Қазақстандағы арнайы сайтта ЛГБТ насихатына қарсы петиция жарияланғанына бір айдан аз уақыт өтті. Аз ғана уақыт ішінде петиция 50 мың қол жинады. Бұл мемлекеттік органдардың өтінішті қарап, кез келген шешім қабылдауы үшін қажетті қол саны. Мен бұл мақалада петиция «сөзсіз дұрыс» көпшілікті құру және «сөзсіз нашар» азшылықты дискредитациялау науқанының бір бөлігі ғана екеніне дәлел келтіргім келеді.
2023 жылдың наурыз айында Қазақстан Президенті Жарлығымен ақпараттық доктринаны бекітті. Бір қызығы, доктринада бір-бірін жоққа шығаратын кей элементтер бар.
Атап айтқанда, доктрина сөз еркіндігі, пікір плюрализмі, цензураға тыйым салу қағидаттарын қатаң сақтауды және ақпараттық егемендікті қалыптастыру, идеологиялық векторды айқындауда іргелі рухани-адамгершілік және дәстүрлі құндылықтарға және сондай-ақ жалған нарративтерге қарсы тұруды көздейді.
Сөз еркіндігі, пікір плюрализмі және цензураға тыйым салу қағидаттары халықаралық және ұлттық заңнамалар деңгейінде тамаша тұжырымдалған және құқық қолдану тәжірибесі саласында түсінікті элементтерді қамтиды. Мемлекетке (кез келген) сөз еркіндігі принциптерін сақтау үшін ештеңе істеудің қажеті жоқ. Кедергі келтірмеу ғана жеткілікті.
Дегенмен, негізгі идеологиялық вектор (идеологиялық әртүрлілікті конституциялық мойындайды) ақпараттық егемендік және дәстүрлі құндылықтар сияқты ұғымдарды анықтау кезінде құқықтық та, риторикалық та сұрақтар туындайды.
Жоғарыда айтылған сөз тіркестері, жұмсартып айтқанда, құқықтық нақтылық қағидаттарына сәйкес келмейді, сонымен қатар, белгілі бір дәрежеде азаматтарды біраз сергелдеңге салады.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда 20 миллион адам тұрады, олар – 54-ке жуық ұлт пен ұлыс өкілдері.
Басқаша айтқанда, ел халқы біртекті емес және белгілі бір тарихи шындықта қалыптасқан, сондықтан нақты құқықтық анықтама мен бұл тақырыпта жалпы ұлттық консенсус болмаған тұста, менің ойымша, белгілі бір іргелі (біркелкі) рухани-адамгершілік және дәстүрлі құндылықтарды анықтау өте күмәнді әрекет.
Дәстүрлі құндылықтардың не екені нақты түсініксіз екеніне қарамастан, Қазақстан билігінің пікірінше, дәл осы құндылықтарға сай келмейтіндермен күрес қарқынды жүріп жатыр. Жарқын мысал – ЛГБТК+ қауымдастығының өкілдері.
Алалауға, цензураға заңмен тыйым салып, пікір плюрализмін қолдауға қарамастан, мен іс жүзінде ЛГБТК+ қауымдастығының тікелей өкілдеріне ғана емес, сонымен бірге осы қоғамдастыққа «жанашырлық танытатын» адамдарға қарсы толыққанды ақпараттық науқанды көріп отырмын.
Осылайша, «Масс-медиа туралы» заң жобасын талқылау барысында «Аманат» партиясының (биліктің партиясы деп те атайды – Ред.) Мәжіліс (парламенттің төменгі палатасы – ред.) депутаттары «дәстүрге жатпайтын ориентацияға» қатысты тақырыптарды қамтитын бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін тоқтату, яғни цензуралауды ұсынды.
Оның үстіне, 2024 жылдың сәуірінде Мәжіліс депутаттарының бір тобы, сол «Аманат» партиясының өкілдері Қылмыстық кодекске «дәстүрге жатпайтын ориентацияны» насихаттағаны үшін жұтататын айыппұл, сондай-ақ шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді ұсынды.
Бұл ретте жоғарыда аталған депутаттар өз ұстанымдарын дәлелдеу үшін «дәстүрлі қазақ отбасы» деген ұғымды пайдаланды.
Жоғарыда айтылған бастамалар қабылданбады, бірақ ақпараттық із қалды.
Алайда жуырда қабылданған «Масс-медиа туралы» заңда массмедианың заң талаптарын сақтауы, моральдық және отбасылық құндылықтарды бұзу фактілері бойынша бақылау жүргізілетіні айтылған. Бірақ «адамгершілік құндылықтар» және «отбасылық құндылықтар» ұғымдарының анықтамасы жоқ. Қазақстан шенеуніктері жоғарыдағы анықтамаларды әзірлеуді енді жоспарлап отыр.
Анық анықтамасыз сөз тіркестерін заңнамалық тұрғыдан қалай енгізуге болады және сонымен бірге, негізінен, жоқ нәрсені бұзғаны үшін жауапкершілікті қалай белгілеуге болады деген сұрақ жұмбақ күйінде қалып отыр.
Осылайша, мемлекет ЛГБТК+ қауымдастығының тікелей өкілдерінің, сондай-ақ «жанашырларының» іргелі және дәстүрлі құндылықтар (нақты анықтамасы, сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарға қатысты біржақты қоғамдық консенсус жоқ тұста) бағытын ұстануда аласталған, жат элементтер ретіндегі бейнесін жасайды.
Жеке адам мен ұйымның ЛГБТК+ қауымдастығымен тікелей немесе жанама байланысын әртүрлі күштер әдепкі бойынша жоғары моральдық және рухани дамыған деп саналатын көпшілікке қатысты қысым және сегрегация құралы ретінде пайдалануы да қызық.
Мәселен, марқұм Салтанат Нүкенованың інісі Айтбек Амангелдіге қатысты «Салтанат» қоры тек тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресіп қана қоймай, дәстүрге жатпайтын ориентацияны насихаттаумен де айналысады деген ақпарат таралуда.
Қазақстан құқық қорғаушыларының жаңа буыны коалициясының кей өкілдеріне қатысты да ЛГБТК+ қауымдастығымен байланысы бар деген ақпарат таралды. Бұл Коалицияның кейбір мүшелерінің беделін түсіру үшін жасалып жатқаны анық. Мемлекеттің өзі ЛГБТК+ қауымдастығын қолдау мақсатында бейбіт жиналыстар өткізуге немесе қауымдастық өкілдерінің өздері жиналыстар өткізуге тыйым салады. Керісінше, ЛГБТК+ қауымдастығына қарсылық тақырыбында бейбіт жиын өткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 29 мамырында арнайы мемлекеттік қызметте «Біз Қазақстан Республикасындағы ашық және жасырын ЛГБТ насихатына қарсымыз» атты петиция жарияланды. Онлайн-петиция құралының жаңа екенін және ол әкімшілік рәсімдерді жақсарту үшін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (ӘРПК) арнайы енгізілгенін атап өтейік.
ӘРПК ережелеріне сәйкес адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға әкеп соғуы мүмкін мәселелер петиция нысанасы бола алмайды. Дегенмен, жоғарыда аталған петиция 50 000 қол қою талап шегінен өтті және жарамдылық процесінен өтуде.
Жоғарыда айтылғандарды, менің ойымша, мемлекет, сондай-ақ ЛГБТК+ қауымдастығы өкілдерінің теріс имиджін қалыптастыру үшін әртүрлі үшінші тараптар қолданатын құралдар екенін көрсетеді.
ЛГБТК+ қауымдастығы қазіргі уақытта бірмәнді қоғамдық гомофобиялық консенсусты қалыптастыру үшін ақпараттық әсер ету құралдарын сынау және практикалық пайдалану үшін қолайлы нысан екенін түсіну маңызды.
Негізінде, мемлекет моральдық, гуманитарлық және адам құқықтары негізінде қауымдастықты қорғау немесе қолдау үшін онлайн және офлайн форматта сөйлегісі келетіндердің басым көпшілігі үшін өзін цензуралау атмосферасын жасап берді, олар ЛГБТК+ өкілдері ретінде жіктелуден қорқады.
Беделге нұқсан келтіруден бөлек, онлайн платформалардағы аккаунттар арқылы ЛГБТК+ қауымдастығын қолдауға арналған материалдарды жариялау заңсыз контент ретінде қарастырылуы және бұғатталуы мүмкін.
Қорытындылай келе, мен ЛГБТК+ әлем бейнесіне сәйкес келмейтін жау бейнесін қалыптастырудың ең жарқын мысалы ретінде алынғанын атап өткім келеді, мұнда «дәстүрлі құндылықтар» бөлу, цензуралау және алалау құралы ретінде қолданылады.
Бұдан шығатыны, ЛГБТК+ қауымдастығы болашақтың бастамасы ғана, алдағы уақытта басқа топтар, қауымдастықтар және тіпті жекелеген ұлттар/этникалық топтар дәстүрлі көзқарастағы көпшілікпен ұйыспауы мүмкін;
Оның үстіне жаудың бейнесін қалыптастыруға арналған құралдар (олар қолданудан ұялмайды) «бар және керемет көрінеді!»
P.S. Ақпараттық доктрина, сондай-ақ сөз еркіндігі кеңістігін одан әрі реттеу және цензура мен өзін цензуралау әлеуетті атмосферасын құру құралдары ретінде соңғы заңнамалық бастамалар туралы толығырақ ақпаратты осы және мына жерден оқи аласыз.
Ескерту: Пікірге автор жауапты
Иллюстрация: Freepik.com
Бұл жарияланымды Еуропалық Одақ қаржыландырады. Оның мазмұнына тек IWPR жауапты және ол міндетті түрде Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.