© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

IWPR ұйымы «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, Еуропалық Одақтың «Цензурасыз Қазақстан» жобасы аясындағы зерттеудің бастапқы нәтижелерін ұсынды

Қазақстандағы сөз бостандығы мен цифрлы құқық жағдайын анықтау үшін  Соғыс және бейбітшілікті жариялау институты (IWPR) өз серіктесі «Еркіндік Қанаты» ҚҚ бірлесіп, қазіргі заңнамаларды, халықаралық стандарттарды, цензура мен ақпаратқа қолжетімділіктің бар-жоғын зерттеп жатыр.

Зерттеудің бастапқы нәтижелерінің презентациясы 2023 жылы 18 шілдеде Астана қаласында дөңгелек үстел форматында өтті. Шараға журналистер, белсенділер, сарапшылар, құқық қорғаушылар, одан өзге мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты.

Шара модераторы қызметін «Еркіндік Қанаты» ҚҚ атқарушы директоры Елена Швецова атқарды.

Еуропалық Одақ өкілдігінің атынан Ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур мен бағдарлама менеджері Гүлнар Дусупова сөз сөйледі.

Оңнан солға қарай Гульнара Дусупова, Елена Швецова, Роман Реймер

«Сөз бостандығы ой-пікір, ар-ождан, дін бостандығы құқығы сынды өзге адам құқықтарын қолдайды, оған кепіл береді», – деп өз сөзінде Йоханнес Баур атап өтті. «Біздің ойымызша, азаматтық қоғам ұйымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы байланыстың күшеюі Қазақстан азаматтарының игілігі үшін қабылданған шешімдер ашықтығының артуына әсер етеді», – деп Йоханнес Баур мырза ойын аяқтады.

Жобаның презентациясын Қазақстандағы IWPR жоба үйлестірушісі Азиза Мухаметова жасады. Оның айтуынша, жобаның басты мақсаты – Қазақстандағы сөз бостандығын алға жылжыту, оны қорғау. Сондай-ақ халықтың өз құқықтары мен цифрлық қауіпсіздік туралы жақсырақ әрі сенімді ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету. Жобаның алдағы бір жарым жылында зерттеуді аяқтап, оның нәтижелерін кеңінен қамту үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тарату жоспарлануда. Сондай-ақ жоспарда журналистер мен азаматтық қоғам өкілдері үшін бірқатар тренингтер мен семинарлар, дөңгелек үстелдер, Open Space форматындағы іс-шаралар мен ақпараттық науқандар өткізу бар.

Зерттеудің алғашқы нәтижелерінің тұсаукесерін «Еркіндік Қанат» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы Роман Реймер ұсынды. Ол зерттеу әдістеріне тоқталды, атап айтқанда:

  1. Цифрлы құқықтар мен сөз бостандығы саласындағы, цензура мен өзін-өзі цензура элементтерін енгізу контекстіндегі қолданыстағы ұлттық заңнамаға аналитикалық шолу, оның ішінде халықаралық стандарттарды салыстырмалы анализ
  2. БАҚ өкілдері, блогерлер және БАҚ туралы заң әсер еткен басқа да мүдделі тараптар арасында онлайн сауалнама – 196 сұхбат
  3. Мүдделі тараптармен: құқық қорғаушылармен, заңгерлермен, журналистермен, оның ішінде БАҚ бас редакторларымен, блогерлермен, азаматтық белсенділермен сарапшы сұхбаты – 19 сұхбат.
  4. Диалог алаңдарын қолдану арқылы жабық топтық консультациялар, олардың арасында Алматыда бұрын өткізілген пресс-ланч, сондай-ақ осы дөңгелек үстел де бар.
Роман Реймер

Презентация барысында зерттеудің социологиялық бөлімінің нәтижелері, атап айтқанда, респонденттердің ҚР заңнамасы мен сөз бостандығы, цифрлық құқықтар саласындағы халықаралық стандарттар туралы хабардар болуы; сөз бостандығы, цензура, өзін-өзі цензуралау жағдайын бағалау; әртүрлі ақпарат көздеріне сенім деңгейі; БАҚ қызметкерлері арасында әйелдердің бой көрсетуі және басқа да мәселелер сияқты аспектілерді көрсететін диаграммалар ұсынылды. Бұл диаграмманың барлығы сұхбат барысында алынған сұрақтар бойынша сарапшылар пікірімен толықтырылды.

«Меніңше, қазақстандық журналистиканың келбеті әйел сияқты. Яғни бұл мамандық әйелдерге арналған деп саналады. Өйткені оның соншалықты жақсы жалақы алмайтыны бәріне мәлім», – заңгер әрі құқық қорғаушы әйелдің зерттеу баяндамасынан алынған дәйексөзі.

Ерекше бөлім қазіргі уақытта белсенді талқыланып жатқан әрі барлық БАҚ өкілдері, азаматтық белсенділерді алаңдатып отырған заңнамалық бастамаларға арналды. Олардың қатарында ҚР ақпараттық доктринасы; «Масс-медиа туралы» әрі «Онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы» заң жобалары бар.

«Біз үшін қабылданып жатқан заңдардың өзекті болуы, цензураға жол бермеуі мен БАҚ қызметін шектемейтіні өте маңызды. Біз онымен өмір сүруіміз керек, сондықтан бізді алаңдататын нәрсе осы!» – деп баса айтты Елена Швецова.

Дөңгелек үстел пікірталаспен аяқталды. Оның барысында қатысушылар зерттеудің презентациясы, жобаның өзі туралы өз пікірлерін білдіріп, өз ұсыныстарын айтты. Мемлекеттік органдардың өкілдері де дөңгелек үстелге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз тарапынан зерттеу бойынша ұсыныстарын айтты.

Қатысушыларды келесі фактілер алаңдатты:

  1. Жасалып жатқан «Масс-медиа туралы» заң жобасы. Оған түзетулер енгізілгенімен, азаматтарды алаңдататын, елдегі цензураға әсер етіп, ақпаратқа қолжетімділікті шектейтін тұстар әлі де жоқ емес.
  2. Көптеген телеарна мен әлеуметтік желідегі Ресей насихаты. Қатысушылар ресейлік жаңалықтарға тыйым салуды емес (себебі бұл да цензура),, осылайша адамдардың өзге пікірі болуы үшін тәуелсіз БАҚ-тың көбірек дамуына мүмкіндік беруді ұсынып отыр.
  3. Ауылдарда интернеттердің болмауы не оның нашар болуы.

Қатысушылар сонымен қатар қазіргі уақытта адамдардың цифрлық құқықтар туралы білімінде олқылықтар көп екенін, сондықтан жобаның қазір өте өзекті екенін айтты.


Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: