© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Қазақстандағы діни алуандық: төзімділік кішкентай кезден сіңіріледі

Қазақстанда 3738 діни бірлестік тіркелген. Діндердің осыншама көп болғандығына қарамастан, олар бейбіт өмір сүріп, өзіміздікі, өзгенікі деп бөлінбей, діни мейрамдарды бірлесіп тойлайды.


Біздің Telegram каналына жазылыңыз!


Күнде таңертең сағат 6:30–да диакон Иоанн, туғандағы есімі – Бақытжан Момбаев, храмға келіп, 7:30–да болатын ғибадатқа дайындала бастайды. Оның туған жері – Оңтүстік Қазақстан, 19 жасында православиені қабылдаған.

Бақытжан Момбаев

Бақытжан оның көпдінді отбасында бір бірінің діни таңдауын сыйлап үйренгенін айтады. Діни тақырыптағы талас–тартыс болмайды. Бірақ сыртқа шыққанда өзінің шіркеу қызметкері екенін білгендер таңданыстарын жасыра алмайды дейді.

«Жалпы менің отбасым дәстүр ұстанатын, қазақы, тіпті мұсылман отбасы десем де болатын шығар. Бірақ туысқандарымның көбі менің діндегі таңдауым жайлы білмейді. Олар бұл туралы оқиғаны бастан аяқ түсіне алмасы анық, сондықтан оларға жария етудің ретін де көрмедім», –  дейді Момбаев. 

Бақытжан православиеге өтсем де, халқымнан бас тартып, ұлы басқа адамға айналып кеткен жоқпын дейді. Ол өзін нағыз қазақпын деп санайды, мәдениетін, тарихын, тілін және халқын сүйеді.

Барлығы тең

Православие – христиан дінінің ең көп таралған тармағы және Қазақстандағы адам саны бойынша екінші дін. Дін істері жөніндегі комитеттің деректеріне сәйкес, елде 18 конфессия және 3738 діни бірлестік бар. 

Қазақстан – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Оның басты құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары және бостандықтары, деп атап көрсетеді Қазақстанның Дін істері жөніндегі комитет төрағасы Ержан Нүкежанов.

Біздің барлық әрекетіміз бен діндеріміз ҚР Конституциясына негізделген
 ҚР Конституциясының 14–бабы

  1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
  2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Қазақстандағы ең көп таралған дін – ислам. Ел көлемінде оның 2611 бірлестігі бар. 2009 жылғы санақ нәтижесіне сәйкес Қазақстандағы мұсылмандардың үлесі 70%–тен асады.

Орталық Азия мұсылмандары ұстанатын Ханафи мазһабы әр кезде басқа діндермен бір аумақта тату өмір сүрген, дейді Қазақстан жоғарғы мүфтиінің бас кеңесшісі Мухаммад-Хусейн Алсабеков.

Тату халық

Ислам мен православиеден бөлек, Қазақстанда басқа да қатары аз діни бірлестіктер баршылық. Мысалы, «Кришна санасының қоғамы», меннониттер, бахаилер.

Тимур Чекпарбаев

Алматы тұрғыны Тимур Чекпарбаев дінге 90-жж., студент кезінде келген. Ол кеңес одағы ыдыраған тұста айналадағының барлығы руханият туралы жиі айтыла бастағандығын еске алады. Сол сәтте Тимур түрлі сұрақтарына жауап іздеп, ақыры бахаимзге келген.

«Мені ешкім дінім үшін жақтырмай, шеттеткен емес. Тіпті бұрын–соңды бахаи туралы естімегендер бұл дін туралы маған түрлі сұрақтарын қойып, білгісі келеді», – деп еске алады Чекпарбаев.

Тағы бір алматылық Даниил Павелко жетінші күн адвентистері шіркеуінің діни қызметкері–пастордың отбасында дүниеге келген. Адвентизм Қазақстанда 100 жылдан астам уақыт бұрын пайда болған. Оны Германиядан немістер Ресей арқылы алып келген. Қазір Қазақстанда олардың 42 шіркеуі бар.

Даниил Павелко

Даниилдың өмірі кез келген дін үшін қиын кезең болған кеңес дәуіріне тұспа–тұс келген балалық шағынан Құдайға сенумен тығыз байланысты.

«Мектепте оқыған және әскерде қызмет еткен кезімде мені діннен шығаруға жиі талпынатын. «Дін деген сауатсыздардың ісі. Сенің қабілетің мол, құдай дегенге сенуден бас тартқаның жөн», деп айтатын. Бірақ кішкентай кезімнен Құдайдың бар екендігіне сенімімді нығайтқан жеке күйзелістер мен тәжірибе болды. Оған сыйынсаң, ол сені ешқашан жалғыз тастамайды. Осы жеке тәжірибемнің арқасында шешім жасаған едім», – дейді Павелко.

Кеңес одағы құлаған соң Орталық Азиядағы алғашқы синагога Алматыда салынған. Қазақстан аумағындағы еврей қауымдастықтары туралы алғаш рет сонау Ұлы жібек жолы кездерінде айтыла бастайды. Қазіргі күні елде қырық мыңға жуық еврей тұрып жатыр. Бірнеше қалада толыққанды синагогалар қызмет істейді. Оған дейін дін жамағаты сыйынуға ыңғайланған тұрғын үйлерде жиналып жүрген.

Ешая Коген

Қазақстанның бас раввині Ешая Коген өзінің дәл Қазақстанға келуін – игі оқиға деп санайды.

«Ең алғаш рет Қазақстанға келгенім 1994 жыл еді, бұрын соңды кезіктірмегенімді көрдім. Қазақ халқы ерекше, өте бауырмал халық. Барлық нәрсеге төзімділікпен қарайтын халық», – дейді Коген.

Бақытжан Момбаевтың айтуынша, бір көшеде, бір үйде түрлі ұлттар мен діндердің адамдары тұрып жататындығына титтей кезден көріп, үйрене береді:

Пасхада жұмыртқа бояп, бір бірімізге қонаққа апарамыз, мұсылманша меркелерде қой сойғанда, ет асып, қонақ етеміз.

Бұл мақала IWPR «Орталық Азиядағы тұрақтылыққа бағытталған ашық диалог» жобасының аясында әзірленді

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: