысыз донор болудың да мәні осында», –  дейді Успанов, ол өзіне трансплантация жасалғалы донорлық идеясын белсенді насихаттап жүр.

Жәнібек Успановтың сөзінше, қазақстандықтар әдетте діни ұстанымына сәйкес, өлген соң донор болудан бас тартып жатады. Оған қарағандылық Ирина Полежаева мысал бола алады.  Ол діндар және өлген соң донор болуға үзілді-кесілді қарсы.

Ирина Полежаева. Фото: Ботагөз Омарова

«Діндарлардың көпшілігінің пікірінше, Қиямет күні туғанда дүниеге қайта келу үшін адам денесі бүлінбеген күйі сақталуы тиіс. Дін ұстанушылардың басты аргументі осы», – дейді Полежаева.

Оның пікірінше, өлген адамның ағзасын алу үшін жақын туыстарының келісімі қажет (Қазақстанда донордың өзі көзі тірісінде келісім бермесе, әзір де туыстарынан рұқсат сұралады). Дегенмен Полежаева биыл жыл басында «Қазақстан халқына» қорының басшысы Болат Жәмішевтің, туыстарының келісімінсіз ағзаларды алу үшін, мәйіт донорлығына қатысты заңды өзгерту қажет екені туралы жасаған мәлімдемесіне  алаңдайды. Жәмішевтің пікірінше, осылай ғана трансплантация үшін ағза күтіп кезекте тұрған мыңдаған қазақстандықтың өмірін құтқарып қалуға болады. Олардың көпшілігі туыстарынан рұқсат талап етілмейтін, шетелдердегі ағзаға ғана үміт арта алады.

Полежаеваның пайымынша, қазақстандық денсаулық сақтау саласы мұндай елеулі өзгеріске дайын емес. Адам ағзасын заңсыз  алмастыруға байланысты трансплантолог Ғани Құттымұратовтың үстінен қозғалған атышулы сот ісі әлі ұмытыла қойған жоқ. Онда мәйіттің ағзасын донорлыққа алуға байланысты туыстарының келісімі жалған екені анықталған еді. Алайда, соттың анықтауынша трансплантолог бұл жәйттан хабарсыз болған. Сөйте тұра дәрігер кәсіби міндетін адал орындамағыны үшін 2,5 жыл бас бостандығынан айырылды, өйткені емделушінің бірі АИТВ жұқтырған.

«Қазақстанда барлық салада, барлық деңгейде жемқорлық белең алған. Сондықтан, соңы жақсылыққа апармайды», – дейді Ирина Полежаева.

Игілікті іс 

Фото: Дмитрий Байдек

Протоиерей Дмитрий Байдектің айтуынша, адам өлген соң донор болуына қатысты ешқандай діни тиым жоқ. Дейтұрғанмен мұндай күрделі тақырыпқа адамдарды алдын ала дайындау аса маңызды.  

«Қараңызшы, – дейді пірәдар, – дәрігер келіп, адам қайтыс болғанын, енді оның ағзаларын басқа адамға салуға болатынын айтады. Қайғы құшағында тұрған мұндай сәтте марқұмның туыстары жағдайды адекватты бағамдай алмайды». 

Байдек, өмірден өткен адам үшін, өз денесінің не болатыны маңызды емес екенін еске салды.

«Біз топырақтан жаралдық, топыраққа қайтамыз, – деп нақтылады Байдек православ дінінің донорлыққа қатысты ұстанымын. – Таңдау жасау, бұл бөлек мәселе, адам көзі тірісінде таңдау жасауы тиіс. Келісім презумпциясы, көптеген елдерде қолданылатын, – бұл даулы мәселе, оған жақсы немесе жаман деп біржақты жауап беруге болмайды».

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДА) CABAR.asia жіберген сауалға жауап ретінде исламның донорлыққа қатысты көзқарасы түсіндірілген мақалаға сілтеме жіберіпті. Онда «трансплантацияға, яғни бір (тірі немесе қайтыс болған) адамның кейбір ағзаларын екінші адамға рұқсат берілген». Түсіндірме жазбада трансплантацияға рұқсат беретінін айғақтайтын Құран аяттары келтірілген.

«Алайда мұндай дүние адамды кемсітпейтіндей деңгейде белгілі бір шарттар толық сақталғанда ғана жүзеге аса алады», деп көрсетілген мақалада. Ол шарттармен толықтай мына жерден танысуға болады.  

Шетін мәселе  

Белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан халық Ассамблеясы аналар Кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанай донорлық мәселесін түрлі тараптан зерттеп, саналы түрде шешім қабылдаған: көзі тірісінде өлген соң донор болуға келісімін рәсімдеп қойды. Ол балаларына да ескерткен және өзі де ажалға байыппен қарайды.

Күн сайын кеңседен шығып бара жатқан кезде, өзінен кейін аяқталмаған дүние қалдырмау үшін, бар шаруаны аяқтап кетуге тырысады.

«Муфтият ағзаларды ауыстыруға қарсы емес, тіпті оны игі іс деп санайды. «Пәтуалар жинағы»аталатын арнайы кітап бар, мұнда ҚМДБ-ның ерекше жағдайларға қатысты шешімдері бар. Қоғамда сауал туа бастағанда, біздің ғұламалар Құранды оқып, соның негізінде пәтуа шығарады. Осы кітапта 8-жарлық бар, онда трансплантацияға рұқсат берілетіні жазылған. Мұнда адамды құтқару үшін трансплантацияға рұқсат берілетіні жазылған», – дейді Назипа Шанай.

 Төменгі палата депутаты және саясаттанушы Айдос Сарым өзін діндар адам деп есептемейді және көз жұмған соң ағзаларын беруге дайын.

«Келесі жол емханаға барғанда келісімге қол қоюға дайынмын, – дейді Айдос Сарым. – Мен осы заманның адамымын, егер алда-жалда көзім жұмыла қалса, ала беруге болады. Өлген соң донор болуға қатысты мистика немесе терең діни мәселе көріп тұрғам жоқ». 

Асхат Аймағамбетов

 Көпшілік алдында жүрген адамның мұндай ұстанымы өлген соң донор болуға қатысты басқа адамның пікірін өзгертуі мүмкін. Парламент депутаты Асхат Аймағамбетовтың пайымдауынша, өлген соң донор болуға діни немесе өзге де себеппен қарсы болатырндардың ұстанымына айналасындағылар ықпал етеді.

 

«Бұл шетін әрі өте сезімтал тақырып – әр азамат өзі шешім өабылдауы керек», – деп қосты Аймағамбетов.  

Сергей Пономарев. Фото: Ботагөз Омарова

Парламент депутаты Сергея Пономаревтың пікірінше,  сондықтан бұл мәселеде ақпараттық жұмыстың маңызы зор: «Адамдарға мәселенің маңызын жеткізу керек».

Ол төрт мың қазақстандық бүйрек трансплантациясын күтіп отырғанын атап өтті, яғни өлген соң донор болу мәселесі ел үшін шын мәнінде өте өзекті.

 «Көзі ашық адамдардың барлығы да игі іс жасауға бейіл болуы тиіс», – деп түйіндеді Пономарев.

Иллюстрация: Freepik.com –нан rawpixel.com

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: