Пресс-релиз
Шымкент, Қазақстан – 17-18 мамыр 202417-18 мамырда Шымкентте алғаш рет аймақтық Go Viral фестивалі өтеді. Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылған фестиваль медиа, бизнес, мәдениет және технология салаларындағы сарапшылар мен белсенділерді біріктіреді. Толық бағдарламаны сілтемеден табуға болады.
Фестивальдің негізгі тақырыбы – «Go Viral Central Asia: Past.Present.Future». Биылғы жылы ұйымдастырушылар фестивальді идеялар, іскерлік және мәдени инновациялар алмасу алаңына айналдырып, креатив индустрияны дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Фестивальдің негізгі серіктесі – «Мирас» университеті.
Биыл 30-дан астам спикерлер мен сарапшылар Орталық Азияның мәдени мұра мәселелерін, қазіргі үрдістері мен болашағын талқылайды. Кәсіпкерлер креатив бизнесті тиімді жүргізу тәжірибесін бөліседі. Қатысушылар әлеуметтік желілерде брендті насихаттаудың және инфлюенсерлермен жұмыс істеудің заманауи стратегияларымен танысады. Тәжірибелі мамандар веб-әзірлеу, анимация және жасанды интеллектті пайдалану сияқты тақырыптар туралы әңгімелейді. Сонымен қатар, фестиваль қатысушылары дамып келе жатқан салалар мен киберспорттың өсіп келе жатқан танымалдығы туралы пікір алмасады.
Барлығын осы бірегей шараға қатысуға және өз идеялары мен тәжірибелерін ортаға салуға шақырамыз!
Go Viral Festival & Network – Орталық Азиядағы медиа, бизнес, мәдениет және технология өкілдері арасында нетуоркиң және қауымдастық құру үшін жыл сайынғы аймақтық фестиваль әрі алаң. Жобаны АҚШ Мемлекеттік департаменті қаржыландырады және АҚШ-тың Орталық Азиядағы дипломатиялық өкілдіктері қолдау көрсетеді.
2021 жылдың қазан айынан бастап жобаны Орталық Азиядағы соғыс пен бейбітшілікті баяндау институты (IWPR) жүзеге асырып келеді.
Байланыс ақпараты:
Аты-жөні: Мұзаффар Сәлметов
Телефон: +7 705 963 08 75
Электрон пошта: muzaffar@iwpr.net
Go Viral жобасының ресми сайты: https://festival.goviral.kz/shymkent_kz