Роскомнадзор қазақстандық БАҚ-тарға Украинадағы соғыс жайлы материалдарды өшіруді талап етуде. Роскомнадзордың ресейлік емес, қазақстандық медиаларға наразылық білдіруге хақылы ма? Сол талаптарды Қазақстанның цифрлы суверенитетіне қол сұғу дей аламыз ба?
Шекті сезбейді
Ресейдің байланыс пен бұқаралық коммуникацияларды бақылау қызметі (Роскомнадзор) 2022 жылы қазақстандық БАҚ-тардан Украинадағы соғысқа қатысты мақалаларды өшіруді талап еткен. Роскомнадзор пікірінше, жарияланып жатқан деректер жалған ақпарат, себебі олар «РФ қорғаныс министрлігінің ресми деректеріне қайшы келеді». Материалды өшіруден бас тартқан жағдайды, Роскомнадзор ақпараттық ресурсты Ресей кеңістігінде бұғаттаймыз деп қорқытуда. Былтырғы жылдың басынан бері кемі тоғыз қазақстандық БАҚ осындай ескертулер алған.
Алғаш болып Роскомнадзордың мұндай «хабарын» Newtimes.kz сайты алған. Редакцияға 2022 жылдың 14 сәуірінде порталда жарияланған ақпаратта жалған деректер бар деген хабар келген. Бас редактор Дмитрий Ким айтуынша, мақала Ресейге салынған санкциялар жайында болған. Сонымен қатар онда «BBC орыс қызметіне» тікелей сілтеме болған. Newtimes.kz Роскомнадзор талаптарын орындаған, себебі, Дмитрий Ким айтуынша, ресейлік оқырмандарды ақпаратқа еркін қолжеткізу мүмкіндігінен айырғысы келмеген.
Келесі болып 2022 жылдың тамызында Роскомнадзордан ескертуді Ratel.kz алған. Ресейлік мемлекеттік органға «Ресейлік азаматтар Украинадағы соғысты қаншалықты ұзақ қолдамақшы» мақаласы жақпаған. Онда ресейліктердің соғысқа қатынасы жайлы айтылған. Ratel.kz бас редакторы Марат Асипов өздерінің ресейлік құзіретті орган талабы бойынша материалды алып тастауға ниеті жоқ екенін айтып, «Иә, біз трафиктің бір бөлігі Ресейден келетінін түсінеміз. Бірақ бізге қазақстандық оқырман маңыздырақ» деп атап өткен.
Асипов бұл ескертуді Қазақстанның ішкі істеріне араласу деп бағалап, Сыртқы істер министрлігінен шара қолдануды сұраған.
Роскомнадзор сотқа шақыруда
2022 жылдың қарашасында Роскомнадзор Қазақстандық Arbat.media порталынан «Ресейлік оккупанттар Харьков облысында жеңілуде, бірақ оны мойындағысы жоқ» деген материалды өшіруді талап еткен. Онда автор Харьков облысында Украина қарулы күштері Ресей әскерінен бірнеше елді мекенді қайтарып алғанын, ал ресейлік БАҚ пен ресми тұлғалар бақылау жоғалтқанын растамағаны жайлы айтқан.
Десе де Arbat.mediа жағдайында Роскомнадзор ескертуден асып түскен: редакцияны интернет-ресурста жарияланған ақпаратты жалған, РФ кеңістігінде таратуға тыйым салынған ақпарат деп тану үшін ресейлік сотқа шақырған. Роскомнадзор қызметкерлерінің пікірінше, материал «арнайы операцияны өткізу мақсаттары жайлы түсініспеушілікке итермелейді». Сот шағымында Роскомнадзор «арнайы операция жоспарында Украина территориясын басып алу жоқ» екенін атап өткен.
Сот 17 ақпанда Владимир облысында өткен. Arbat.mediа бас редакторы Сырым Иткулов, сот нәтижесінін білмейтіндігін атап өтткі. Бірақ сот шешіміне қарамастан, редакция материалды өшіруге ниетті емес.
«Қазақстандық жаңалық басылымы бола тұра, ұйым қазақстандық заңнаманы бұзбайды, сол себепті материалды өшіруге еш негіз жоқ», – деп Arbat.mediа хабарлады.
Сырым Иткулов ойынша, Роскомнадзордың олардың медиаға ден қою себебі – Ресейден келетін трафикке қатысты. « Сайт оқырмандарымыздың 45%-s Ресейден», – деп атап өтті.
Иткулов айтуынша, Роскомнадзордың Arbat.media-ға қоятын талаптарының ешқандай заңды негізі жоқ: «Ресей тарапының бұл талаптары сюрреалистік, не заңдық, не моралдық негіздерге сай келмейді».
Желтоқсандағы талаптар
2022 жылдың желтоқсанында Роскомнадзор «Власть» басылымынан Украиндағы материалдардың бірқатарын өшіруді талап еткен. Нақтырақ айтқанда, Мариупольда қайтыс болғандар саны жайлы материалы мен Украинаның Винница қаласындағы оққа шалынғандар жайлы жаңалық туралы. «Власть» басылым қызметі ресейлік заңдармен реттелмейтінін алға тартып, келіссөзге бармаған.
Редакция мәлімдемесінде «Редакция аталған немесе Украинадағы соғыс жайлы өзге кез келген мақаланы өшірмейтінін айтып, әскери цензураға жауапты ресейлік ведомство пікіріне қарамастан, соғысты жария етуді тоқтатпайды», – делінген.
Сол айда осыған сай талап (материалды алып тастау) Informburo.kz жаңалық порталына да келген. Роскомнадзор Украинадағы әскери әрекеттерге байланысты күнделікті жасалатын шолуын өшіруді талап еткен. Редакция да тек қана қазақстандық заңдарға негізделетінін айтқан.
