© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Қазақстандағы медианың әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министрдің сотын еркін жариялағаны неліктен жақсы?

Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіріп, азаптады деп айыпталып жатыр. Істі алқабилер алқасы қарастыруда. Процесс тікелей эфирде көрсетіледі, сондықтан оны кез келген адам шектеусіз көре алады.

Қуандық Бишімбаев. Фото: Қазақстанның Жоғарғы соты

2024 жылдың 27 наурызында басталған басты сот процесін Қазақстаннан және шетелден жүздеген мың көрермен көріп жүр.

«Онлайн-трансляцияны бақылағанда екі жүз мың адам (көрермен) деген цифр көрдік. Мұндай сандарды, кез келген себеппен, тіпті спорттық жарыстардан да көрмегем. Бұл процеске үлкен назар ауғанын көрсетеді», – деп атап өтті Дмитрий Дубовицкий, «За нами уже выехали» YouTube арнасының авторы.

Медиа үшін сын сағат

Көрермендер тараптардың өзара қарым-қатынасын, куәлардың қалай дайындалғанын, прокурор, жәбірленушінің өкілдері және сотталушының қорғаушысы қандай тактиканы таңдайтынын бақылай алады. Ашық соттың бұл маңызды аспектісіне әйелдер өкілдігіне арналған tits talking подкасының негізін қалаушы Айсұлу Тойшыбекова назар аударды.

Оның айтуынша, медиа үшін мұндай ашықтық сот залынан дер кезінде материал жазуға көмектеседі, өйткені ақпаратқа қол жеткізу үшін YouTube-ті ашу жеткілікті ғана. Сол жерден әлеуметтік желілерге арналған бейне контентті де ала аласыз.

Алайда сотта айтылған ақпаратқа шектеусіз қол жеткізу Қазақстандағы медиа үшін этикалық сынға айналды.

«Салтанат Нүкенова және оның жадына өте сезімтал жақындарының жеке өміріне қол сұғылмауға құқығы бар екеніне нық сенімдімін. Сондықтан сотта болып жатқанның барлығын сүзгісіз жария етуге құмарлық маған түсініксіз», – деп мойындайды Тойшыбекова.

Барлық журналистер төтеп бере қоймаған тағы бір қиындық – соттың алқабилер қысымға ұшырамас үшін олардың фотосуреттерін немесе бейнежазбаларын таратпау туралы талабы. Бір телеарнаның қызметкерлері алқабилер алқасын эфирден көрсетті. Оқиғадан кейін барлық журналистер сот залынан шығарылды.

Дмитрий Дубовицкий алқабилердің суреттерін тарату заң бұзушылық деген пікірмен келіседі.

Дубовицкий: «Журналистерді шығарып жіберуді репрессиялық деп қабылдауға болады, бірақ өркениетті көзқарас тұрғысынан бұл қисынды», – дейді. – Журналистер сот залынан шығарылады деген хабар шыққанда, мен олар осы сылтаумен хабар таратуды шектеу туралы шешім қабылдайды деп ойладым, бірақ олай етпеді. Бұл жақсы».

Айсұлу Тойшыбекова да соттың алқабилердің беттері бар материалдарды алып тастау туралы талабын БАҚ-қа қысым деп санамайды.

«Тіпті журналистер видеоны өз сюжеттерінен және сайттан алып тастаса да, бұл кадрлар интернетке тарап кеткен. Мүмкін оларды өздері жүктеп салғандар өшіріп тастайтын шығар», – деп үміттенеді Тойшыбекова.

Құқықтық мәселелер

Бұқаралық ақпарат құралдарының сот залынан шығарылуына қатысты жағдай журналистердің сот процестерін жариялау кезінде заң тұрғысынан сауатты болуы және белгілі бір ережелерді есте сақтауы қажет деген сұрақ туындатады. «Құқықтық медиа орталығы» қоғамдық қорының директоры Диана Окремова осы пікірде.

Адвокат Джохар Өтебеков көптеген журналистер осы атышулы сот процесінің арқасында алқабилер соты туралы түсінігін алғаш рет қалыптастыратынына сенімді.

«Бұл құқықтық мәдениетті арттырып, адамдардың құқықтық санасын байытады. Заңға деген құрмет артады, адамдар сот істің барлық мән-жайын мұқият зерттеп, қорғаушы тарапты тыңдау керегін түсіне бастайды. Ашық сот отырыстары мен басқа да сот процестерін тікелей эфирде көрсетуге журналистер тарапынан сұраныс артады», – деп түсіндіреді Өтебеков.

Дмитрий Дубовицкий мұндай ашық процесс қазақстандық соттардың қалай жұмыс істейтінін түсінуге мүмкіндік беретінімен келіседі.

«Судья, адвокаттар, мемлекеттік айыптаушы – процеске қатысушылардың барлығы қысым үстінде, олар өз жауапкершілігін сезінеді, ал мұндай жағдайда заң бұзу әлдеқайда қиын», – екеніне сенімді Дубовицкий. «Жұмыс істейтін нәрсені көргенде, сіз сұрақ қоя бастайсыз: «Неге әрқашан осылай бола бермейді? Неліктен барлық соттар трансляцияланбайды?»

Бекер құрбандық емес

Салтанат Нүкенова. Сурет: Нүкенова HELP / Т.ме

Диана Окремова Салтанат Нүкенованың соты – азаматтық қоғамның бұдан былай үнсіз қалмай, оның бір нәрсеге әсер етуі мүмкін екенін түсінген көрсеткіші деп санайды. Оның айтуынша, бұл онлайн-процесс болмағанда анық болмайтын нәрселер ашылып жатыр. Мысалы, Салтанат соққыдан кейін көпке дейін есін жимаған кезде Бишімбаевтың көріпкелге хабарласуы. Көріпкел экс-министрге Салтанат оянады деп уәде берген. Бұл, Бишімбаев айтқандай, оны тыныштандырып, сондықтан жедел жәрдем шақырмаған.

«Ересек адам көз алдында басқа адамның өліп жатқанын көріп, жедел жәрдемге емес, қалайша көріпкелге хабарласа алады?! — дейді Окремова.

Салтанат Нүкенованы өлтіру ісі Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін ушықтырып жіберді.

«Бишімбаевтың сот процесін көрсету арқылы журналистер қазақстандықтардың гендерлік зорлық-зомбылық пен әйелдердің мәртебесіне көзқарасына әсер ете алады. Біз Салтанаттың отбасына көп қолдау көрсетіп жатқанын көреміз, бірақ құрбандарды кінәлау, сексизм және мизогинияны да көріп отырмыз. Осының барлығы біздің қоғамдағы зорлық-зомбылық, билікті асыра пайдалану, өшпес патриархат туралы үлкен диалогтың жаңа раунды», – деп ой бөліседі Айсұлу Тойшыбекова.

Оның үстіне Салтанат ісі тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңның қабылдануына қосымша стимул болды. Еске салайық, 2024 жылдың 15 сәуірінде Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық деп санайтын заңнамалық түзетулер қабылданған болатын. Ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру туралы баптар Әкімшілік кодекстен Қылмыстық кодекске ауыстырылды, ол 2017 жылы алынып тасталған болатын.

«Заң кез келген жағдайда қабылданар еді, бірақ мүмкін осылай тез емес. Жыл сайын зорлық-зомбылықтан көз жұмған әйелдер мен балалардың статистикасын ескермеуге болмайды. Қабылданған заң – азаматтық қоғамның жеңісі. Жазалау қаупі, мысалы, бас бостандығынан айыру, адамдар қандай жағдайда болса да, тежеуші әсер етеді», – дейді Окремова.


Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді. 

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: