Бас прокуратураның мәліметінше, соңғы жылдары отбасыда жасалатын қылмыстық істер саны артуда. 2016 жылы отбасыдағы қылмыстық істер 2,8 пайызға, 2017 жылы 4,7 пайызға өскен. 2015 жылмен салыстырғанда, әйел мен балаға қарсы жасалатын қылмыс 90 пайызға артқан.
Қазақстанда бірнеше феминистік ұйымдар бар. «Феминита» бастамасының негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаеваның пікірінше, Қазақстанда феминизм жолын таңдамау мүмкін емес, себебі, өзіңді ғана емес, туыстарыңды, құрбыларың мен жақындарыңды да қорғау керек.
«Мен және менің әріптесім Гүлзада Сержан екеуміз феминистік бастаманы қолға алып, ЛБКТ-әйелдердің (лесбиянкалар, бисексуалдар, квир және трансгендерлі әйелдер) құқығын қорғауды мақсат тұттық. Адам құықығы уникалды екенін есте сақтайық. Бұл дегеніміз, егер біз құқықтық мемлекетте өмір сүрсек, онда заң салтанат құруы тиіс, – дейді Жанар Секербаева – Яғни, ешкім де адамның құқығын оның нәсіліне, жынысына, этникалық белгісіне не басқа да себептермен бұза алмайды деген сөз».
Белсендінің сөзінше, ең өкініштісі шешім қабылдай алатын маңызды саяси және экономикалық позицияларда әйелдер санының аз болуы. Тіпті Қазақстан парламентінің өзі квота санын есептегеннің өзінде әйелдердің 30 пайыз болуы тиіс деген межені бағындыра алмай отыр. «Демек, бізді, әйелдерді, 14 миллионнан астам халқы бар елде, ал әйелдер сан жағынан мұнда басым екені белгілі, биліктен шеттетін отыр. Біз сияқты патриархалды қоғамда, билігі бар адамдар, жүйені түбегейлі өзгерте алатын адамдармен билікпен бөліспейтіні белгілі», – деп санайды Жанар. Феминистер сенімді: Қазақстанда үйде күш көрсету, ұрып-соғу, зорлау, сексуалды бопсалау мен стигматизация, әйел мен еркектің тең емес мүмкіндігі, жалақыларының тең болмауы деңгейі шектен шығып отыр. ҮЕҰ «Қазақстанның кризисті орталықтар одағының» мәліметінше, елдегі әрбір үшінші әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Ұйым өмірде қиын жағдайға тап болған және зорлыққа ұшыраған әйелдерге: соққыға жығылған, сексуалды бопсаланған, психологиялық қысымға алынған қыз-келіншектерге жәрдем береді. Елімізде жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 400-ге тарта әйел қаза табады. Белсенділер полиция қызметкерлерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жазылған арыздарды қабылдауға құлықсыз екені туралы айтады. Феминист Жанар Секербаеваның ойынша, жұмыс істеп жатқан уақыт ішінде феминистік ұйымдар бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Әйелдерге қарсы ең көп жасалатын қылмыстардың реті мынадай: қорлау, аффект жағдайында денсаулыққа залал келтіру, зорлау, зорлау мақсатында жасалатын ұрып-соғу. Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер өздері куәлерді тауып, көршілерден айғақ жинап, онымен бірге, сотта өзіне зорлық жасағанын дәлледуі керек. Өзі басынан кешірген зорлық туралы флешмоб бастаған «НемолчиКЗ» ұйымының басшысы Дина Смаилова қазір зорлық құрбандарының құқығын сотта қорғап жүр. Ол ұйымның барлық істері биыл сотта жеңіліс тапқанын, ал полиция әйелдер арызды «ойланбастан, ашумен жазатыны» туралы айтатынын хабарлады. Енді ол БҰҰ-ға шағымданып, әйелдер құқығының шектелуі туралы мәселе көтеретінін жеткізді. Ол 2016 жылы Женевада БҰҰ адам құқығы бойынша комитеті алдында жасаған бірлескен балама баяндамадан соң, Комитет Қазақстан Республикасының азаматтық және саяси құқықтар бойынша Халықаралық пактісінде мойнына алған міндеттемесін орындау туралы екінші мерзімді баяндамасына өзінің қорытынды ескертпесін жариялағанын жеткізді. «Замечания усилили и актуализировали вновь предыдущие рекомендации о включении сексуальной ориентации и гендерной идентичности в качестве запрещенных оснований для дискриминации», — говорит Жанар Секербаева. «Ескертпелер бұрын жасалған ұсыныстарды, яғни сексуалды ориентация мен гендерлі айырмашылық бойынша дискриминация жасауға тыйым салуды енгізу мәселесінің өзектілігін арттырды», – дейді Жанар Секербаева. Келесі феминист – белгілі қазақстандық блогер Асель Баяндарованың пікірінше, мәселе ғасырлық дәстүрде жатыр. Бұл келіншек феминистік көзқарастарды ұстануымен және Фейсбукте қазақ әйелдерінің құқығы туралы батыл постарымен танымал.Бұл материал «Giving Voice, Driving Change — from the Borderland to the Steppes Project» жобасы аясында жазылды. Жоба Норвегия Сыртқы Істер Министрлігінің қаржылай қолдауымен жүзеге асуда.