Тәлімгерлік мақсаты — аудиторияны тиімді тарту, кросс-платформалық контент құру мен 360, VR/AR қоса есептегенде БАҚ-тағы соңғы трендтерге арналған жаңа жолдарды зерттеу. Одан өзге оқырмандар сізге қайта оралу үшін олардың назарын аударуға бағытталады.
Біз не ұсынамыз?
Тәлімгерлік мақсаты — аудиторияны тиімді тарту, кросс-платформалық контент құру мен 360, VR/AR қоса есептегенде БАҚ-тағы соңғы трендтерге арналған жаңа жолдарды зерттеу. Одан өзге оқырмандар сізге қайта оралу үшін олардың назарын аударуға бағытталады.
COVID-19-ға қатысты жайттарды назарға ала отырып, тренинг дағдарыстық және қиын / пандемиялық жайттар кезінде де жаңалықтарды жариялау сұрақтарын қамтиды.
Әңгіме не жайлы болмақ?
- Қосалқы шынайылық (AR) пен виртуалды шынайылық (VR) дамыған кездегі журналистика болашағы
- Жарнамадағы жаңа тәсілдер. Нативті жарнама деген не және оның арқасында қалай табыс табуға болады?
- SMM. Аудиториямен әлеуметтік желілерде өзара әрекеттесу – жаңа бөлімді басынан бастап құру
- Редакциялар мен блогерлерге арналған дата-журналистика
- Подкаст жасау. Оны қалай ерекше етсе болады?
- Explaining (түсіндіруші) және әлеуметтік журналистика. Бұл не және бұл бағыттың болашағы неге зор?
- Гендерлік және даулы-сезімтал тақырыптарды жаңалықтарда жариялау
- Жергілікті немесе жаһандық дағдарысты жаңалықтарда қалай таратса болады?
- Аймақтық жаңалықтар. Қалай аман қалуға және шарықтауға болады?
Біз қандай редакциялардан өтінімдер күтеміз?
- Жұмыс тәжірибесі екі және одан да көп жылдан тұратын шағын редакциялар.
- “Жеке БАҚ” (өзекті жайтар, оқиғалар мен өзге де қызықты жағдайларды жаңалықтарда таратуға арналған YouTube блогтардың, телеграм арналардың, әлеуметтік желілердегі парақшалардың иелері)
Әсіресе жергілікті тілдерде (казақ, қырғыз, тәжік, түркімен және өзбек тілдерінде) контент жасайтын редакциялар мен блогерлер өтінімдерін күтеміз.
Редакциялар жоғарыда көрсетілген білім мен оларды тәжірибеде қолдануға ынталы болуы тиіс.
БАҚ Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда немесе Өзбекстанда тіркелген болуы керек.
Сіздерді не күтуде?
Тәлімгерлік қолдау жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша шетел және Орталық Азия тренерлерімен өтетін үш күндік онлайн-уоркшоптардан басталады.
Одан өзге тамыз айында Қырғызстанда (COVID-19 ға қатысты объективті кедергілер болмаған жағдайда) қосымша үш күндік уоркшоп жоспарланған. Негізгі қатысу шығындары ұйымдастырушылар тарапынан төленеді.
Әрі қарай не болмақ?
Потенциалды БАҚ іріктеп болғаннан кейін басталатын бірінші онлайн-семинардан кейін шақырылған сарапшылар мен CABAR.asia аналитикалық платформасының редакторлары сіздің редакцияға үш ай бойы тәлімгерлік, техникалық және контенттік қолдау көрсететі. Тәлімгерлік қолдау бір жыл жалғасады.
Нәтижесінде не аласыз?
- Консультативті қолдау (аудит пен редакциялық процестер түзетімі, қызметтік нұсқаулық жазу, өндірістік айналым түзетімі)
- Сайтпен жұмыс (сайттың аудиті, SEO аудит пен тақырыптар түзетімі, SEO тақырыптар бойынша журналистерге арналған тренинг)
- Әлеуметтік желілермен жұмыс (әл. желілер аудиті, посттың дизайны, әл.желілерге контент құру мен оны дамыту бойынша тренгингтер мен уоркшоптар)
- Жаңа өнімдерді шығарумен жұмыс істеу (подкаст, YouTube арна, мессенджерлердегі боттар, жаңа форматтағы видеолар, фотоматериалдар топтамасы)
- Бағдарламаның мүмкіндіктері аясында редакциялардың басқа да өтініштері
Бұл не деген сөз?
Бұл сарапшылар мен редакторлар редакциядағы процестерді үйлестіруге көмектеседі, бірге жұмыс істеп, жаңа контент ойлап тауып, оларды әлеуметтік желілер мен сайтқа енгізуге көмектеседі дегенді білдіреді. Бұл сіздің редакцияңыздың сапалы және заманауи контент жасауына ықпал етеді. Тәлімгерлік қолдау болатын үш айдың ішінде іріктеліп алынған редакциялар жаңа медиа форматында (мультимедиалық мақалалар, фоторепортаждар, видеорепортаждар, подкасттар, дата-материалдар мен жаңа медиа элементтері бар басқа да материалдар) кем дегенде 8 материал жариялауы керек. Жоба аясында ол жарияланымдарға қаламақы қарастырылған.
Қалай қатысса болады?
Өтінім беру үшін сізге мына сілтемедегі салауалнаманы толтыру қажет. Өтінімдер қабылдану уақыты 4 мамыр 2020 жыл 23:59 (GMT +6).
Егер қосымша сұрақтар пайда болса, сіз келесі байланыс деректері бойынша хабарласа аласыз: + 996 (559) 655777 (WhatsApp/Telegram) немесе begaiym@iwpr.net электронды поштасы.