Қазақстандағы интернет қамтылуы 90%-ға жақындап бара жатыр. Бұл пайдаланушыларға жаңа мүмкіндіктермен қатар жаңа мәселелер тудыртады: мемлекет өз азаматтарының цифрлық құқықтарын бұзуы мүмкін. CABAR.asia цифрлы құқық не, digital-ортадағы құқық бұзушылық пен құқықты шектеу не екенін талдады.
БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша бұрынғы Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет өзінің адам құқықтары мен әлемдік әділет орталығындағы сөзінде цифрлық құқықтардың адамзатқа тигізген пайдасына қарамастан, олардың дамуы тәуекелге толы екенін атап өткен. Мысалы, деректерді жинау өндірістік деңгейге жетті. «Біздің өміріміздің түрлі саласы күн санап аңду, деректер жинау мен цифрлы құралдар арқылы оларды дұрыс емес қолдану нысаны болып бара жатыр», – деп Мишель Бачелет цифрлы құқық маңызын атап өткен. Бұл тек бір бөлігі.
Мишель Бачелет айтуынша, «интернеттегі үркіту, қорқыту мен алалау шабуылдар, шеттетулер, зомбылық пен адам өлтіруге, тіпті шынайы өмірдегі геноцид пен этникалық тазартуларға алып келуде. Шаралардың болмауы азаматтық кеңістіктің тарылып, қатысуының азаюына, дискриминация күшеюі мен адам өліміне жеткізетін тәуелкелдер сақталуына әкеп соғады». Бұның бәрінің алдын алу үшін цифрлы құқықтардың мүлтіксіз сақталуы керек.
Әр елдің билігі мемлекеттік деңгейде азаматтарының цифрлы құқықтарын қорғау үшін түрлі заң қабылдайды. Мысалы, Еуропа комиссиясы былтыр цифрлы құқықтар мен қағидалар жайлы декларацияға қол қойды. Ал Финляндияда әр азаматқа жылдамдығы секундына кемі 1 мегабит жылдамдығы бар байланыс арнасына қосылу кепілдемесі Конституция көрсетілген. каждому гражданину Конституцией гарантируется право подключения к каналу связи со скоростью не менее 1 мегабита в секунду.
Бірақ кем тұстары да бар: Қазақстанда интернетке қолжетімділік Финляндиядағыдай заң деңгейінде бекітілмеген. Қазір Қазақстанда Цифрлы кодекс жасалып жатқанын ескерген жөн. Ол кодекс который будет регулировать использование digital-технологиялар қолдануын, цифрлық платформалар мен экожүйелер қызметін, Big Data мен ел азаматтарының цифрлы құқықтарын бекітеді.
Ең бастысы, заңнаманы бұзған жайт тіркелгенде ғана қолжетімділік шектелуі мүмкін. Мысалы, түрлі террористік ұйымдарға тиесілі немесе есірткі тарататын сайттарды бұғаттау сияқты қисынды шектеулер болады. Мұндай жағдайда сайттардың бұғатталуы адам құқықтарының бұзылуы болып есептелмейді.
Елжан Қабышев айтуынша, мұндай әрекеттерді заңды деу қиын, себебі олардың мақсаттары түсініксіз. Бірақ интернетті өшіру адам құқықтарын шектегендігін дәлелдеу қиын: «Себебі билік өкілдері жергілікті интернет-шатдаун кімнің кесірінен орнағанын айтудан бас тартуда. Желі операторлары да сондай».
Елжан Қабышев егер мемлекет БҰҰ-ның интнернетті өшіру баяндамасында көрсетілген ұсыныстарға сай әрекет еткенде кінәлілерді табу қиын болмайтындығын атап өтті.
«Интернет жылдамдығының төмен болғаны үшін интернет операторын сапасыз қызмет көрсеткені үшін жауапкершілікке тартуға болады, – деп түсіндірді Елжан Қабышев. – Бұл ауылда қызмет көрсететін байланыс операторы болып, келісімшартта оператор сапалы қызмет көрсптуге міндетті екені көрсетілсе, іске асады».
Елжан Қабышев ойынша, интернетке қолжетімділік белгілі бір кепілденген жылдамдығы көрсетіліп, заңнама негізінде бекітілуі тиіс. Мысалы, секундына 1 мегабит. «Себебі бұл біздің болашағымыз. Ауқымды цифрландыру жүріп жатыр, интенетсіз адамға қажетті қызметтерді толыққанды алу мүмкін емес».
Екіншіден, Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне арыздана аласыз. Бұл дербес деректерді қорғауға құзіретті орган. Ол жақта арызыңызды қабылдап, ұйымды тексеру жұмысын бастауға міндетті. Егер деректердің ағу жайты мен деректерді қорғау амалдары қарастырылмағанын анықталса, ұйымды жауапкершілікке тартуы мүмкін.
Үшіншіден, егер деректердің ағып кетуі адамға моральдық зиян тигізсе (мысалы, алаяқтар қоңырау шала бастады), онда арызда зардап өтелуін талап етуге болады.
Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.