© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

IWPR мен «Еркіндік қанаты» ҚҚ Еуропалық Одақтың «Цензурасыз Қазақстан» жобасы аясында уоркшоп өткізді.

Құқықтар мен бостандықтар, сондай-ақ заңнамадағы өзгерістер туралы ақпарат қазақстандықтарға түсінікті түрде жете бермейді. Әдетте, оны сарапшылар қарапайым азаматтарға түсіндіруге қиын заң терминдері мен сөз тіркестерін қолдана отырып жариялайды. Сондықтан азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтары туралы хабардарлығын арттыру үшін ақпаратты өңдеп, түсінікті контент жасау үшін адамдар қажет.

Осы мақсатта 2024 жылғы 14-15 наурызда Алматыда цифрлық құқықтар мен сөз еркіндігі тақырыбында ақпараттық науқандардың бірлескен жоспарларын құру бойынша уоркшоп өтті. Іс-шараға Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан азаматтық қоғам мен медианың 18 өкілі қатысып, тақырыптар бойынша 5 топқа бөлініп, әлеуетті қаржыландыруға болатын ақпараттық науқандардың бірлескен жоспарларын әзірледі.

Шараны Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен «Цензурасыз Қазақстан» жобасы аясында IWPR және «Еркіндік қанаты» ҚҚ бірлесіп өткізді.

Уоркшопқа қатысушылар бұған дейін 2023 жылдың күзінде «Цензурасыз Қазақстан» жобасы аясында өткен трениңдер барысында білім алған болатын. Трениң бағдарламасы сөз еркіндігі, цифрлық құқықтар, физикалық және киберқауіпсіздік, цензура және өзін цензуралау контекстіндегі адам құқықтарын қамтыды.

Азаматтық қоғам мен медиа өкілдерінің әлеуетін арттырудың келесі қадамы ретінде уоркшоптың бірінші күні қоғамдық науқандардың қолданыстағы түрлеріне, сондай-ақ контент құруға арналды. Сонымен қатар Қазақстандағы цифрлық құқықтар мен сөз еркіндігі саласындағы шешуді қажет ететін мәселелер мен негізгі сұрақтар анықталды.

Екінші күні барлық қатысушылар топтарға бөлініп, онда азаматтық қоғам өкілдері медиа өкілдерімен бірігіп маңызды және түсінікті контент жасау үшін жұмыс істеді. Екінші күннің бүкіл жұмысы толығымен топтық жұмысқа арналды, оның барысында ақпараттық науқандардың мақсаттары мен міндеттері белгіленді, мақсатты аудитория анықталып, бюджет белгіленді. Күн соңында әр топ «Цензурасыз Қазақстан» жобасы аясында жүзеге асыру үшін қаржыландыру алуға IWPR-ға жіберетін ақпараттық науқандардың прототипін ұсынды.

Қатысушылардың өздері де кері байланыста ынтымақтастық пен цифрлық құқықтарды қорғаудың маңызын атап өтті.

«Топ болып жұмыс істеу өте маңызды, әсіресе олар әртүрлі секторлардан болса, мұндай ынтымақтастық медиа жобаларды нығайтуға көмектеседі», – дейді астаналық белсенді Анна Пурлис.

«Жеке деректерді қорғау қазіргі уақытта жоғары басымдыққа ие. Халық хабардар болмаса, мәселе өздігінен шешілмейді», – дейді Меруерт Өтегенова, «Мархабат.KZ» мүгедектер қоғамы, Өскемен қаласы.

«Уоркшоп өз мақсатына жетті, өйткені қатысушылар өтінімді дайындау және болашақ ақпараттық науқанды түсіну бойынша бірнеше практикалық қадамдар жасай алды», – дейді павлодарлық тәуелсіз сарапшы және медиатренер Марал Айтмағамбетова


Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек «Еркіндік Қанаты» ҚҚ мен IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: