© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Қазақстан: жедел-жәрдем қызметінің жаңа жүйесі оңтайлы ма?

Ендігі уақытта жедел медициналық көмек көрсету қызметі төрт категорияға бөлінеді. Бұл жүйеге емханалардың шақыртуларға баруы да қосылмақ.


Алматыдағы №23 емхананың алдындағы жедел-жәрдем көлігі. Фото: CABAR.asia

Қазақстанда жыл өткен сайын «103» қызметіне жүгінушілердің саны артып келеді. Жылына жедел медициналық көмекке жүгінушілердің саны шамамен 500 мыңға жуық. Денсаулық сақтау министрлігінің сөзінше, бұл көрсеткіш бұдан әрі де арта беретін болса, онда ресурстар әлеуеті кеміп, көлік және медициналық құрал-жабдықтар жетіспеушілігі байқалатын көрінеді.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты республикалық санитарлық авиация орталығының директоры Нұржан Отарбаев аталмыш мәселе жөнінде журналистерге мәлім етті. Сала өкілінің сөзінше, жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалушылардың саны тіпті, еуропалық елдердің көрсеткішінен көш ілгері.

«Экономикалық ынтымақтастықты дамыту ұйымы елдерінің жағдайына қарасақ, оларда бір ғана жедел көмек тобына тәулігіне небәрі 7-8 шақырту түседі. Ал, біздің елде тәулігіне 23 қоңырау шалынады. Бұл дегеніміз, жедел көмек көрсету қызметі үздіксіз әрі тынымсыз жұмыс жасайды деген сөз»,- деді Отарбаев.

Алматыдағы «Медициналық жедел жәрдем станциясының» Бас дәрігері Сәбит Пазылов.

Әсіресе, Қазақстанның ірі мегаполистік қалаларында осы салаға үлкен ауыртпашылық пен қажеттілік тудырып отыр. Дәрігерлердің өзі кейбір тұрғындардың жай болмашы дүниеге бола мазалап, қоңырау шалады. Осы жөнінде Алматы қаласының медициналық жедел-жәрдем станциясының бас дәрігері Сәбит Пазылов айтты.

«Кейде күніне бір мекенжайға болмашы проблемаға бола мазалап, күніне 3 рет қоңырау шалатындар да бар. Бірде емделуші фельшерден дүкенге барып, қан қысымын өлшеп,  ішті айдайтын екпе салып беруін өтінген жағдайларда болған. Егер мұндайлардың барлығына бара беретін болсақ, мұның барлығы қызмет үшін үлкен шығын», – деп CABAR.asia. тілшісіне Пазилов айтып берді.

2017 жылы Денсаулық сақтау министрлігі осы түйткілді шешу үшін емханалардың да жедел жәрдем қызметіне жауапты болатындығына бұйрық шығарған болатын.

2019 жылдан бастап емделушілердің белгілі бір түрлеріне арналған жедел көмек қызметіне жауапкершілігіне алатын болады.

Санаттарға бөлу

Шенеуніктер емделушілерді ауру жағдайына байланысты төрт категорияға бөлді. Біріншісіне өміріне аяқ асты қауіп төнген жандар: есін жоғалту, тоқтаусыз қан кету немесе ағу, демнің тоқтауы, қанмен жұмыс жасау. Дәл осы жағдайларда жедел түрде көмек тобы 10 минутта шақырған жерге баруы керек.

Екіншісі –  өмір жағдайына потенциалды түрде қауіп төнсе: жүрек қағысының бұзылуы, ішкі тыныс алудың бұзылуы, 3 жасқа дейінгі балаларда дене қызуының көтерілуі,  тамақтан улану.

 Аталған жағдайларда жедел көмек белгіленген нысанға 15 минутта жетуі міндетті.

 Үшіншіден, мына жағдайда көмек қызметі 30 минутта баруы керек. Олар: потенциалды түрде денсаулығына қауіп төну оқиғаларында, инфарктың алдын-алу, іш кебу, ауруы,өтуі, физиологиялық туу жағдайы, балалардың күйікке шалынуы.

Ең соңында, төртінші деңгейде ұзақ мерзімді, тұқым қуалайтын ауру түрлерімен ауыратын пациеттерге барады. Бұл кезеңде бір сағат ішінде баруға болады. Дәл осы кезде пациетті емхана көмегіне жолдауға болады екен.

 Бұйрықтың шыққанына жыл толғанына қарамастан, барлық емханалар жедел көмек қызметіне көше қойған жоқ.

Баяғы жартас сол жартас қалпында. ДСМ бұл жүйенің  еліміздегі емханалардың үштен біріне ғана енгізілгенін хабарлайды.

 

!function(e,t,n,s){var i=”InfogramEmbeds”,o=e.getElementsByTagName(t)[0],d=/^http:/.test(e.location)?”http:”:”https:”;if(/^\/{2}/.test(s)&&(s=d+s),window[i]&&window[i].initialized)window[i].process&&window[i].process();else if(!e.getElementById(n)){var a=e.createElement(t);a.async=1,a.id=n,a.src=s,o.parentNode.insertBefore(a,o)}}(document,”script”,”infogram-async”,”https://e.infogram.com/js/dist/embed-loader-min.js”);

Жаңа жүйе емделушілерге тиімді ме?

