Қазақстан: жергілікті сайлау неліктен алдағы уақытта партиялық негізде өтпек?
«Қазақстанда қабылданған конституциялық заң сайлау процесін маслихаттарға, жергілікті атқарушы органдарға басқаруға барынша қолайлы етіп отыр. Мәслихат депутаттарын таңдауда пропорционалды үлгіге сай өткізу аймақтардың саяси дамуына және болашақта конституциялық дефолт үдерісіне, үлкен тәуекелге әкеліп соғуы әбден мүмкін», – деп CABAR.asia аналитикалық порталына арнайы жазған мақаласында сарапшы-конституционалист Мереке Габдуалиев айрықша атап көрсетті.
Қазақстанда орталықтандырылған унитарлы мемлекет құрылды. Демек, әкім сайланған кезде оның үстінен бас қаладан бақылау жасалады деген сөз;
Ауыл әкімдерін сайлау туралы норма «көлеңкеде» қалды;
Партиялық мәслихатқа өту заңға қайшы;
Мәслихат депутаттарын сайлау тәртібі әкімдерге барынша тәуелді болады;
Қазақстандағы саяси партиялардың барлығы мемлекеттік аппараттың қосымша бөліктері.
2018 жылдың 29 маусымында Қазақстан парламентінің төменгі талатасы конституциялық заң қабылдады. Онда қолданыстағы нақты күші бар заңдарға «Сайлау жөнінде» толықтырулар енгізілді. Аталмыш заң мәслихаттардың жергілікті атқарушы органдарға депутаттарды сайлаудың пропорциональды үлгісін белгіледі.
Бұл заң қабылданғанға дейін партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаттығына парламенттің төменгі палатасынан лауазымды тұлға таңдалынатын. Мәслихат депутаттарын сайлау мажоритарлық жүйеде өтетін. Яғни, бұрын сайланатын мәслихаттықтар өз-өздерін кандидаттыққа ұсынатын. Оған түрлі қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері қатысатын.
Орталықтандырылған билік жүйесінің күшеюі
Қазақстанда конституциялық негізде жергілікті басқару деңгейі мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқарудан тұрады. Мемлекеттік жергілікті басқару ісі – өкілетті органдар мен мәслихат және жергілікті атқарушы органдар, сонымен қатар, әкімдер басқаратын әкімшіліктер арқылы жүзеге асады.
Әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша әкімдер тағайындалады немесе сайланады, тиісінше заңға сәйкес лауазымдық қызметтен босатылады. Президент құқық бойынша әкімдерді лауазымынан босатуға құқылы. Қазақстанда орталықтандырылған унитарлы мемлекет құрылды. Бұл дегеніңіз тағайындау, немесе әкім сайланған кезде оның үстінен міндетті түрде жоғарыдан немесе Президент әкімшілігінен бақылау жасалады (облыстық деңгейдегі әкім тағайындалса), немесе жоғары ( әкімшілік-аумақтық бірліктен жоғары).
Ескерте кеткен жөн, қазіргі жергілікті өкілетті органдар, маслихаттықтар аймақ тұрғындарының тікелей сайлауы бойынша құрылған, сайланған. 2018 жылдың 28 қазанында мәслихат депутаттарын сайлау шарасы өтті. Оған қоса, бұл жолы да одан бұрынғы сайлау үлгісі бойынша жүргізілді. Мәслихат депутаттарының құзіреттілік уақыты өткеннен кейін сайлау процесі электронды түрде, жаңа үлгіде өтетін болады.
Соңғы жылдары мәслихат депутаттарын сайлау ісі жергілікті билік өкілдерінің барынша атсалысуымен өтуде. Олар тәуелсіз кандидаттардың сайлауға қатысуын болдырмауға тырысады. Сайлау комитеттері барлық амалдарды қарастыра отырып, сайлауға, лауазымға тәуелді емес кандидаттарды тізімнен шығарып тастауға тырысып бақты. Салық қызметі әркез өтпейтін кандидаттардан, яки болмаса, олардың жұбайларына декларацияда көрсетілмеген 50 теңге (15 цент, орташа есеппен ) түсіріп отырды. Осы қарқынмен, сайлаушылар сайлауалды бәсекеде тұрғындар арасында беделін көтеріп, халықтың қолдауына ие болды.Сайлау билігі мұны үнсіз мақұлдап, сайлау комитеттерінің шешімдерімен келісті. Осы арқылы жергілікті билік қоғам алдында лауазымдық тұрғыда жеңіліп қалды.
Сондықтан да болар әкімдер тәуелсіз кандитаттарды сайлауға өткізуде үнсіз келісті.Облыстық әкімдерге «Ақ Орда» инспекторларының алдында аймақтардағы «тұрақтылық» пен «адалдық» кескінін салған тиімді. Олардың жоспарларында мәслихаттардың, тіпті, тәуелсіз бір депутаттың қатысуы маңызды емес. Ондай депутат «ыңғайсыз сұрақтар» қойып БАҚ өкілдерінің назарына аударады деп есептейді.
Дей тұрғанмен, мәслихат депутаттарын сайлаудағы қолданыстағы жүйе кей кездері өз нәтижесін көрсетті. Кейбір аймақтарда бірнеше тәуелсіз кандитаттар жергілікті өкілетті органдарға сайлана алды.
Ауыл әкімдерін төтесінен сайлау болмайды
Ауыл әкімдерін сайлау жөніндегі Қазақстандағы заң жобасы қоғамдық сарапшылар тарапынан үлкен сыни көзқарасты туындатты. Заңдық күші бар актілердің әуелгі аяқ алысы ауыл әкімдерін және мәслихат депутаттарын тағайындауда пропорционалды сайлау үлгісінде өткізу жайында қаралған болатын.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы ауылдық округтердегі әкімдерді ауыл және қала әкімдерін сайлау тұрғындардың қатысуымен, бірақ, тура жолмен емес, аудандық мәслихат депутаттарының мақұлдауымен сайланады. (Оның ішінде, Алматы мен Астана қалаларынан басқалары). Заң жобасының инициаторлары олардың саяси партиялармен тығыз байланыстылығынан аттап өтіп, ауыл әкімдерін сайлаудың тура үлгісіне көшуге тырысты. Дегенмен, бұл бастама заң жобасының және жоба заңнамасының құрылымын әзірлеуде жіберілген қателіктердің әсерінен жасалды.
Конституциялық заңнама негізінде саяси партияларға ауылдық әкімдерді сайлауда ұсыныс жасауға құқық берілді. Егер талқыланған мәселеден барлық саяси аспектілерді алып тастайтын болсақ, онда заң жобасы құқықтық жағынан іске асып және мемлекеттік бағдарламаға енетін еді.
«Қазақстан Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «ауыл-аймақтарға, огругтерге, аудандарға тиісті мәслихатқа үміткерлерді қарау, іріктеу, енгізу аудан әкімдерінің (қала) қадағалауымен альтернативті негізде жүзеге аспақ».
Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры белгілі сарапшылардың қорытындыларын Парламент Сенатына қарауға жібереді. Парламенттің жоғарғы палатасы заң жобасының бұл бөлігін мақұлдамады. Алайда, ауыл әкімдерін сайлау жөніндегі жанама үлгі «қолданыстағы сайлау тәртібін сақтау орнықтылығын» қалдыруды Сенат қарауына қалдырды.
Конституцияға қарама-қайшылық
Парламент қабылдаған конституциялық заңда мәслихат депутаттарын жанама түрде сайлау үлгісіне өту жайлы заңы Қазақстан Республикасының конституциясына қарама-қайшы.
ҚР-ның Конституциясының 86-бабының 3 тармағына сәйкес «мәслихат депутаттығына Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы немесе азаматшасы сайлана алады делінген. Демек, республика азаматы тек бір ғана мәслихат депутаты бола алмақ».
Конституцияда депутаттыққа үміткер саяси партия қатарында болып, сол партиямен бірге дамуы керек деп көрсетілмеген.
Мысалға, конституцияның 51-бап, 5 тармағына сәйкес, парламент депутаттарын сайлау «Қазақстан Республикасының Парламентіне депутаттарды таңдау конституциялық заңмен шешіледі» деп тікелей бекітілген. Бұл шешім 2007 жылы Мәжіліс депутаттарынпропорционалды түрдесайлау жүйесіне өтуге мүмкіндік берді.
2017 жылы тіпті, конституцияның 41-бабына президент сайлауына қатысты да талапқа сай толықтырулар мен өзгертулер енгізілген болатын.
«Қазақстан Республикасының президенті туғанынан республика азаматы, жасы 40 жастан кем емес, қазақ тілінде еркін сөйлейтін, Қазақстанда соңғы 10 жылдан бері тұратын, жоғары білімі бар тұлға болуы керек. Конституциялық заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті оған толықтырулар енгізе алады» (ҚР-ның Конституциясы 41-бап, 2 тармағы).
Егер, заң шығарушы тарап конституцияның 86-бап, 6 тармағына сәйкес мәслихат депутаттарын белгілеу жөнінде келісімге келіп, талапқа сай қосымша өзгертулер енгізуге болады деп есептесе, онда қателеседі. «Мәслихаттардың құзыреті, оларды ұйымдастыру тәртібі мен қызметін, олардың депутаттарының құқықтық жағдайы заңмен белгіленеді» деп ҚР-сы Конституциясының 86-бап, 6 тармағында белгіленген.
Қазақстан конституциясының 86-бап, 6 тармағында мәслихат депутаттарына үміткерлеріне сәйкес конституцияның сілтемесіне бағыттап мүмкіндігінше қосымша талаптар енгізе алатындығы жөнінде ештеңе қарастырылмаған.
Конституцияға сәйкес субъектілер қарастырып, конституциялық Кеңес қарауына берілмеген заң жобасына рұқсат беру – Конституциялық Кеңестің құзырына кіреді.
Әкім сайлауына тәуелділік
Заң жобасын жасаушылар мәслихаттықтардың «партиялық» негізге өтуін «дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып жасауға тырысқан». Дегенмен де, шет елдерде жергілікті өкілетті органдарда пропорционалды сайлау жүйесінде өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалға, Францияда аймақтық кеңестер пропорционалды жүйеде құрылады. Коммуналық жүйеде мажоритарлы немесе аралас сайлау жүйесі жүргізіледі.
Ал, Дания мемлекетінде пропорционалды бөлу муниципалдық жиналыстарда анықталады. Нидерландияда муниципалдық кеңестер тиісті аймақ тұрғындарының пропорционалды негізде құрылған өкілдіктер негізінде сайланады.
Бұл елдердің барлығы демократиялық партиялық және саяси мәдениеті жоғары мемлекеттік дәрежедегі елдер қатарына жатады. Естеріңізде болса, бірнеше жыл бұрын Францияда экс-президент Саркозидің ұлы әкесі сайланған аумақта мэр ретінде сайлауға түспек болған кезде азаматтар тарапынан үлкен қарсылыққа ұшыраған болатын. Француздықтар кіші Саркозиге әкесінің саяси капиталын пайдалануға мүмкіндік бермеген еді. Егер оған жол беретін болсақ, мэр лауазымына үміткер басқа кандидаттарға жасалынған әділетсіздік болады деп санаған. Ал, бізде Қазақстанда қай жағынан алып қарасаң да әкім уақытша қызметкер.
Қазақстанда қабылданған конституциялық заң жергілікті өкілетті органдарға мәслихаттықтарды басқаруда барынша қолайлы етіп жасалынып отыр. Бұл өзгертулер әкімдер мен жергілікті ішкі саясатты басқаруда жеңілдік туғызады, оған қоса, елді демократиядан тысқары етеді.
Пассивті сайлау құқығының жүзеге асуы азаматтардың саяси бағдарына байланысты. (Егер тұлға саяси партия құрамында болмаса, онда ол таңдалған конституциялық құқығынан айырылып, лауазымға сәйкес сайланудан шеттетіледі).
Қабылданған түзетулер сайлау заңнамасы саяси инфантилизм ғана емес. Саяси институттардың, соның ішінде, саяси партиялардың) барлық алғышарттарын қамтиды. Сонымен қатар, бүкіл қоғамдық мәселелерде азаматтар саяси өмірден алшақтағанда, елдің мемлекеттік болашағынан жауапкершілікті алып, саяси шешімдер қабылдауға үлес қосуға мүмкіндік болмағанда да атсалысады.
Саяси партиялар мемлекеттік аппарат ретінде
Мәслихат депутаттарын сайлаудың партиялық негізге көшуі – партиялық демократияның жергілікті деңгейде тиімді басқару жүйесінің дамымауына әкеп соғады. Қазіргі таңда идиологиялық конституциялық принципіндегі өмірде және саяси саналуандық, көппартиялық Қазақстанның конституциялық-құқықтық дамуының өзекті мәселесі болып тұр.
Қазақстан Республикасында төменнен жоғары қарай көтеріле құрылған саяси партиялар бар. Олар бастама білдіруде мемлекет бақылауында. Нақты тұлғалары және алға қойған мақсаты, елдегі тұрғындарға қарағанда, керісінше, батыстық инвесторларға көрсететін «саяси көптүрлілігі» пікірі басым.
Бүгінгі таңда Қазақстанда шамамен 6 саяси партия тіркелген. Олардың ішінде: «Нұр Отанда» (орташа есеппен 1млн. мүше), Қазақстанның Демократиялық партиясы «Ақ Жолда (шамамен 260 мың мүше), Қазақстанның Коммунистік Халықтық «Ауыл» партиясында (шамамен 200 мың мүше), «Халықтық-демократиялық патриоттық партия «Ауыл»-дада (шамамен 200 мың мүше). Ал, «Бірлік» саяси партиясында (шамамен 100 мүше), «Азат» демократиялық партиясында,«Жалпыхалықтық әлеуметтік-демократиялық партияда» (шамамен 150 мың мүше) бар. Бір жағынан бұл партиялардағы мүшелердің саны тек шартты түрде ғана. Шын мәнінде, бұл деректерді партиялардың өзі де, ешкім де нақтыламаған, тексермеген. Оның үстіне, билік партиялары үшін оларға мүше болу, бюракратиялық айлақта болғаннан гөрі міндетті түрде бірқалыпты, шынайы ықыласпен партия институты арқылы азаматтардың өмірін жақсартуға атсалысқан тиімді.
Бүгінгі таңда республикалық деңгейде орталықтандырылған партиялар парламенттік және заң шығарушы рәсімдеріне қатыса алады. Егер жай сөзбен айтатын болсақ, жергілікті деңгейде ауылдық жерде тұратын тұрғындар үшін көпірдің қай тұстан салынғаны, түсінің қандай екендігі маңызды емес. Қай партия ауылға су жүргізеді, медициналық көмек қай бағытта келеді, мұның бәріне бейжай қарайтыны анық. Маңыздысы – жергілікті күрделі мәселелердің түйткілі сол қалпында қалмас үшін, саяси-құқықтық жағынан шешсе болды.
Шынтуайтына келгенде, жергілікті органдардың өкілдіктерін тағайындауда сайланған жергілікті депутаттарды аймақтық жұмыстармен айналысуға бағыттау керек. Мұндай функцияларға жергілікті басқаруда тазалық жұмыстары, көшелердегі қоқыс қалдықтарын жинау, көркейту-көгалдандыру, су жүргізу т.б. жатады. «Нұр-Отандық» немесе «ақжолдық», «коммунистік» тұлға болып, саяси сипатқа ие болмағаны жөн.
Қорытынды:
Жергілікті деңгейдегі мәслихат депутаттарын және мәжілісмендерді сайлауда орталықтандырылған партиялық үлгісін таңдау – республикалық негізде оңтайлы және Қазақстанның барынша саяси транзиттік ілгерілеуін бақылауға мүмкіндік болып табылады. Мәслихат депутаттарын пропорционалды сайлау жүйесінде тағайындау туралы реформаға көшуде «Қауіпсіздік жөніндегі Кеңес» және елдің әкімшілік- аумақтық бөлінуі хақындағы қабылданған заңдарға мұқият назар салған жөн.
Жергілікті саяси элита саяси процесстің орталық билікке өтуі жоспарына өз ықпалын тигізуі мүмкін. Айтпақшы, осы жағдайға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар Шымкент қаласынан Түркістан облысы бөлініп шықты емес пе?! Бұл реформа – қызмет саласының ықпалымен Үлкен Оңтүстіктің бөлінуіне әсер етті. Жақын аралықтағы 2-3 жыл көлемінде «транзиттік период» деп аталатын кезеңде заң жобасы сақталатыны байқалады. Алайда, бұл дұрыс шешім болмай тұр. «Сақтандырғыштар» бұл орайда да, бұрыс пәрмен бермек. Бұл маңызды жайт партиялық-саяси жүйенің болуы саяси оппозициялық жүйенің құрамдас бөлігі;
Шындығында «оппозиция» сөзі жағымсыз әсер бермейді. Ал, «оппозиционерлер» – халық жауы емес. Бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған көптеген елдерде оппозияциялық партиялар қоғамға жағымсыз қырынан көрсетіліп келді. Оларға көзқарас дұрыс болмады. Мұндай партиялардың көшбасшыларына қылмыстық іс қозғалып, салықтық санкциялар салынып, мемлекеттік аппарат тарапынан жоспарланбаған құйтырқы әрекеттер қосыла бастайды. Бір жағынан, оппозияциялық бағытты бетке алған белсенді азаматтар және тәуелсіз пікірдегі тұлғалар ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде басты маңызды рөл ойнайды. Дәл осындай азаматтар арқылы сындарлы диалог, сын, азаматтық бақылау бюджет пен билік қызметтерді көрсетеді. Міне, осындай адамдардың арқасында жемқорлық тыйылып, шенеуніктер тарапынан жасалатын қиянаттар азайып, бюджет қаржысы тиімді игеріледі.
Нақты оппозиция конституциялық кеңістіктен шығарылған кезде, онда халық қарсылық білдіріп, диссиденттік заңсыз пікір білдіруге тәсіліне көшеді. Мәслихат депутаттарын таңдауда пропорционалды үлгіге сай өткізу аймақтардың саяси дамуына және болашақта конституциялық дефолт үдерісіне, үлкен тәуекелге әкеліп соғуы әбден мүмкін. «Кезекші» мәслихат депутаттары өткен жылдардағыдай жер мәселесінде болған митингтер кезіндегідей форс-мажорлық жағдайларда болуы ықтимал халық толқуын ұстап тұра алмайды.
Материал «GivingVoice, DrivingChange — from the Borderland to the Steppes Project», жобасының аясында Норвегияның Сыртқы істер Министрлігінің қаржылай қолдауымен дайындалды. Мақаладағы пікірлер редакцияның және донор көзқарасын білдірмейді.
Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter.