Сізді тесті өтуге шақырамыз және өзіңіздің Қазақстандағы сөз және пікір еркіндігі саласындағы заңнама туралы қаншалықты білгеніңізді анықтаңыз.
Қазақстандықтардың сөз және пікір еркіндігіне қай заңнамалық акт кепілдік береді?
- Қылмыстық кодекс
- Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң
- Конституция
- Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заң
Жыл сайын еркін мемлекеттер рейтиңін жасайтын Freedom House халықаралық ұйымы Қазақстанды 2023 жылы еркін емес ел деп бағалады. Ұйым бұл рейтиңде БАҚ еркіндігін қалай сипаттады?
- Қазақстандағы БАҚ тек үкіметке бағынады
- Қазақстанда тәуелсіз БАҚ пен журналистер жоқ
- Әкімдіктер облыстық және республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарын монополиялап алған
- Қазақстандағы БАҚ тәуелсіздігі өте шектеулі
2023 жылы Қазақстан Баспасөз бостандығы индексінде 180 елдің ішінде 134-ші орынға ие болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 орынға төмен. Бұл индексте елдер қандай категория бойынша бағаланады?
- Саяси контекст
- Экономикалық контекст
- Әлеуметтік-мәдени контекст
- Жоғарыда айтылғандардың барлығы
Қазақстанда цензураға заңмен тыйым салынғанымен, іс жүзінде ол бар. Цензура қандай формада болуы мүмкін?
- «Ыстық нүктелерде» жұмыс істейтін журналистердің сауыт кию қажеттілігі
- Үкіметтік брифиңде журналистердің сұрақтарын елемеу
- Журналистерге еңбекақыны еңбек шартында белгіленген мерзімнен кешіктіріп төлеу
- Конфликт жағдайларды қамтуда екінші көзқарасты беру қажеттілігі
«БАҚ туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдар журналистердің мемлекеттік органдардан ақпарат сұрауына мүмкіндік береді. Алайда іс жүзінде журналистердің бұл мәселеде қиындықтары бар. Қандай?
- Жауап беру мерзімін сақтамау
- Сұраныстың бөлігіне ғана жауап беру
- «Әкімшілік үнсіздік» немесе өтінішті толығымен елемеу
- Жоғарыда айтылғандардың барлығы
2023 жылғы 20 наурызда Қазақстан Президенті Жарлығымен Ақпараттық доктринаны бекітті. Доктринада қолданылған қандай ұғым(дар) талданбаған және оның мазмұны түсініксіз?
- Ақпараттық егемендік
- Бұқаралық ақпарат құралдары
- Сөз еркіндігі
- Редакция
Парламентте «Масс-медиа туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Онда цензура деген ұғым бар ма?
- Жоқ
- Иә
- «Цензура» түсінігі «өзін-өзі реттеу» ұғымымен алмастырылған
- Маған жауап беру қиын
2023 жылдың 10 қыркүйегінде күшіне енген «Онлайн-платформалар туралы» заң қандай жаңа ұғымдар енгізді?
- Аккаунт
- Инфлюенсер
- Жоғарыда айтылғандардың барлығы
- Жоғарыда аталғандардың ешқайсы
«Онлайн-платформалар туралы» Заңдағы заңсыз контент тізіміне енген «Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне күмән келтіретін мәлімдемелер» деген сөздің салдары қандай?
- Қазақстанның бөлінуі
- Қылмыстық істердің көбеюі
- Республика күнін тойлауды ауыстыру
- Жоғарыда аталғандардың ешқайсы
Сарапшылар журналистикадағы, азаматтық белсенділік пен адам құқықтарын қорғаудағы әйелдердің басым болуын немен түсіндіреді?
- Қазақстандағы гендерлік дисбаланс
- Сексизм
- Заңды талап
- Басқа фактор
Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық медиада өзін цензуралауға не итермелейді?
- Журналистерді негізсіз қудалау
- Журналистерді тұтқындау
- Жоғарыда айтылғандардың барлығы
- Басқа факторлар
Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда цифрлық құқықтар толық қамтамасыз етілмеген. Мұның себебі не?
- Интернет-провайдерлер көрсететін қызметтерге шектеулер
- Ақпаратқа қол жеткізуге шектеулер
- Сөз еркіндігін шектеу
- Жоғарыда аталған факторлардың барлығы
Сіздің ойыңызша, тест Қазақстандағы заң және сөз еркіндігі мен цифрлық құқықтар туралы біліміңізді жақсартуға қаншалық көмектесті?
- 5 жұлдыз – көп көмектесті
- 4 жұлдыз – өте жақсы
- 3 жұлдыз – орташа
- 2 жұлдыз – көп емес
- 1 жұлдыз – мүлдем көмектеспеді
Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.