Без рубрики

Қазіргі уақытта әлемдік саясатта жаңа қырғи-қабақ соғыс жүріп жатыр ма? Орталық Азия елдері АҚШ пен Қытай арасындағы қысымды азайту үшін не істей алады? Қытайдың жаһандық қауіпсіздік бастамасына АҚШ қалай қарайды? АҚШ-тың Орталық Азиядағы стратегиясы жақын арада өзгере ме? Осы және өзге де сұрақтарды біз CABAR.asiа эксклюзив сұхбатында Киссинджер институты Уилсон орталығының Қытай мен АҚШ бойынша директоры Роберт Дейлимен талқыладық. (more…)

Ресейдің Украинаға басып кіруі Қытай үшін солтүстік сауда жолдарын қолжетімсіз еткеннен кейін Орталық Азия Бейжің үшін тартымды бола бастады. Қауіпсіздікті зерттеу орталығы Center for Security Studies (CSS) жаһандық қауіпсіздік тобының жетекшісі Брайан Карлсонның айтуынша, аймақтағы өсіп келе жатқан ықпал ету вакуумын Қытай толтырады. (more…)

Доктор Женифер Тернер CABAR.asia-ға берген эксклюзив сұхбатында Қытайдағы Choke Point (ағыл: «Кедергі тас») бастамасы, Қытайдың су-энергетика мәселесін қалай шешіп жатқаны және оның Орталық Азия үшін салдары туралы айтады. (more…)

CABAR.asia 25.06.23

Медиа, технология, бизнес және инновация өкілдерінің басын қосатын фестивальге өте көп – 2000 адам қатысты. (more…)

CABAR.asia 24.06.23

«Жеті, алты, бес… бір – бастаймыз!» Астанадағы Go Viral фестивалінің жүргізушілері кері санақты әдеттен тыс оннан емес, жетіден бастады. Бұл сан кездейсоқ таңдалған жоқ – 2023 жылдың 23 маусымында Орталық Азияның бес елінің жастарының басын қосатын жетінші фестиваль бастау алды. (more…)

АҚШ-Қытай қарама-қайшылықтары Орталық Азияның геосаяси бейнесіне қалай әсер етеді? АҚШ-та Қытайдың Орталық Азия елдерінің аймақтық қауіпсіздік саласында ықпалы артуына қатысты үрейлер бар ма? Қытайдың жұмсақ күшін АҚШ-та қалай бағалап жатыр? Осы және өзге де сауалдарды қытайтанушы, Джонс Хопкинс университетінің профессоры Эндрю Мертпен бірге арнайы CABAR.asia үшін талқыладық. (more…)

Қазақстандықтар интернеттен өздері туралы жалған ақпаратты өшіре ала ма? Қазақстан ұмытылу құқығын енгізе ме? Ал енгізсе, сөз еркіндігіне зияны тимей ме? Бұл туралы CABAR.asia цифрлық адам құқықтарын қорғау және еуразиялық кеңістікте интернетті зерттеу жобаларын әзірлейтін Eurasian Digital Foundation негізін қалаушы, DRCQ заң фирмасының директоры Руслан Дайырбековпен әңгімелесті. (more…)

«Оппозиция жоқ» деген тақтайша билікшіл БАҚ редакциясында ілініп тұрды, ол Қазақстандағы билікті сынайтындарды мүлдем атауға болмайтынын көрсетеді. Бұл журналистік ертегілер санатынан алынған тақтайша, бірақ бұл жерде шындық та бар – қазақстандық БАҚ-та өз-өзін шектеу бар. Неліктен журналистер өздері үшін цензор болатынын CABAR.asia талдап көрді.

(more…)

Anar Bekbassova 15.05.23

Оқушылардың хиджаб киіп, орамал тағуы Қазақстан қоғамын қақ жарды. Біреулер діни баскіимдерді киюді шектеу деп таныса, енді біреулер мұндай әрекетті зайырлы мемлекетке тән қалыпты жағдай дейді. Ал үшіншілері мектепке жарайтын орамал моделін жасап жатыр.

(more…)

Қазақстанда ақпараттық доктрина бекітті. Оның мақсаты – «тарихи турбулент жағдайда» елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бірақ бұл құжат доктринада ақпарат саласына қатысушылардың өзара іс-қимылының негізі ретінде белгіленген сөз еркіндігін де қорғай ала ма? (more…)