© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

IWPR «Еркіндік Қанаты» ҚҚ бірге Еуропалық Одақтың «Цензурасыз Қазақстан» атты жобасының басталуына орай баспасөз–ланчын өткізді

2023 жылдың 27 наурызында Алматыда Соғыс және бейбітшілікті жариялау институты (IWPR) «Еркіндік Қанаты» Қоғамдық қорының серіктестігімен әрі Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жаңа жоба басталуына орай журналистер, блогерлер, белсенділер мен сарапшылармен пресс-ланч өткізді.

Солдан оңға қарай Абахон Султоназаров мен Йоханнес Баур

Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің Ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Баур сөз сөйлеп, Қазақстан азаматтары үшін жоба мен цифрлық құқықтардың өзектілігі мен маңызын атап өтті. Ол бұл жобаның ЕО-ның Орталық Азия аймағындағы басымдықтарының бірі боп есептелетін сөз бостандығын дамытуға белгілі бір үлес қосатынын баса айтты.

Іс-шараға шамамен 30 адам қатысты. Олардың қатарында адам құқықтары бойынша сарапшылар, азаматтық және арт-белсенділер, журналистер мен медианың өзге де өкілдері бар. Шараның басты мақсаты — Главной целью мероприятия была презентация нового проекта «Цензурасыз Қазақстан» жаңа жобасының тұсауын кесіп, пікірталас жасап, жоба аясында зерттеу жасаау үшін ұсыныстар алу.

Іс-шараны IWPR Орталық Азиядағы аймақтық директоры Абахон Султоназаров ашып, құттықтау сөз сөйлеп, өз сзінде IWPR қызметі мен жаңа жобаның іске қосылуы туралы айтты.

Тұсаукесер барысында IWPR жобасының Қазақстандағы үйлестірушісі Азиза Мұхаметова жобаның негізгі мақсаты Қазақстандағы негізгі сөз бостандығын қорғау мен алға тарту екенін айтты. Алдағы екі жылда цифрлық құқық пен сөз бостандығы саласында зерттеу жүргізу, журналистер мен азаматтық қоғам өкілдері үшін тренингілер мен семинарлар, сондай-ақ дөңгелек үстелдер, Open Space пен ақпараттық кампаниялар өткізу жоспарлануда.

Цифрлық құқық, сөз бостандығы құқығы мен цифрлық қауіпсіздік бойынша оқыту БАҚ мамандары мен азаматтық қоғамның әлеуеті мен тұрақтылығын арттыруға көмектеседі деп күтіледі. Ал тренингілер мен семинарларға қатысушылар өз кезегінде ақпараттық кампаниялар, БАҚ пен аналитикалық өнімдер арқылы қалың жұртшылық арасында білімін тарататын болады. Жобаның мазмұны мен кампаниялары арқылы қамтылған Қазақстан азаматтары өз құқықтарын жақсырақ түсініп, ақпаратқа қолжетімділігін арттырады. Бұл халықтың осал топтары, атап айтқанда әйелдер, ауыл тұрғындары мен этникалық азшылықтар арасында тұрақтылықты арттыруға әсер етеді.

«Еркіндік Қанаты» қоғамдық қоры құрылтайшыларының бірі Роман Реймер өз сөзінде зерттеудің негізгі міндеті – қолданыстағы заңнаманы, Қазақстандағы цифрлық құқық пен сөз бостандығының жағдайын талдау екенін атап өтті. Зерттеу аясында БАҚ қызметкерлері арасында онлайн сауалнамалар мен сарапшылармен терең сұхбаттар болмақ.

Оң жақтағы спикер Татьяна Трубачева

Қызу пікірталас басталмас бұрын екі спикер – CABAR.asia сайтының Қазақстан бойынша редакторы Татьяна Трубачева мен фактчекер-журналист Шыңғыс Уәлихан жиналғандардың назарын аударып, ой тамызық болды. Шыңғыс өз сөзінде қазақстандық журналистердің ақпаратқа қол жетімділігінің маңызы жайлы тоқталып өтті.

Ал Татьяна Қазақстандағы сөз бостандығының қазіргі жағдайын баяндап, БАҚ өкілдері мен белсенділер арасында көптеген сұрақтар мен пікірталас тудырған «Масс медиа туралы» жаңа заң жобасын тілге тиек етті.

«Қазір біз сөз бостандығы үшін емес, еркін БАҚ-тың соңғы дауысы бәсеңдеп қалмауы үшін күресіп жатырмыз», – деді Трубачева. «Мұндай жобалар журналистердің құқықтарын сақтау және кез келген азаматтың ақпарат алу құқығы туралы айтуды жалғастыру үшін маңызды», – деп қосып өтті.

«Еркіндік қанаты» ҚҚ жоба менеджері Дана Бұралкиеваның модераторлығымен талқылау өте белсенді өтіп, жоба аясындағы зерттеуді жүргізу үшін ұсыныстар әзірленді.

Думан Смақов

«Біз барлығына мұның неліктен маңызды екенін түсіндіруіміз керек. Мысалы, әлеуметтік желілерді бұғаттаса, ол бәріне әсер етеді. «Масс медиа туралы» заң да тура сондай! Неге екені белгісіз, жұрт мұны тек журналистерге ғана қатысты деп ойлайды, бірақ бұл барша қазақстандықтарға қатысты», – дейді журналист Думан Смақов.

Қатысушылар ұсыныстары қатарында зерттеу процесіне тек қана журналистер мен белсенділерді емес, мемлекеттік органдардың өкілдерін де тарту қажеттігі де айтылды.

Сондай-ақ, қатысушылар ұсыныстарында тәуелсіз ұйымдардың, БАҚ пен блогерлердің ресурстарын біріктірудің, сол арқылы негізгі ойды, хэштегтерді қалыптастыру мен сөз бостандығы тақырыптарын одан әрі ілгерілету үшін күш біріктіру маңызын атап өтті.

«Адам құқығының күрделі мәселесін басқалар үшін қалай «шайнауға» болатынын түсіну маңызды», – дейді адам құқықтары жөніндегі сарапшы Рустам Қыпшақбаев.

Сол семинарлар барысында ортақ жоспарлау сессиялары өтетінін атап өту маңызды. Цифрлық құқық мен цифрлық қауіпсіздік туралы ақпаратты халыққа барынша тиімді әрі анық жеткізу бойынша жоспар мен стратегияны солардың барысында дайындау қажет.


Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: