Шараға отызға жуық белсенді, журналист, заңгер мен құқық қорғаушы қатысты. Сарапшылар қатысушыларға адам құқықтары не екенін әрі олардың қазіргі заманда қалай бұзылып жатқанын айтып берді.
Тренинг қазанның 4-5 аралығында онлайн форматта өтті. Бұл «Цензурасыз Қазақстан» жобасының аясындағы тренингілер сериясының алғашқысы. Жобаны Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен Соғыс және бейбітшілікті жариялау институты (IWPR) «Еркіндік қанаты» ҚҚ бірлесіп жүзеге асыруда.

Ашылу кезіндегі сөзінде IWPR бағдарламалар үйлестірушісі Азиза Мухаметова бұл тренингілер сериясы жобаның маңызды кезеңі екенін әрі олардың БАҚ пен азаматтық сектор мамандарының әлеуеті мен тұрақтылығын арттыруға әкелетінін атап өтті. Тренинг қатысушылары алған білімін қалың қауымға ақпараттық науқандар арқылы тарата алады. Тренингілердің екінші легі Алматы мен Астанада офлайн режимде өтеді. Олар сөз бостандығы мен цифрлық құқықтар, сондай-ақ физикалық және киберқауіпсіздік, цензура және өзін-өзі цензура контекстінде адам құқықтарын тереңірек зерттеуге бағытталмақ.

Онлайн тренингтің модераторы «Еркіндік Қанаты» ҚҚ жоба менеджері Дана Буралкиева болды.

Бірінші күн адам құқықтары тақырыбы кіріспесін қамтып, одан өзге сөз бостандығы мен мемлекеттік істерге қатысу құқығы контекстіндегі адам құқықтарымен таныстыруға арналды. Бұл күні адам құқықтары жөніндегі сарапшы Рустам Қыпшақбаев тренер болды. Ол адам құқығының не екенін, құқық қорғаушылардың кім екенін әрі сөз бостандығына анықтама беріп, оның қалай шектелетінін түсіндірді.
Екінші күннің тренері Қырғызстаннан келген адамдардың цифрлық құқықтары жөніндегі сарапшы Ирина Байкулова болды. Ол цифрлық адам құқықтарының іс жүзінде қалай жүзеге асырылатыны туралы атап өтті. Сессия барысында Ирина цифрлық форматта контентпен, бір-бірімен әрі әртүрлі қауымдастықтармен өзара әрекеттесетін адамдардың саны күн санап артып келе жатқанын еске салды. Сол үшін офлайн ортада қолданылатын құқықтарды толығымен онлайн режимінде жүзеге асыруды қамтамасыз ету өте маңызды екенін еске салды.
Екі күн де ақпаратқа қанық болды, тренерлер әр сессияға бөлінген екі сағатта барынша пайдалы ақпарат беруге тырысты. Қатысушылар белсенділік танытып, көптеген сұрақ қойып жатты. Бұл аты аталға тақырыптар өзектілігіне деген үлкен қызығушылық барын көрсетеді.
«Өте пайдалы әрі жалықтырмайды, үйіп тыңдай бергің келеді. Рақмет, Ирина», – деді Ирина Байқұлованың тренингі жайлы қатысушы әрі фрилансер Төлеген Қазбеков.
«Цифрлы құқықтар кез келген адамның медиасауатының бөлігі екені аян. Қазіргі заманда бұл білім мен машықтарсыз өмір сұру мүмкін емес. Сол үшін құқықтарды ұстану ғана адамдардың ақпараттық кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады. Медиасауатқа үйреткен кезде кез келген дерлік тақырыпта цифрлы құқықтар мен құпиялылықты бұзу жайлы айтып өтетінмін. Бұл тақырыпты білу барлық тренер мен оқытушыға міндет», – деп есептейді тренингінің басқа қатысушысы, редактор, журналист әрі медиатренер – Голубцова Татьяна.
Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.