© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

IWPR және «ИНМИР» ҚҚ Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Азаматтық қоғам Қазақстан үшін» жобасы аясында Алматы және Астана қалаларында «Эдвокаси» тақырыбында трениңдер өткізді.

Азаматтық қоғамның күш-жігері арқылы Қазақстандағы бостандықтар мен құқықтарды ілгерілетуге бағытталған «Азаматтық қоғам Қазақстан үшін» жобасының аясында Алматы (13-14 мамыр 2024 ж.) және Астана (20-21 мамыр 2024 ж.) қалаларында трениңдер өтті.

Іс-шараға қызығушылық танытқан адамдарды барынша тарту үшін екі қаладағы екі күндік «Эдвокаси» тақырыбындағы семинарлар гибрид форматта – офлайн және онлайн режимде өтті. Семинарда лекциялар, талқылаулар, практикалық жаттығулар мен интерактив іс-шаралар болды.

Өзінің құттықтау сөзінде Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің бағдарлама менеджері Гүлнар Дүсіпова бұл жобаның маңызын атап өтіп, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы жұмысына тоқталды. Сәлемдесу барысында IWPR жоба менеджері Азиза Мұхаметова жобаның мақсаттары, міндеттері және алдағы іс-шаралары туралы айтып берді.

«ИНМИР» ҚҚ директоры Светлана Ушакова модератор болды. Оның ҮЕҰ дамыту және азаматтық белсенділік, қоғамның қатысуы, үкімет пен бизнестің ашықтығы мен есеп беруі, бағдарламалар мен жобалардың мониториңі мен бағалауы мәселелері бойынша тәжірибесі мен мамандануы қатысушылар үшін пайдалы болды.

Теориялық және практикалық тапсырмалар талантты тренерлер – ұйымдастырушылық даму, кеңес беру және жобаларды басқару бойынша сарапшы Татьяна Седова, «Десента» ҚҚ директоры Сергей Гуляев, «Еркіндік қанаты» қорының тең құрылтайшысы және тәжірибелі заңгер Роман Реймердің қатысуымен өтті.

Трениң бағдарламасының өзі эдвокаси-науқанды (ЭН) құрайтын төрт кезеңнен тұрды:

1-кезең – Дайындық: кез келген ЭН-да қажеттіліктер мен басымдықтарды белгілеуге, мақсаттарды (стратегияларды) анықтауға негізделген.

Бұл кезеңде қатысушылар өздерінің көздеген тобын, оның қажеттіліктерін біліп-білмейтінін және бұл қажеттіліктердің дұрыстығына қалай көз жеткізуге болатынын анықтау керек болды.

2-кезең – Жоспарлау: ЭН мақсаттары мен міндеттерін анықтау, сондай-ақ ЭН өткізу әдістері мен тәсілдерімен танысу: өтініштер, хаттар, e-otinish, соттар арқылы жүгіну және т.б. (мүдделі тараптарды талдау негізінде).

3-кезең – Ұйымдастыру: коалиция құру және әлеуетті серіктестерге месседж әзірлеу. Сондай-ақ серіктестерді дұрыс таңдау және олармен өзара әрекеттесу ережелерін орнатудың маңызы айтылды.

4-кезең – Іске асыру: таңдалған жергілікті мемлекеттік органдармен немесе нақты тұлғалармен өзара іс-қимыл тактикасын әзірлеуді, сондай-ақ тәуекелдерді бағалау әдіснамасымен танысу және адвокаттық науқандарды жүзеге асыратын азаматтық қоғам ұйымдары, құқық қорғаушылар, белсенділер, заңгерлер және журналистердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәуекел картасымен танысуды қамтиды.

5-кезең – Науқанды бағалау: ЭН бағалау дұрыстығы, сондай-ақ осы мақсатта қолданылатын көрсеткіштер талқыланды.

Бағдарламаның ажырамас және маңызды бөлігі эдвокаси науқандарды жүзеге асыратын азаматтық қоғам ұйымдарының, құқық қорғаушылардың, белсенділердің, адвокаттардың, журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі сессия болды.

Қатысушылар процеске белсенді араласты және әр трениң сессиясына атсалысты, сонымен қатар тақырып бойынша топтарда жұмыс істеу немесе қажеттіліктерді анықтауға арналған құралдарды әзірлеу және ұсыну (анкета, сауалнама, фокус-топ нұсқаулығы) сияқты талқылауларға және барлық практикалық тапсырмаларға белсенді қатысты.

Қатысушылар гипотетикалық жағдайларға тап болды, онда олар питчиң машығын жаттықтыру керек болды. Мысалы, қатысушы лифтте қала немесе аудан әкімімен кездесіп қалып, екі минут ішінде бірдеңені келісіп немесе өз жобасын қорғауы керек болатын жағдай болды.

Қатысушылар трениңнің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын ғана емес, сонымен қатар оның кәсіби даму үшін өзектілігін атап өтті, сондай-ақ алдағы уақытта осындай іс-шараларға қатысуға ниет білдірді.

«Трениңді ұйымдастырушыларға көп рақмет, өте жақсы және түсінікті трениң. Енді өзім адвокаттық трениң өткізіп, Абай ауданында коалиция құрғым келеді. Алдағы уақытта да қолдау болады деген үміттемін», – деді Семейдегі қоғамдық ұйымның өкілі Асқар Садықов трениң туралы.

«Маған ұнады және тренерлердің тәжірибесінен нақты кейстерді қарастыру маңызды болды, достық атмосфера, қажетті ақпарат болды. Бар болғаны екі күн аз боп көрінді, тереңірек түсінгім келеді», – деді алматылық белсенді Әсел Жатқанбай.

Абай ауданындағы Қарабас ауылынан келген зейнеткер Сақан Әубәкірова: «Трениңнің пайдасы зор. Спикерлер – жоғары санатты мамандар. Өтініш: трениңге көбірек уақыт керек, өйткені ақпарат көп және оны игеру үшін уақыт қажет».

Көп қатысушылар трениңнің қысқа ұзақтығын атап өтті және ЭН бойынша білімдерін тереңдету үшін осындай трениңдерге көбірек уақыт бөлуге ниет білдірді. Жоба өңірлердегі қажеттіліктерді анықтау үшін деректерді жинау бойынша онлайн трениң өткізуді, сондай-ақ қатысушылар эдвокаси саласында одан да көп тәжірибе мен машық игере алатын коалиция құру, дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында сарапшылардың өңірлерге баруын қарастыратынын атап өткіміз келеді.


Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: