Соғыс және бейбітшілік репортаждары институты (IWPR) және «Ұлттық және
халықаралық дамыту бастамалары институты (ҰХДБИ)» ҚҚ Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Қазақстан үшін азаматтық қоғам (CS4K)» жобасы аясында тренинг ұйымдастыруда. Тренингтердің мақсаты – жергілікті АҚҰ-ның адвокациялық қызмет саласындағы әлеуетін арттыру және өзгерістерді ілгерілету бойынша жергілікті қоғамдастықпен жұмыс істеу, сондай-ақ ұйымдар арасында тәжірибе алмасу.Тренинг қазақстандық құқық қорғаушыларға, белсенділерге, азаматтық қоғам
өкілдеріне арналған.Іс-шара Алматы мен Астана қаласында өтеді. Қазақстанның басқа өңірлерінен
қатысушылар үшін тренинг өткізу кезеңінде Алматы/Астана қалаларында жол жүру және тұру шығыстары өтеледі.Қашан?
3-14 мамыр 2024 – Алматы 20-21 мамыр 2024 – АстанаТренингке қатысуға өтінім беру үшін осы нысанды 2024 жылғы 10 сәуірде сағат 18:00-
ге дейін (Алматы бойынша) толтыруларыңызды сұраймыз. Орындар саны шектеулі – осыған байланысты қатысуға өтінімдерді іріктеу комиссиясы өткізілетін болады!Іріктеу нәтижелері өтініш формасында көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.
Жобаның мақсаты – азаматтық қоғамның күш-жігері арқылы Қазақстанда бостандықтар мен құқықтарды ілгерілету.