Әлеуметтік желідегі кей пікір білдірушілер ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысының әйелі Салтанат Нүкенованың өлтіруін діни наным-сенімдерді пайдаланып ақтап жатыр. CABAR.asia сарапшылардан дін шынында әйелдерді қорлауға рұқсат бере ме деп сұрады.
Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы салтанатты мейрамханада ұсталды. Оған әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылды. Кейінірек мейрамхананы басқарған Бішімбаевтың бауыры ұсталды. Ол Салтанатты өлтірген видеоларды өшірді деген күдікке ілінді.
Марқұмның туыстарының айтуынша, әйелдің денесіндегі жаралар оның соққыға жығылғанын көрсетеді. Олар сондай-ақ әйел ұзақ және қиналып өлді деп күдіктенеді, жедел жәрдемді ол қайтыс болғаннан кейін ғана шақырған.
Жантүршігерлік жаңалыққа әйелдердің әлеуметтік желіде бөліскен басынан өткерген зорлық-зомбылық хикаялары қосылды; тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайтуды және осы талаптармен президент Тоқаевқа жолдаған петицияға қол жинау, флешмоб, блогерлердің үндеулері, аналитикалық материалдар мен подкастар.
Осы жазбалардың әрқайсының астында қыздардың сыртқы келбеті мен жүріс-тұрысына қатысты, қатыгездікті тәрбие мен сыбайлас жемқорлықпен ақтайтын көптеген пікірлер жазылған. Сондай-ақ зорлық-зомбылықты «қалыпты ету» және оны діни негізде ақтау да бар.
Алайда дінтанушылар мен конфессия өкілдері бірауыздан киелі мәтіндердің ешқайсында мұндай негіздемелер жоқ және болуы мүмкін емес деп отыр.
Зорлық-зомбылық – күнә
Басқаларға өзіңе қалайтындай қарым-қатынас таныт деген «адамгершіліктің алтын ережесі» кез келген дінде бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану оқытушысы және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі сарапшы Елнар Берікбаев исламда бұл моральдық ереже ренжіген пенденің дұғасын Құдай міндетті түрде қабыл етіп, қылмыскер жазаға тартылады деген сеніммен күшейтілгенін айтады.
«Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді ислам діні арқылы ақтайтындар – дін негіздерін білмейтін адамдар», – екеніне сенімді Берікбаев. – Мұхаммед пайғамбар ешқашан әйелдеріне қол көтеріп, жазаламаған. Өлер алдында мұсылмандарға әйелдеріне жақсы қарым-қатынас танытуды өсиет етіп: «Ең кәміл мүмін – мінез-құлқы ең жақсысы, ал сендердің ең жақсыларың – әйелдеріне жақсы қарым-қатынаста болғандарың». Әйелді ұрып-соғу исламда қабылданбайды және күнә болып саналады».
Булаеводағы (Солтүстік Қазақстан облысындағы қала) Әулие Николай соборының басшысы, діни қызметкер Алексий Гаврилов христиандық кез келген тіршілік иесіне зорлық-зомбылық көрсетуді күнә деп санайтынын айтады. Ал күнә жасаған адам Құдайдың алдында жасаған әрекеті үшін жауап береді.
«Інжіл зорлық-зомбылықты ақтай алмайды. Өйткені басты өсиеттердің бірі: «Жақыныңды өзіңдей сүй», – деп түсіндіреді діни қызметкер. – Шіркеуде зорлық-зомбылық тәубе ету (ораза тұту, ұзақ дұға ету, т.б. – Ред.) және діннен шығару арқылы жазаланады. Зайырлы қоғамның заңдары да жұмыс істейді – шіркеу оларды жоққа шығармайды. Құдай ешкімге басқа адамға зиян келтіруге құқық бермейді. Өйткені бұл махаббат емес, ал Құдай – махаббат».
Құқықсыз жаратылыс емес
Пікір білдірушілер арасында дінде әйел бірден барлық құқықтарынан айырылады және үндемей өз жағдайын қабылдауы керек деген кең таралған пікір де негізсіз.
Діни қызметкер Алексий Гавриловтың айтуынша, Інжілде ерлер мен әйелдердің тең екендігін айтылған – екеуі де Құдайдың бейнесі мен ұқсастығына ие, ал христиандық бойсұнудың қорқытулар мен зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ.
Елнар Берікбаев тағы бір аңызды жоққа шығарады: «Исламда әйел әдетте үй шаруашылығын жүргізуге мәжбүрленбейді, ол күйеуінен толық материалдық қолдау алуға және өз мүлкіне өз қалауы бойынша билік етуге құқығы бар».
Оның айтуынша, егер неке төзгісіз болса, әйел ажыраса алады, ал қатыгездік сот алдында неке бұзуға негіз болады.
«Сондай-ақ әйел шешім қабылдай алады, пікір айтып, қоғамның саяси-әлеуметтік өміріне араласа алады. Мұхаммед пайғамбар кез келген мәселеде әйелдерімен ақылдасып отырды – кішігірімнен ең салмақтысына дейін», – деп түсіндіреді Елнар.
Зорлық-зомбылық туралы жаңалықтардың астындағы пікірлердің бір түрі «бәрі Құдайдың қалауы, сондықтан солай болуы керек, кейін Құдай кінәлілерді жазалайды» деген идеяға саяды.
Елнар Берікбаев бұл ұстанымды да «себеп болған» деген сыңайдағы болжамдар секілді жантүршігерлік оқиғаларға танытатын қорғаныс реакциясымен байланыстырады. Оның айтуынша, адамдарға елорданың орталығында жас әйелді өлтіріп, ешкім араша түспегенін түсіну қиын – ми соншалық қорқынышты болмауы үшін сценарийлер құрастырады.
«Иә, бәрі Құдайдың қалауы, бірақ еңбегіне қарай өнбегі», – дейді Алексей Гаврилов. – Құдай бізге тіл мен сананы бомқа бермеді – біз қандай да бір зорлық-зомбылық көргенде әрекетсіз қалмауымыз керек. Егер біз өтіп кететін болсақ, бұл – адамзаттың азғындығы. Өнегелі адам қашанда әлсіздерді қорғап, көмек көрсетеді. Оның Құдайға сенетіні не сенбейтіні маңызды емес».
Зайырлы институттар жұмыс істемей ме?
Құдайдың жазасына сенудің тағы бір себебі Елнар Берікбаев көптеген адамдардың мәселелерді әділ шешуге болатынына сенімі жоғалғандықтан дейді. Ал соңғы жаңалықтар отбасылық зорлық-зомбылық пен әйелдерге қарсы қылмыстар осы сенімнің тапшылығы ерекше сезілетін сала екенін анық көрсетеді.
«Тәжірибе көрсеткендей, бізде сапалы тергеу мен әділ үкім үлкен резонанстан кейін ғана мүмкін болады», – дейді адвокат Жанна Оразбақова өкінішпен. – Оның себебі – жанашырлық пен білікті кадрлардың жоқтығы. Тергеу байланысқан алғашқы минуттардан-ақ дұрыс жүргізілмейді, осыдан маңызды заттай дәлелдемелер жоғалады».
Кез келген резонанс пен жәбірленушіге назар аудару оның психологиялық жағдайын нашарлатады. Бірақ құрбандар өздерінің ментал саулығына үлкен қауіп төндірсе де осындай қадамдарға барады. Өйткені қоғамдық талқылаусыз, Жанна Оразбақованың айтуынша, құқық қорғау органдарын қозғау мүмкін емес.
Қандай да бір жолмен істі жария етіп, пікірлерде жәбірленушіге түсетін айыптаулардан қорғану мүмкін бе? Де-юре, Қазақстан Конституциясы сөз еркіндігіне кепілдік береді. Яғни, әркім өзінің субъектив пікірін білдіруге құқылы, бірақ ол жалған ақпарат немесе қоқан-лоқыға айналмауы керек. Егер сізге жала жабылса немесе жеке деректеріңіз таралса, полицияға хабарласуға болады. Техникалық жағдайда ғана. Алайда мұндай жағдайларда дәлелдеу міндеті жәбірленушіге жүктеледі. Ал бұл ментал саулыққа тиетін тағы бір соққы.
«Біз адамдардың санасын өзгертуіміз керек», – дейді Оразбақова. «Зорлық-зомбылық фактілері мен оның салдары туралы көбірек айтқан сайын, адамдар болып жатқан жайттың шектен шығып және тіпті өздеріне қауіп төніп тұрғанын түсінеді».
Басты иллюстрациялық фото: Freepik.com