Informburo.kz бас директоры Анастасия Боловинцева айтуынша, Роскомнадзордан келген талаптар легі Украинадағы соғысқа дейін келе бастаған. Алғаш рет басылым тарапына талап 2020 жылы келген (олардың жалпы саны бесеу).
«Біз ол кезде Қазақстанның Ақпарат пен қоғамдық даму министріне хабарластық, соған қоса, прокуратурадан да сұрадық. Бірақ ешқандай мардымды жауап алмадық: біз не істеуіміз керек, қандай әрекет танытуымыз керек», – деп баяндайды Анастасия.
Informburo.kz порталы материалды өшірмей, ол Ресей Федерациясында да қолжетімді болу үшін министрлік көмегінсіз-ақ шешім тапқан.
«Бізге Ресейден келетін аудиторияна қазақстандық аудиториядан кейін екінші орында. Оларды жоғалтпас үшін біз наразылық тудырған нақты материалдарға шектеу қоямыз. Ол контент ресейліктерге қолжетімсіз. Осылайша, біз Ресейде ешқалай бұғатталмағанбыз», – дейді Боловинцева.
Informburo.kz бас директоры үшін Роскомнадзордың ескертулерді тікелей БАҚ өкілдеріне жіберетіні ерсі көрінеді екен. Боловинцева пайымдауынша, мұндай сұрақтар мемлекет органдар деңгейінде шешілуі керек.
«Тіпті мұндай мәселелер мемлекеттік деңгейде шешілсе де, мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Роскомнадзор тарапына өтер еді деп ойламаймын. Роскомнадзор өкілдері біздің тәуелсіздігімізге әсер етпеуі керек деп есептейді», – дейді Анастасия Боловинцева.
Қорғану керек
Құқықтық медиа орталық заңгері Гүлмира Біржанова Роскомнадзор тек өз еліндегі ғана ресурстарды бұғаттай алатынын атап өтті.
«Не дегенмен де оларда әзірше мұндай мүмкіндіктер олардың заңдарында көрсетілген. Өз елдерінде ресурстарды бұғаттай алады. Біздің АҚДМ оларға кедергі бола алмайды», – деп түсіндірді заңгер.
Біржанова заңдық тұрғыда Қазақстан территориясында Роскомнадзор ештеңе істей алмайтынын атап өтті.
«Егер олардың қазақстандық бөлікке [интернеттің] шығу құзіреттілігі мен техникалық мүмкіндіктері болса, онда мұны қазақстандық медиа суверенитетіне қол сұғу деуге болар еді», – дейді заңгер.
Дегенмен сарапшы пікірінше, біздің министрлікке қалыптасқан жағдайға ашық жауап қайтарып, ресейлік ведомстводан хат алғанда журналистер не істеу керектігін білу үшін бір ескертпе жасап шығарулары керек еді.
«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде мұндай хабарландырулар келген жағдайда журналистер оны елемеуге құқылы екенін әрі Қазақстан территориясында оларды ешкім бұғаттамайтынын түсіндіруі керек еді», – деп толықтырды спикер.
«Әділ сөз» халықаралық сөзді қорғау қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова да мемлекеттік органдардан нақты жауап күтуде. Ол Сыртқы Істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Ақпарат министрі Дархан Қыдырәліге ашық хат жазған. Онла Қарлығаш Жаманқұлова келесідей сұрақтарға жауап беруді сұраған: қандай халықаралық келісімшарттар Роскомнадзорға қазақстандық журналистерге сотқа шақырту жіберуге мүмкіндік береді? Сыртқы Істер министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері қандай әрекет танытады?
Құқық қорғаушы ұйым басшысы Қазақстанда цензураға жол жоқтығын атап өтті.
«Біздің суверенді еліміздің территориясында цензура орнату көзделмейді, оған қоса өзге Елдер заңнамасының жүруі де жоспарланбаған. Біздің азаматтар мен мемлекеттің мүддесін қорғау – билік органдарынан талап ететін жалғыз затымыз», – деп Қарлығаш Жаманқұлова «Әділ сөзде» Қазақстан билігінің шара қолдану маңызды деп санау себебін түсіндіріп өтті.
«Президент Тоқаев айтқан идеологиялық суверенитет, БАҚ тәуелсіздігін қамтамасыз етпей жүзеге аспайды», – дейді Жаманқұлова.
Билік үні
Қазақстанныңт Роскомнадзор әрекеттеріне деген алғашқы ресми жауабы Arbat.media порталын сотқа шақырғаннан кейін ғана келіп түсті. ҚР СІМ ресейлік сот РФ азаматтық-процессуалды кодексіне сай әрекет еткенін мәлімдеді. Демек оның Қазақстан жерінде күші жоқ. Оған қоса, СІМ Arbat.media ешқандай қазақстандық заңды бұзбағанына сенімді екенін атап өтті.
CABAR.asia Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әлі күнге дейін бұл әрекеттерге ешқандай баға бермегендіктен, оларға сұрау жіберді. Онда ведомство позициясын айқындауды өтінген. Өз жауабында министрлік тура СІМ сияқты «шетелдік ведомство шешімдері заңдық күшке ие емес, оған қоса ҚР территориясында қолданылмайтынын» атап өткен.
CABAR.asia Роскомнадзорға өз позициясын айқындауды өтініп, сұрау жіберген. Дегенмен ресейлік ведомство хатқа жауап бермеді.
Мақаланы дайындаған сәтте ресейлік ведомство ескерту жіберген қазақстандық медианың бәрі РФ территориясында қолжетімді боп қалды. Бұл шешімге Роскомнадзордың бұғатталған ресурстар реестрі арқылы келдік.
Бас сурет: Freepik
Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.