«Жеті, алты, бес… бір – бастаймыз!» Астанадағы Go Viral фестивалінің жүргізушілері кері санақты әдеттен тыс оннан емес, жетіден бастады. Бұл сан кездейсоқ таңдалған жоқ – 2023 жылдың 23 маусымында Орталық Азияның бес елінің жастарының басын қосатын жетінші фестиваль бастау алды.
«Go Viral – бұл IWPR құнды жобасы. Go Viral бізге жас, әсерлі және жігерлі дауыстарды қолдауға мүмкіндік береді. Бұл коммуникациялар мен технологиялар туралы фестиваль. Бұл біріктіруге, шабыттандыруға және ынтымақтастыққа арналған тұғырнама. Go Viral сіз туралы, сіздің энергияңыз, идеяларыңыз мен армандарыңыз туралы», – деді фестивальдің 700-ден астам қатысушысына сөйлеген сөзінде IWPR атқарушы директоры Энтони Борден.
АҚШ Қазақстандағы елшісінің орынбасары Джуди Куо Go Viral фестивалі бір-бірімізден үйрену, ортақ сынақтардың (АҚШ пен Орталық Азияға) шешімін іздеу үшін бар екенін атап өтті. Ал мұндай ізденіс – ұжымдық жұмыс.
«Тез жүргің келсе, жалғыз жүр. Алысқа барғың келсе, бірге жүр. Біз бірге жүретін, бір-бірін шабыттандыратын, бірлесіп жұмыс істейтін және Орталық Азияны күштірек, байланысы мықты, қауіпсіз және болашағын зор ететін адамдарды көргіміз келеді», – деді Джуди Куо өз сөзінде.
Go Viral қатысушылары бірігіп жұмыс істеуді шарада бастады: олар Орталық Азияның бес республикасын бейнелейтін фестиваль символы – бес біріккен қолға жаңа мағына қосты. «Қолдар қосындысы» А4 парақтарында бейнеленді, кейін оларды стендке ілді. Қатысушылар жақындап келіп фестивальге, достарына және өздеріне тілек жазды. Егер бәрі орындалса, Go Viral мен Орталық Азияны жарқын болашақ күтіп тұр.
Бұл болашақты құру үшін жас жаңашылдар мен көшбасшыларға жаңа білім мен дағдылар қажет. Олар оны фестивальдің бірінші күні өткен сегіз сессиядан тапты. Сессиялар Go Viral бағдарламасының басты назарындағы төрт салаға арналды. Бұл бизнес, технология, мәдениет және медиа.
Медиа әлемнің маңызды мәселелері
Жаңа медиа және жалпы цифрлық орта үшін фейктер сынақ болды. Фестиваль қатысушылары олармен қалай күресуге болатынын «Медиа кеңістігіндегі фейк контентке қарсы сыни ойлау» панелінде талқылады. Сессия модераторы, PR және дағдарысқа қарсы коммуникациялар саласының сарапшысы Нұркен Халықберген фейктердің негізгі қаупін атап өтті – бұл құралды мемлекет қолдана бастады.
Ол Factcheck.kz бас редакторы Думан Смақовтан «Мемлекет атынан сөйлейтін спикерлердің жаңалықтарын қаншалықты жиі жоққа шығаруға тура келеді?» – деп сұрады.
«Қазақстандық медианың басты мәселесі – спикерден алған ақпаратты оның рас/өтірігін тексермей, сол күйінде беруі», – деп Смақов: «Кей депутаттар бұрын-соңды болмаған деректерді алады, мүмкін ойлап табады…білмеймін. Кей ақпарат құралдары жалған ақпаратты жариялап, кейін ештеңе болмағандай өшіріп жатады. Жалған ақпаратпен осылай күреседі. Оқырмандардан кешірім сұрау, этикалық мәселелер деген нәрсе жоқ».
Жекелеген журналистердің әдепсіз жұмысы саланы өлтіріп жатыр. «Әділ сөз» сөз еркіндігін қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова осылай дейді. «Сондықтан мен жоғары этикалық, кәсіби әрекетті жақтаймын», – деді Жаманқұлова.
Сондай-ақ ақпарат алатындардың «сапасы», әсіресе фейкке жиі сенетін егде жастағы адамдар туралы өткір мәселе бар. «TAUAN» қоғамдық қорының директоры, медиасауат жобаларының жетекшісі Евгений Хабаров екі жылдан бері егде жастағы адамдарға медиасауат үйретіп жүргенін айтты.
«Бізде оқығысы келмейтін әжелеріміз болды, олар өз ойында қалады. Бірақ әжелер өз ойын өзгертуге дайын болса, өзгертеді. Біз сіздерді ата-әжелеріңізбен жұмыс істеуге шақырамыз. Бұл қиын болуы мүмкін, бірақ маңызды», – екеніне сенімді Хабаров.
Табыстылар лайфхагі
Go Viral қатысушылары қалай контент жасап, Apple инстаграм-аккаунтында жариялану туралы лайфхактар үйренді. Apple аккаунтында мобильді суреттерін үш рет жариялаған фотограф Дархан Жағыпаров: «Жұмыстарыңыз көзге түсуі үшін жиі суретке түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшаларыңызға жариялаңыз, ірі брендтердің парақшаларын бақылап, олардың челлендждері мен байқауларына қатысыңыз» – деді.
«Сіз не туралы айтсаңыз, өзіңіз сол адамсыз» – бұл жеке бренд құру бойынша ұсыныстар берген журналист және кәсіпкер Динара Сәтжанның сөзінің квинтэссенциясы деуге болады. Оның құндылығы жаңа мансап мүмкіндіктерін тартуға көмектеседі.
«Жеке брендпен неге қол жеткізгіңіз келетінін нақты анықтаңыз. Адамдарға не үйреткіңіз келеді? Сіз қандай мәселелерді шешіп жатырсыз? Сізді немен байланыстырғанын қалайсыз? Сіздің жеке брендіңіз сіздің шынайы құндылықтарыңыз бен құмарлықтарыңызға негізделуі керек. Таңдаған салаңызда машықтарыңыз бен біліміңізді дамытуға уақыт пен күш жұмсаңыз. Маман болып, тәжірибеңізді бөлісіңіз», – деп кеңес берді Сәтжан.
Нарықты қалай жаулап алуға болады
Go Viral-да табысқа әкелген бизнестегі сәтсіздіктер туралы панель талқы өтті. «Лепим и Варим» франшизасының иесі Мирас Ибраимовтың айтуынша, тәжірибе мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, әр адам өмірде де, бизнесте де сәтсіздіктерге тап болған. Оның пікірінше, нағыз табыс адамдардың сәтсіздіктерге қалай қарап, әрекет ететіні және оларды жаңа биікке көтерілу ретінде пайдалануында жатыр.
«Инвесторларды тартудан қорықпаңыз. Менің және серіктестерімнің қателігі біз барлық нүктелеріміздің 100% иемденгіміз келді, бірақ іс жүзінде бәрі басқаша. Мен ірі және дамып келе жатқан компанияның 10% акциясының иесі болған дұрыс деген қорытындыға келдім, бұл табысты тәсіл және барлығына тиімдірек», – деп түйіндеді Ибраимов.
Оның пікіріне La Crème және Delish City Coffee Club негізін қалаушы Дана Қанапина да қосылды.
«Мен тамақ дайындағанды ұнатамын, сондықтан өз кондитерлік дүкенім болғанын қалаймын» деген оймен бизнес ашуға болмайды. Бұл көп жағдайда инвесторды сәтсіздікке әкелетін ұтымсыз тәсіл. Тоқтаңыз, тыныстаңыз, сіз шынымен нені жақсы көретініңізді және шын мәнінде ненің маманы екеніңізді ойлаңыз», – деді Дана Қанапина.
Қалған спикерлер жаңадан бастаған кәсіпкерлердің негізгі «әлсіздігі» ретінде шыдамдылықтың жоқтығын және салынған қаржымен қоштасуға дайын еместіктерін атап өтті.
«Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Әбділда Шәменов инновациядан ақша табудың бірінші жолы – жеке стартап құру деп есептейді. Ол күш-жігер, іскерлік рух және пікірлес адамдар тобын қажет етеді, есесіне үлкен қаржылық мүмкіндіктер әкелуі мүмкін.
«Екінші жол – инновациялық жобаларға инвестиция салу. Көптеген инвесторлар индустрияда үлкен есімдерге айналуы мүмкін болашағы бар стартаптар іздейді. Егер сіз әлеуеті мен тәуекелдерін дұрыс бағаласаңыз мұндай жобаларға инвестиция салу айтарлықтай пайда әкелуі мүмкін», – деп түсіндірді Шәменов.
«Мен сізден алдағы 10 жылға өз жолыңызды жоспарлауды сұрағым келеді», – деді Forbes 30 Under 30 тізімінің мүшесі және ағымдағы төлемдерді оңтайландыру арқылы кірістің өсуіне ықпал ететін төлем технологиясы Butter Payments негізін қалаушысы . «Мен 2030 жылға қарай осы залдағылардың барлығы менің орнымда болып, маңызды нәрселерді кең аудиторияға таратуын шын жүректен тілеймін».
«Сіз Силикон алқабы, Уолл-стрит және басқа да технологияларды дамыту эпицентрлері туралы көп естіген шығарсыз. Бірақ, менің ойымша, Орталық Азия назардан тыс қалмауы керек, өйткені ол да лайықты туындылардың отанына айналды», – деп толықтырды. Менон не туралы айтып тұрғанын жақсы біледі, өйткені ол Транссібір теміржолымен саяхаттаған кезде өзінің миллиондаған долларлық бизнесін ойлап тапты.
Әртүрлі адамдардың дауысы
«Адамдарды байланыстырған кезде сиқыр пайда болады», – дейді мәдениетаралық коммуникация және цифрлық қауымдастықты дамыту бойынша жұмыс істейтін және DCN Global атқарушы директоры Ашкен Григорян.
Ол Influencers Hub Ukraine туралы айтты. Бұл вебинарлар мен инкубаторлар сериясында цифрлық кеңістіктегі танымал дауыстарды жинайтын және олардың онлайн-қауымдастықтарында жобалар құрып, жүзеге асыруға қолдау көрсететін жоба. Олар тобымен бункерлерден оқиғалар жинап, украиндықтардың дауысы естілуі үшін әлеуметтік желілер мен әртүрлі платформаларда бөлісті.
Қазақстандық режиссер деректі фильмдер адамдарға үнін естіртуге мүмкіндік беретінін айтты.
Суворова: «Деректі фильмдер Қазақстанда ғана емес, әлемде бұрын-соңды естілмеген дауыстарды естіртеді», – дейді. – Өйткені автор сезімтал, байқағыш болса, ол қайсыбір ауылдың тумасы бола тұра, жаз бойы өзі білетін және контекстті түсінетін (бұл деректі фильмдер үшін маңызды) үйде отырып-ақ, Алматыда ойын концепциясында ешқашан ойлап таба алмайтын тамаша оқиға әкелуі мүмкін.
Оның ойынша, деректі фильмдердің күші – халықтың, әсіресе, қиын жағдайдағы адамдардың үнін жеткізу.
Журналист, сценарист, саяси белсенді Әсем Жәпішева сценарий жазу бойынша кеңес берді.
«Әдемі жазудың қажеті жоқ: ол мәтінге кедергі келтіреді», – деп түсіндірді ол. – Журналистика – техникалық мамандық, сценарист те солай. Біріншіден, сізге өте жақсы зерттеу, көптеген жақсы материалдар жинап, сұхбат жасап, сапарлатып, адамдармен сөйлесу керек».
Бұл ретте Әсем Жәпішева миллиондардың тарихы қызық емес, бір адамның тарихы әрқашан қызық болатынына сенімді.
Айтпақшы, Go Viral қатысушыларының бір мүшесінің тарихы міндетті түрде өзгереді. Өзгеріс Go Viral Festival Challenge жеңімпазында болады – ол АҚШ-та тіл курстарын үйрену сертификатына ие болады. Бас жүлде үшін Go Viral Festival Astana туралы ерекше пост жасап, оны Instagram-да жариялау керек. Кім жеңгенін білу үшін @goviral.ca фестиваль парақшасына өтіңіз.