Қазақстанда құқық бұзушылардың камераға түсіп кешірім сұрауы бөлек жанрға айналды. Жылдамдықты арттырғандар, сепаратизмге күдіктілер, тиктокерлер, кәсіпкерлер, шенеуніктер және басқа да азаматтар өздерінің теріс қылықтары үшін кешірім сұрайды.
Тәубе сөздері
2022 жылдың соңында қазақстандық кәсіпкер Рәміл Мұқарапов қазақ тіліне қатысты даулы мәлімдемелер жасап, жанжалдың ортасында қалды. Ол орыс тілінде сұрақ қойса, қазақша жауап беру «мәдениетсіздіктің» белгісі екенін айтты.
Бірнеше қоғам қайраткерлері Мұқараповтың үстінен полицияға шағым түсіріп, құқық қорғау органдары «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық және діни араздықты қоздыру фактісін тексеру» үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады. Көп ұзамай Мұқарапов көпшілік алдында кешірім сұрап, оның сөздерін дұрыс түсінбегенін айтты. Полиция қылмыс белгілерін көрмегендіктен кәсіпкерге қатысты іс тоқтатылды.
Осы жылдың сәуір айында «Солтүстік Қазақстан облысы еңбеккерлерінің халық кеңесі» деп аталатын ұйым өкілдері Қазақстан халқы мен президент Тоқаевтан кешірім сұраған видео түсірген болатын. Бұған дейін олар тәуелсіз «Петропавл қалалық халық кеңесін» құру туралы жариялап, Қазақстанның тәуелсіздігін мойындамайтын декларация қабылдады. Кешірім сұраған видеода «Кеңестің» бірнеше мүшесі оларды дұрыс түсінбегендерін жеткізіп, Қазақстанның тұтастығына күмән келтірмейтіндерін айтты. Алайда бұл істің нәтижесіне әсер етпей, құқық бұзушылар изоляторға жабылды.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлер өз әрекеті үшін ешкімді кешірім сұрауға мәжбүрлемейтініне сендірген, дегенмен кей жағдайда мұндай өкіну жауапкершілікті жеңілдетуі мүмкін.
Бірақ камера алдында кешірім сұрауды оң тәжірибе деп санауға бола ма? Бұл туралы CABAR.asia «Әділ сөз» сөз еркіндігін қорғау халықаралық қорының жетекшісі Қарлығаш Жаманқұловамен әңгімелесті.
Сенім эрозиясы
– Айтыңызшы, құқық бұзушыларды кешірім сұрауға мәжбүрлеуге бола ма?
– Кешірім сұрау – бұл болған оқиғаға қатысты адамның жеке ісі. Кінәні мойындау мен өкінуді сот жеңілдететін мән-жай ретінде қарастыруы мүмкін. Дегенмен, ешбір сот адамды өз ойын өзгертуге, кешірім сұрауға мәжбүрлей алмайды. Үкім шығарған кезде сот адамды қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тануы мүмкін, бірақ бұл жағдайда да оны кінәсін мойындауға міндеттей алмайды (бұл сотталушының құқығы, міндеті емес).
– Мұндай көпшілік алдындағы өкінулер қаншалықты ерікті болады?
– Бұл сұрақты сол процестерге қатысушыларға, камера алдында кешірім сұрағандарға қою керек шығар. Бірақ кешірім сұрауға мәжбүрлеу – нонсенс, тұлғаны қорлау. Бұл жеке адамның жалпыға бірдей құқықтары мен бостандықтарына – жеке пікір құқығына қайшы келеді.
– Бұл тәжірибе неліктен дұрыс емес?
– Камераға кешірім сұрау – заңды немесе құқықтық құрал емес. Оны қоғамдық пікірді басқару құралы ретінде пайдаланса керек. Құқық қорғау органдары мен әділет жүйесіне деген сенімге нұқсан келтіретін өте ебедейсіз құрал. Мен мәжбүрлеп кешірім сұралатын жағдайларды айтып отырмын. Сіз маған бұл сұрақты бәрі абсурд деңгейге жетіп, пародияға пародиядай көрінетіндіктен қойып отырсыз. Қатысушылардың барлығы симулякраларда өмір сүретін сияқты. Әрине, мұндай тәжірибелерден бас тарту керек.
– Тәртіп сақшылары неге адамдарды мұндай әрекетке мәжбүрлейді? Адамдар неге бас тартпайды?
– Жақсы сұрақ. Бірақ бұл риторикалық сұрақ тәрізді. Сіз сенім эволюциясы теориясымен таныссыз ба? Оның мәніне үңілмей-ақ, шын жүректен және терең жеке шешіммен байланысты болмаса, көпшілік алдында кешірім сұрауды ойын ету қоғамдық сенім институтына нұқсан келтіретінін айтқым келеді. Халықтың сенімінің әлсіреуі, ең алдымен, дәл осы тіректерге сүйенетін қоғамдық институттарға, мемлекетке өте қатты әсер етеді.
Негізгі сурет: Freepik.com
Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.