Заңмен бекітілген реформа емдеу мекемелері үшін процедуралық және дайындық кезеңдері болып табылады. Емханаларға кезек күттірмейтін көмек қызметін көрсететін арнайы топ құрып, оларды жаңа бағыттағы жұмысқа оқытып, үйрету үшін әкімшілік өзгерістер мен қаулыларға өзгерістер енгізу қажет. Сонымен қатар, штаттық кесте құрып, құрылымдарды анықтау қажет. Қаржылық тұрғыдан қарайтын болсақ, емханаларға пациенттерге өздері қызмет көрсеткені тиімдірек.

Галия Тобатаева. Фото взято с time.kz

«103» қызметіне  қоңырау кезінде пациеттің қай категорияға жататынын жедел-жәрдем қызметінің диспетчері анықтайды. Егер емделуші белгілі бір аймақтық жедел жәрдем қызметі ар емханаға тіркелген болса, онда ол сол өзіне қарасты аймақтық емхананың жедел көмегіне жүгінеді. Дегенмен де Алматы қалалық  әкімшілігінің денсаулық сақтау, пациенттердің құқықтарын қорғау және жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің мүшесі Галия Тобатаеваның пікірінше, осы орайда «Диспетчер емделушінің қай категорияға жататындығын шағымданушымен бірге анықтауға қаншалықты қабілетті?» деген сауал туындайды.  

«Менде мынадай жағдай болған. Жедел жәрдем тобын шақырғанымда олар мені омыртқа ауруы және ентігу кезінде госпитальға жатқызудан бас тартқан.  Ол кезде мен өз жағдайымды жақсы білгендіктен  кезекші стационардан өз құқығымды талап еттім. Түптеп келгенде менің талабым орынды болып шықты. Екінші тәулікте қан түкіру, тромбоэмболиялық өкпе артериялары қабынуы пайда болды. Нәтижесінде мен өз талабымды табанды түрде қоймасам, уақытылы жедел көмек көрсетілмесе, өлім қаупі туындар ма еді», – дейді Тобатаева.

Мұндай шағымды «бірінші санат ретінде қарастыруға болады» ,- дейді ол. «Сонымен қатар, қан қысымы жоғары емделушілердің жағдайын айтып жеткізу, дәл болжау қиын. Жүрек қағысы жиілеп, инсульт немесе мүгедектің жағдайларға алып келуі әбден мүмкін.  Алтындай бағалы уақытта  бәрі де болары болжамды жағдай», – деді Тобатаева.

 Оған қоса тілінде мүкістігі бар, сөйлеуде кемшілігі бар немесе мүгедек, есту жағынан қиындығы бар жандарға қалай қарайтындығы да беймәлім. Мұндай оқиғада Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жайлы нормативтік-құқықтық актілерді толтырып, құлағы ауыр еститін емделушіден, тілі анық емес адамнан бәрін онық жағдайы туралы телефон, гаджеттер арқылы жұмыс жасау керек.  Бұған қосымша, сурдо-аудармашы маманның көмегіне жүгіну де қажет.

Бұл жедел-жәрдем жұмысына қалай әсер етеді?

Қазақстан аумағы бойынша ең ірі қалалардың бірі Алматының өзінде 10 жедел-жәрдем станциясы мен 177 топ жұмыс жасайды. Олар тәулігіне 2500-3000 шақыртуға барады. Ал, маусымдық аурулардың қозуы кезінде шағымдану саны ұлғая түседі. Эпидемиологиялық маусымдық кезеңде шақыртудың орташа көрсеткіші 11 мыңға жетті. Бірақ, олардың көпшілігі кеңес сұраған.

«Қоңырау шалатындардың 30 пайызы 4 санатқа жататындар ( тұқым қуалайтын аурулар, маусымдық  қозу, бірақ, өміріне аса қауіпті емес. 60 минутта баруға болады). Егер осы заң толықтай жүзеге асатын болса, біздің жұмысымызды жеңілдер еді. Арнайы топ шамалы болса да босап, жедел түрде, тез арада көмек қажеттілерге уақытылы жетуге  толықтай негіз бар болары анық. Мысалы, ұзақ уақыт бойы ауырып жүрген адамға қызмет көрсетіп уақыт кетірім тұрғанда, басқа біреуге жедел тұрде берілетін көмектің уақытын созып алуымыз мүмкін», – деді Сәбит Пазылов.

Ол, штаттың қысқармайтынын және реформа қайта қызмет ауқымының жақсара түсетінін меңзеді.

Осы жылдан бастап 4 санатты емделушілердің қаржылық шығыны емханалар есебінен жүргізіледі. Әйтсе де, Алматыда небәрі екі жедел-жәрдем қызметі ашылды. Олар: №23 и №18. Қалғандары жедел көмек қызметімен келісімшарт жасасып, есеп бойынша жұмыс жасауда.

Емханалар реформадан не ұтады?

Қаржылық жағынан ойласақ, емделушілердің емханаға жақындығы реформаны тезірек іске асыруы тиіс болатын. Шын мәнінде, жұмыс қарқынды емес.

Алматыдағы «Ұлжан» шағын ауданындағы №23 емханаға ең алғаш осы реформа шыққанна бастап өзгеріс енді. 2017 жылдың мамыр айынан бері олардың жедел-жәрдем қызметі бағытталған шақыртулар бойынша шақырту ала бастаған. Соңғы бес айдың ішінде, 1300 шақыртуға қызмет көрсеткен.

 Алматыдағы «Ұлжан» шағын ауданындағы №23 емхана. Фото: CABAR.asia

«Біздің аудан қала орталығынан тысқары. Жедел көмек қашықтыққа ұзақ жүріп барады. Қазір бізде үш фельдшерлік топ құрылды. Қаржылық қолдау бізге 4 санат бойынша Медициналық әлеуметтік сақтандыру қорынан түседі.  Үнемделген ақшаны біз медициналық бұйымдар, қосымша дәрі-дәрмектер алуға және қызметкерлерімізге сыйақы беруге жұмсаймыз», – деді CABAR.asia сайтының тілшісіне №23 емхананың бас дәрігері Сауле Ашен.

Оның ойынша, жаңа бағыттағы жұмыс нәтижесінде дәрігерлер емделушілерінің жағдайын екі есе жақсы біліп, одан әрі де кәсіби түрде қызмет көрсететін болады.

№23 емхананың бас дәрігері Сауле Ашен. Фото: CABAR.asia

«Түнгі кезекте емделушілерге көмек көрсеткен фельдшер дәрігерге есеп береді. Аумақтық қызмет саласы емделушілермен жұмыс жасауды жалғастыра береді. Тіпті, жедел-жәрдемді жиі мазалайтын емделушілер де бар. Ендігі кезекте біз олар туралы жақсы білеміз. Олармен жақын таныс болғандықтан аумақ бойынша жұмыс жасау да жеңілірек», – деп ой қорытты.

«Бір емделуші аптасына 32-ге жуық рет жедел көмекті шақырды,- деп жалғастырады сөзін Сауле Ашен. Біз аумақтық дәрігерімен сөйлесіп, оның жалғысбасты кейуана екенін анықтап, есте сақтау қабілетінен проблема бар екендігін ескеріп, әлеуметтік қызметкер мен психолог қарайтын болды. Сол кезде біз консилиум ұйымдастырып, психиатр шақырттық. Ақырында әженің денсаулығында психологиялық патология бар деген шешімге келдік. Қазір ол ксіге біздің емхананың психиатры мен медбикесі барып, жағдайын бақылап тұрады. Бұрын қарт анаға жедел-жәрдем ғана баратын. Ал ендігі уақытта өзіміз қызмет көрсетіп, емдік шарасын жасап, жағдайын бақылаймыз».

 Оның сөзінше, жедел көмек құрамында біршама қиындықтар бар. Бүгінгі таңда дәрігер фельдшерлердің әрекетін қадағаап отырады. Уақыт өте келе мамандардың тәжірибелері молайып, біліктілері артып, барлығына үлгеріп, нақты шешім табатындықтарына сенімді.

Денсаулық сақтау саласындағы қаржылық сарапшы Али Нургожаевтың көзқарасынша, реформа маңызды емес шақыртуларды анықтап, жедел көмек қажет тұрғындарға дер кезінде қол ұшын созуғ бағытталған. Бұл шешім өз кезегінде жедел-жәрдем қызметінің жұмыс сапасының жақсаруына оң ықпалын тигізбек.

Жедел көмек қызметі ауыр науқастарға шоғырланып, үшінші жақтағы мәселерді шешіп, жақсы нәтижелерге жетеді. Реформаның екінші мәні – емханаларды емделушілердің профилактикалық және тиімді тұрде қарауын, назар аударуын арттырады. Соңында, емханаларға 4 санат бойынша келіп түсетін шақыртулардың саны азаяды.
Бұрынғыдай емханалар жедел көмек қызметін жалдайтын болып, оның ақысын мемлекеттік қор өтейтін болса, реформа өзектілігін жоғалтады.

«Турасын айтқанда эпицентрлердің жағдайын кінәлау да кеңес беру де қиын. 4 санатқа төленетін тариф мөлшері төмен. Жедел-жәрдем көлігі жоқтың қасы, дәрігерлерге алғашқы көзқарастан-ақ нақты шешім қабылдау да оңай емес», – дейді сарапшы.

2017 жылы барлық емханаларда 2018 жылдан бастап реформа жүзеге асады деп күтілген. Әйтсе де,  мекемелердің барлығы оңтайлы идеяны іске асыра алмады. Реформа қаржылық қолдауды қажет етеді.


Бұл материал «Giving Voice, Driving Change — from the Borderland to the Steppes Project» жобасы аясында жазылды. Жоба Норвегия Сыртқы Істер Министрлігінің қаржылай қолдауымен жүзеге асуда.  

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: