© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

«Еркіндік Қанаты» ҚҚ мен IWPR Қазақстандағы ақпаратқа қолжетімділік пен сөз еркіндігі туралы зерттеу жүргізді

Қазақстандағы сөз және пікір еркіндігін, сондай-ақ БАҚ-ты реттейтін тиісті заңнама ескірген және заманауи талаптарға сай емес, ал медиасектор мен азаматтық қоғамдастық БАҚ пен сөз еркіндігіне қатысты нормаларды жақсы білмейді. Авторлар осындай қорытындыға келді.

Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Цензурасыз Қазақстан» жобасы аясында ақпаратқа қол жеткізу және сөз еркіндігі мәселелері бойынша зерттеу жүргізілді. Ол цифрлық құқықтар мен пікір еркіндігі саласындағы қолданыстағы заңнама мен жағдайды талдауға, бар тұжырымдарды салыстыруға және оларды жеке, мемлекеттік және үшінші секторлардың негізгі мүдделі тараптарының жаңа идеяларымен толықтыруға бағытталған.

Зерттеу қолданыстағы заңнамаға құқықтық шолу және онлайн сауалнама мен сарапшылармен көлемді сұхбат нәтижелері бар әлеуметтік бөлімнен тұрады.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі уақытта сөз еркіндігі саласындағы ұлттық заңнама заманауи талаптар мен мүдделерге, сондай-ақ БАҚ қызметі мен әлеуметтік желілердегі әрекеттерге жауап бермейді.

Сонымен қатар медиа қоғамдастық пен азаматтық сектордың БАҚ және сөз еркіндігіне қатысты заңнамадан хабардар болу деңгейі кәсіби қоғамдастық үшін жеткіліксіз.

Сондай-ақ зерттеу авторлары халықаралық стандарттар БАҚ-қа қатысты заңды қолдануды қиындатып, елдегі сөз еркіндігін шектейтінін айтады.

Зерттеуде ҚР «Масс-медиа туралы» жаңа заңы мен ақпараттық доктринаның сөз еркіндігін шектеуге, цензураның күшеюіне және бұқаралық ақпарат құралдарына бұдан да қатты бақылау жүргізуге әкелуі мүмкін екендігі атап өтілген. Авторлар Қазақстанда ресми тыйым салынғанына қарамастан, әсіресе мемлекеттік БАҚ-та цензура әлі де бар екенін айтады. Журналистерді негізсіз қудалау, қамауға алу да өзін цензуралау атмосферасын қалыптастырады.

Сарапшылар журналистика, азаматтық белсенділік және адам құқығын қорғау салаларында әйелдердің басым екенін атап өтті. Бірақ олар мұны бұл салалардағы төмен жалақы мен кәсіптің беделінің күшті еместігімен байланысты болуы мүмкін деп болжайды. Алайда осы салаларда әйелдердің басым болуы кәсіби ортада сексизмнің болмауына кепілдік бермейді.

Онлайн сауалнама нәтижелері бойынша Қазақстанда цифрлық құқықтар тақырыбы енді ғана дамып келеді және цифрлық құқықтардың өзі толық қамтамасыз етілмеген. Бұл сөз еркіндігі мен ақпаратқа қол жеткізуді шектеумен, сондай-ақ интернет-провайдерлер көрсететін қызметтерге әртүрлі тыйымдармен байланысты.

Ұсыныстар арасында авторлар кәсіби мамандардың бұқаралық ақпарат құралдарын және сөз еркіндігін реттеу туралы хабардарлығын арттыруды, сондай-ақ гендірлік тепе-теңдікті насихаттауды, сексизммен күресуді және ағарту шеберлік сыныптары мен форумдар арқылы әлеуметтік таптаурындарды жеңуді ұсынады.

Зерттеу журналистерге, белсенділерге, құқық қорғаушыларға, медиа қызметкерлеріне, зерттеушілерге, мемлекеттік қызметкерлерге, халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстандағы цифрлық құқықтар мен сөз еркіндігіне қызығушылық танытатын және осы салада жұмыс істейтін кез келген адамға пайдалы болады.

Басылым қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.

Құқықтық шолуды жүктеу KZ/RUS/ENG

Зерттеуінің әлеуметтік бөлімін жүктеу KZ/RUS/ENG

Бұл материалдың қаншалықты пайдалы болғаны туралы пікіріңізді мына сілтеме арқылы білуге қуанышты боламыз.


Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек «Еркіндік Қанаты» ҚҚ мен IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: