В Бишкеке 15 ноября 2018 года прошла лаборатория «Политическое пространство для Организаций гражданского общества (ОГО): демократия + права человека = устойчивое развитие» с участием Представительства Института по освещению войны и мира (IWPR) в Кыргызстане.
Старую часть Тбилиси запрещено застраивать высотками, поэтому здесь в основном здания в два-три этажа. Резные балконы и террасы с восточными мотивами здесь соседствуют с европейской архитектурой, а узкие улочки, кажется, остались такими же как и в средние века. Основные туристические места выглядят красочно и ухоженно, но в старом городе много разрушающихся зданий и ветхого жилья. А вот за исторической частью города можно увидеть и высотки, и необычные футуристические проекты из стекла и металла. (далее…)
«Принятый в Казахстане конституционный закон сделал процесс выборов в маслихаты максимально управляемым для местных исполнительных органов. Переход к пропорциональной модели при выборах депутатов маслихатов содержит политические риски в развитии регионов и в будущем может привести к конституционному дефолту», — отмечает в своей статье, написанной специально для аналитического портала CABAR.asia, эксперт-конституционалист Мереке Габдуалиев. (далее…)
«Қазақстанда қабылданған конституциялық заң сайлау процесін маслихаттарға, жергілікті атқарушы органдарға басқаруға барынша қолайлы етіп отыр. Мәслихат депутаттарын таңдауда пропорционалды үлгіге сай өткізу аймақтардың саяси дамуына және болашақта конституциялық дефолт үдерісіне, үлкен тәуекелге әкеліп соғуы әбден мүмкін», – деп CABAR.asia аналитикалық порталына арнайы жазған мақаласында сарапшы-конституционалист Мереке Габдуалиев айрықша атап көрсетті.
Русский English
Мақалаға қысқаша шолу:
- Қазақстанда орталықтандырылған унитарлы мемлекет құрылды. Демек, әкім сайланған кезде оның үстінен бас қаладан бақылау жасалады деген сөз;
- Ауыл әкімдерін сайлау туралы норма «көлеңкеде» қалды;
- Партиялық мәслихатқа өту заңға қайшы;
- Мәслихат депутаттарын сайлау тәртібі әкімдерге барынша тәуелді болады;
- Қазақстандағы саяси партиялардың барлығы мемлекеттік аппараттың қосымша бөліктері.

2018 жылдың 29 маусымында Қазақстан парламентінің төменгі талатасы конституциялық заң қабылдады. Онда қолданыстағы нақты күші бар заңдарға «Сайлау жөнінде» толықтырулар енгізілді. Аталмыш заң мәслихаттардың жергілікті атқарушы органдарға депутаттарды сайлаудың пропорциональды үлгісін белгіледі.
Бұл заң қабылданғанға дейін партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаттығына парламенттің төменгі палатасынан лауазымды тұлға таңдалынатын. Мәслихат депутаттарын сайлау мажоритарлық жүйеде өтетін. Яғни, бұрын сайланатын мәслихаттықтар өз-өздерін кандидаттыққа ұсынатын. Оған түрлі қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері қатысатын.
Орталықтандырылған билік жүйесінің күшеюі
Қазақстанда конституциялық негізде жергілікті басқару деңгейі мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқарудан тұрады. Мемлекеттік жергілікті басқару ісі – өкілетті органдар мен мәслихат және жергілікті атқарушы органдар, сонымен қатар, әкімдер басқаратын әкімшіліктер арқылы жүзеге асады.
Әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша әкімдер тағайындалады немесе сайланады, тиісінше заңға сәйкес лауазымдық қызметтен босатылады. Президент құқық бойынша әкімдерді лауазымынан босатуға құқылы. Қазақстанда орталықтандырылған унитарлы мемлекет құрылды. Бұл дегеніңіз тағайындау, немесе әкім сайланған кезде оның үстінен міндетті түрде жоғарыдан немесе Президент әкімшілігінен бақылау жасалады (облыстық деңгейдегі әкім тағайындалса), немесе жоғары ( әкімшілік-аумақтық бірліктен жоғары).
Ескерте кеткен жөн, қазіргі жергілікті өкілетті органдар, маслихаттықтар аймақ тұрғындарының тікелей сайлауы бойынша құрылған, сайланған. 2018 жылдың 28 қазанында мәслихат депутаттарын сайлау шарасы өтті. Оған қоса, бұл жолы да одан бұрынғы сайлау үлгісі бойынша жүргізілді. Мәслихат депутаттарының құзіреттілік уақыты өткеннен кейін сайлау процесі электронды түрде, жаңа үлгіде өтетін болады.
Дей тұрғанмен, мәслихат депутаттарын сайлаудағы қолданыстағы жүйе кей кездері өз нәтижесін көрсетті. Кейбір аймақтарда бірнеше тәуелсіз кандитаттар жергілікті өкілетті органдарға сайлана алды.
Ауыл әкімдерін төтесінен сайлау болмайды
Ауыл әкімдерін сайлау жөніндегі Қазақстандағы заң жобасы қоғамдық сарапшылар тарапынан үлкен сыни көзқарасты туындатты. Заңдық күші бар актілердің әуелгі аяқ алысы ауыл әкімдерін және мәслихат депутаттарын тағайындауда пропорционалды сайлау үлгісінде өткізу жайында қаралған болатын.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы ауылдық округтердегі әкімдерді ауыл және қала әкімдерін сайлау тұрғындардың қатысуымен, бірақ, тура жолмен емес, аудандық мәслихат депутаттарының мақұлдауымен сайланады. (Оның ішінде, Алматы мен Астана қалаларынан басқалары). Заң жобасының инициаторлары олардың саяси партиялармен тығыз байланыстылығынан аттап өтіп, ауыл әкімдерін сайлаудың тура үлгісіне көшуге тырысты. Дегенмен, бұл бастама заң жобасының және жоба заңнамасының құрылымын әзірлеуде жіберілген қателіктердің әсерінен жасалды.
Конституциялық заңнама негізінде саяси партияларға ауылдық әкімдерді сайлауда ұсыныс жасауға құқық берілді. Егер талқыланған мәселеден барлық саяси аспектілерді алып тастайтын болсақ, онда заң жобасы құқықтық жағынан іске асып және мемлекеттік бағдарламаға енетін еді.

«Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «ауыл-аймақтарға, огругтерге, аудандарға тиісті мәслихатқа үміткерлерді қарау, іріктеу, енгізу аудан әкімдерінің (қала) қадағалауымен альтернативті негізде жүзеге аспақ».
Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры белгілі сарапшылардың қорытындыларын Парламент Сенатына қарауға жібереді. Парламенттің жоғарғы палатасы заң жобасының бұл бөлігін мақұлдамады. Алайда, ауыл әкімдерін сайлау жөніндегі жанама үлгі «қолданыстағы сайлау тәртібін сақтау орнықтылығын» қалдыруды Сенат қарауына қалдырды.
Конституцияға қарама-қайшылық
Парламент қабылдаған конституциялық заңда мәслихат депутаттарын жанама түрде сайлау үлгісіне өту жайлы заңы Қазақстан Республикасының конституциясына қарама-қайшы.
ҚР-ның Конституциясының 86-бабының 3 тармағына сәйкес «мәслихат депутаттығына Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы немесе азаматшасы сайлана алады делінген. Демек, республика азаматы тек бір ғана мәслихат депутаты бола алмақ».
Конституцияда депутаттыққа үміткер саяси партия қатарында болып, сол партиямен бірге дамуы керек деп көрсетілмеген.
Мысалға, конституцияның 51-бап, 5 тармағына сәйкес, парламент депутаттарын сайлау «Қазақстан Республикасының Парламентіне депутаттарды таңдау конституциялық заңмен шешіледі» деп тікелей бекітілген. Бұл шешім 2007 жылы Мәжіліс депутаттарынпропорционалды түрдесайлау жүйесіне өтуге мүмкіндік берді.
2017 жылы тіпті, конституцияның 41-бабына президент сайлауына қатысты да талапқа сай толықтырулар мен өзгертулер енгізілген болатын.
«Қазақстан Республикасының президенті туғанынан республика азаматы, жасы 40 жастан кем емес, қазақ тілінде еркін сөйлейтін, Қазақстанда соңғы 10 жылдан бері тұратын, жоғары білімі бар тұлға болуы керек. Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті оған толықтырулар енгізе алады» (ҚР-ның Конституциясы 41-бап, 2 тармағы).
Егер, заң шығарушы тарап конституцияның 86-бап, 6 тармағына сәйкес мәслихат депутаттарын белгілеу жөнінде келісімге келіп, талапқа сай қосымша өзгертулер енгізуге болады деп есептесе, онда қателеседі. «Мәслихаттардың құзыреті, оларды ұйымдастыру тәртібі мен қызметін, олардың депутаттарының құқықтық жағдайы заңмен белгіленеді» деп ҚР-сы Конституциясының 86-бап, 6 тармағында белгіленген.
Қазақстан конституциясының 86-бап, 6 тармағында мәслихат депутаттарына үміткерлеріне сәйкес конституцияның сілтемесіне бағыттап мүмкіндігінше қосымша талаптар енгізе алатындығы жөнінде ештеңе қарастырылмаған.
Конституцияға сәйкес субъектілер қарастырып, конституциялық Кеңес қарауына берілмеген заң жобасына рұқсат беру – Конституциялық Кеңестің құзырына кіреді.
Әкім сайлауына тәуелділік

Заң жобасын жасаушылар мәслихаттықтардың «партиялық» негізге өтуін «дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып жасауға тырысқан». Дегенмен де, шет елдерде жергілікті өкілетті органдарда пропорционалды сайлау жүйесінде өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалға, Францияда аймақтық кеңестер пропорционалды жүйеде құрылады. Коммуналық жүйеде мажоритарлы немесе аралас сайлау жүйесі жүргізіледі.
Ал, Дания мемлекетінде пропорционалды бөлу муниципалдық жиналыстарда анықталады. Нидерландияда муниципалдық кеңестер тиісті аймақ тұрғындарының пропорционалды негізде құрылған өкілдіктер негізінде сайланады.
Бұл елдердің барлығы демократиялық партиялық және саяси мәдениеті жоғары мемлекеттік дәрежедегі елдер қатарына жатады. Естеріңізде болса, бірнеше жыл бұрын Францияда экс-президент Саркозидің ұлы әкесі сайланған аумақта мэр ретінде сайлауға түспек болған кезде азаматтар тарапынан үлкен қарсылыққа ұшыраған болатын. Француздықтар кіші Саркозиге әкесінің саяси капиталын пайдалануға мүмкіндік бермеген еді. Егер оған жол беретін болсақ, мэр лауазымына үміткер басқа кандидаттарға жасалынған әділетсіздік болады деп санаған. Ал, бізде Қазақстанда қай жағынан алып қарасаң да әкім уақытша қызметкер.
Қазақстанда қабылданған конституциялық заң жергілікті өкілетті органдарға мәслихаттықтарды басқаруда барынша қолайлы етіп жасалынып отыр. Бұл өзгертулер әкімдер мен жергілікті ішкі саясатты басқаруда жеңілдік туғызады, оған қоса, елді демократиядан тысқары етеді.
Пассивті сайлау құқығының жүзеге асуы азаматтардың саяси бағдарына байланысты. (Егер тұлға саяси партия құрамында болмаса, онда ол таңдалған конституциялық құқығынан айырылып, лауазымға сәйкес сайланудан шеттетіледі).
Мәслихат депутаттарын сайлаудың партиялық негізге көшуі – партиялық демократияның жергілікті деңгейде тиімді басқару жүйесінің дамымауына әкеп соғады. Қазіргі таңда идиологиялық конституциялық принципіндегі өмірде және саяси саналуандық, көппартиялық Қазақстанның конституциялық-құқықтық дамуының өзекті мәселесі болып тұр.
Қазақстан Республикасында төменнен жоғары қарай көтеріле құрылған саяси партиялар бар. Олар бастама білдіруде мемлекет бақылауында. Нақты тұлғалары және алға қойған мақсаты, елдегі тұрғындарға қарағанда, керісінше, батыстық инвесторларға көрсететін «саяси көптүрлілігі» пікірі басым.
Бүгінгі таңда Қазақстанда шамамен 6 саяси партия тіркелген. Олардың ішінде: «Нұр Отанда» (орташа есеппен 1млн. мүше), Қазақстанның Демократиялық партиясы «Ақ Жолда (шамамен 260 мың мүше), Қазақстанның Коммунистік Халықтық «Ауыл» партиясында (шамамен 200 мың мүше), «Халықтық-демократиялық патриоттық партия «Ауыл»-дада (шамамен 200 мың мүше). Ал, «Бірлік» саяси партиясында (шамамен 100 мүше), «Азат» демократиялық партиясында,«Жалпыхалықтық әлеуметтік-демократиялық партияда» (шамамен 150 мың мүше) бар. Бір жағынан бұл партиялардағы мүшелердің саны тек шартты түрде ғана. Шын мәнінде, бұл деректерді партиялардың өзі де, ешкім де нақтыламаған, тексермеген. Оның үстіне, билік партиялары үшін оларға мүше болу, бюракратиялық айлақта болғаннан гөрі міндетті түрде бірқалыпты, шынайы ықыласпен партия институты арқылы азаматтардың өмірін жақсартуға атсалысқан тиімді.

Бүгінгі таңда республикалық деңгейде орталықтандырылған партиялар парламенттік және заң шығарушы рәсімдеріне қатыса алады. Егер жай сөзбен айтатын болсақ, жергілікті деңгейде ауылдық жерде тұратын тұрғындар үшін көпірдің қай тұстан салынғаны, түсінің қандай екендігі маңызды емес. Қай партия ауылға су жүргізеді, медициналық көмек қай бағытта келеді, мұның бәріне бейжай қарайтыны анық. Маңыздысы – жергілікті күрделі мәселелердің түйткілі сол қалпында қалмас үшін, саяси-құқықтық жағынан шешсе болды.
Шынтуайтына келгенде, жергілікті органдардың өкілдіктерін тағайындауда сайланған жергілікті депутаттарды аймақтық жұмыстармен айналысуға бағыттау керек. Мұндай функцияларға жергілікті басқаруда тазалық жұмыстары, көшелердегі қоқыс қалдықтарын жинау, көркейту-көгалдандыру, су жүргізу т.б. жатады. «Нұр-Отандық» немесе «ақжолдық», «коммунистік» тұлға болып, саяси сипатқа ие болмағаны жөн.
Қорытынды:
- Жергілікті деңгейдегі мәслихат депутаттарын және мәжілісмендерді сайлауда орталықтандырылған партиялық үлгісін таңдау – республикалық негізде оңтайлы және Қазақстанның барынша саяси транзиттік ілгерілеуін бақылауға мүмкіндік болып табылады. Мәслихат депутаттарын пропорционалды сайлау жүйесінде тағайындау туралы реформаға көшуде «Қауіпсіздік жөніндегі Кеңес» және елдің әкімшілік- аумақтық бөлінуі хақындағы қабылданған заңдарға мұқият назар салған жөн.
- Жергілікті саяси элита саяси процесстің орталық билікке өтуі жоспарына өз ықпалын тигізуі мүмкін. Айтпақшы, осы жағдайға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар Шымкент қаласынан Түркістан облысы бөлініп шықты емес пе?! Бұл реформа – қызмет саласының ықпалымен Үлкен Оңтүстіктің бөлінуіне әсер етті. Жақын аралықтағы 2-3 жыл көлемінде «транзиттік период» деп аталатын кезеңде заң жобасы сақталатыны байқалады. Алайда, бұл дұрыс шешім болмай тұр. «Сақтандырғыштар» бұл орайда да, бұрыс пәрмен бермек. Бұл маңызды жайт партиялық-саяси жүйенің болуы саяси оппозициялық жүйенің құрамдас бөлігі;
- Шындығында «оппозиция» сөзі жағымсыз әсер бермейді. Ал, «оппозиционерлер» – халық жауы емес. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған көптеген елдерде оппозияциялық партиялар қоғамға жағымсыз қырынан көрсетіліп келді. Оларға көзқарас дұрыс болмады. Мұндай партиялардың көшбасшыларына қылмыстық іс қозғалып, салықтық санкциялар салынып, мемлекеттік аппарат тарапынан жоспарланбаған құйтырқы әрекеттер қосыла бастайды. Бір жағынан, оппозияциялық бағытты бетке алған белсенді азаматтар және тәуелсіз пікірдегі тұлғалар ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басты маңызды рөл ойнайды. Дәл осындай азаматтар арқылы сындарлы диалог, сын, азаматтық бақылау бюджет пен билік қызметтерді көрсетеді. Міне, осындай адамдардың арқасында жемқорлық тыйылып, шенеуніктер тарапынан жасалатын қиянаттар азайып, бюджет қаржысы тиімді игеріледі.
- Нақты оппозиция конституциялық кеңістіктен шығарылған кезде, онда халық қарсылық білдіріп, диссиденттік заңсыз пікір білдіруге тәсіліне көшеді. Мәслихат депутаттарын таңдауда пропорционалды үлгіге сай өткізу аймақтардың саяси дамуына және болашақта конституциялық дефолт үдерісіне, үлкен тәуекелге әкеліп соғуы әбден мүмкін. «Кезекші» мәслихат депутаттары өткен жылдардағыдай жер мәселесінде болған митингтер кезіндегідей форс-мажорлық жағдайларда болуы ықтимал халық толқуын ұстап тұра алмайды.
Материал «GivingVoice, DrivingChange — from the Borderland to the Steppes Project», жобасының аясында Норвегияның Сыртқы істер Министрлігінің қаржылай қолдауымен дайындалды. Мақаладағы пікірлер редакцияның және донор көзқарасын білдірмейді.
Споры о том, что такое тенгрианство — религия, культ, древнее верование, шаманизм или просто философия и мировоззрение – в Кыргызстане идут уже около 6 лет. Его активные приверженцы уверены, что это религия, священной книгой которой является эпос «Манас». Другие считают философией. Эксперты говорят, что это культ и раннее верование. Но пока ни одна организация тенгрианцев не была зарегистрирована в качестве религиозной. (далее…)
Тӯли панҷ сол аст, ки дар канисаи ҷамъияти яҳудиёни Тоҷикистон дар Душанбе маросими ибодат дар рӯзҳои шанбе баргузор намешавад. (далее…)
В синагоге еврейской общины Таджикистана в Душанбе вот уже 5 лет не проводится традиционное для евреев субботнее богослужение. (далее…)
«Адам укуктарынын жалпы декларациясынын 70 жылдык мааракесине чейин 70 күн» деген аталыштагы маалымат компаниясынын алкагында БУУнун Борбордук Азиядагы Адам укуктары боюнча Жогорку коммисариатынын башкармалыгы Согушту жана тынчтыкты чагылдыруу институтунун Борбордук Азиядагы өкүлчүлүгү менен биргеликте
Швейная индустрия развивается руками тысяч невидимых женщин, которые благодаря этой работе поддерживают свои семьи и инвестируют в достойное будущее своих детей. (далее…)
«В Узбекистане, который является экономикой с низким средним уровнем дохода[1], доля зарегистрированных лиц с инвалидностью среди населения страны за последние десять лет колеблется на уровне около 2-3 процентов. Почему существует такой большой разрыв между национальной и международной распространённостью инвалидности? Какие факторы влияют на измерение показателей инвалидности в Узбекистане и как лучше собирать статистические данные об инвалидности?» — ответы на эти и другие вопросы даёт эксперт Дильмурад Юсупов в статье, написанной специально для CABAR.asia.