© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

«Анығында, біз бәріміз бауырмыз». Қазақстандағы адвентистер өмірі

Адвентизм Қазақстанда 100 жылдан астам уақыт бұрын пайда болған. Оны Германиядан немістер Ресей арқылы алып келген. Сондықтан, адвентизм дінін ұстанғандардың дені неміс ұлтының өкілдері болатын. Кейін келе жергілікті халық арасында да бұл дінге деген қызығушылық арта берген, дейді Алматы қаласының жетінші күн адвентист христиандары шіркеуінің пасторы Владимир Михайлов.


Подпишитесь на наш канал в Telegram!


English На русском

*Материал CABAR.asia порталының аудиторияға Орталық Азия елдеріндегі діни алуандық туралы ақпарат беру мақсатындағы мақалалар топтамасы аясында жарияланған. Авторлар қандай да бір діни конфессияны насихаттауды көздемейді.

Алматыдағы жетінші күн адвентист христиандарының шіркеуі үлкен отбасы тұратын қарапайым үй сияқты көрінеді. Мұнда ешқандай крест, күмбез немесе қандай да бір діни белгілері жоқ. Діндегілерге киім немесе сырт келбетке қатысты айтарлықтай шеутеу де қойылмаған.

Пастор Владимир Михайловтың айтуынша, шіркеуге келушілердің саны 200-ден асады екен:

— Ең алдымен, біз Құдайдың сөзін үйренеміз, біз үшін Інжіл — ең мәртебелі кітап. Адамдардың көбі Інжіл немесе Құранды өз бетінше оқымайды, сәйкесінше олар сол кітаптарда өсиет етілгендей әрекет ете алмайды. Олар тек мешіттегі немесе шіркеудегі уағыздардан естігенін ғана жасауға қабілетті. Сол себепті біз осында келетін әрбір жанды қасиетті кітаптарды оқып түйсінуге ынталандырамыз. Басқа діндегі адамдарға да біз: қасиетті кітаптарды оқыңдар, сонда жазылған өсиеттерді орындаңдар деп айтамыз.

Дүние жүзі бойынша орналасқан шіркеулеріміздің есіктері әрдайым ашық ұстауға тырысамыз. Шіркеуімізде тұрмысы нашар адамдарға тамақ береміз, түрлі бағдарламалар мен шаралар ұйымдастырамыз, тілдерге үйретіп, ата–аналарға көмектесеміз, мысалы сал ауруына шалдыққан, мүгедек балалары барларға, т. б., сонымен қатар балалар мен қарттар үйлеріне сыйлық апарамыз, яғни қайырымдылықпен шіркеу ішінде ғана емес, оның сыртында да айналысуға тырысамыз.

Сыртқы қайырымдылық шараларын біз ресми құрылымдар, мемлекеттік оңалту орталықтары, т.с.с. арқылы жасаймыз, өйткені бізге экстремизм жасады немесе тағы басқа айыптардың тағылғаны қажет емес. Шіркеуге келіңдер деп ешкімді үгіттемейміз, біздің міндет – мейірімділік пен ақиқатты тарату.

Осы күнге дейін бізде ешқандай проблема туындаған емес, алдағы уақытта да болмайды деп үміттенемін. Бізді тек бейбіт және заңға бағынатын адамдар деп таниды. Біздің әрбір әрекетіміз Қасиетті Кітапқа, яғни Інжілге негізделеді.

Адвентизм 1830–жылдарда АҚШ–та пайда болған. Оның негізін Уильям Миллер деген уағызшы қалаған. Бұл діни бағыт Иса Мәсіхтің екінші рет келуіне сенетін адамдарды біріктіреді (лат. «adventus» — «қиямет–қайым»).

Жетінші күн адвентистері – протестантизм тармақтарының бірі. Бұл діндегілер Інжілге сенім мен өмірдің жалғыз қағидасы деп сүйенеді, сенбіні қастер тұту акцентімен 10 өсиетті қатаң ұстанады, сонымен қатар саяси өмірге қатыспайды, қару ұстау мен қолдануға түбегейлі қарсы.

Інжіл Құраннан көп уақыт бұрын шошқа етін жеуге тиым салған.алайда, біз қасиетті кітаптарды оқыған кезде, үш негізгі монотеистік дін: иудаизм, христиан діні мен исламның тамыры ортақ, аталары бір екендігін көреміз. Анығында, біз бәріміз бауырмыз.

Алматы шіркеуіндегі жетінші күн адвентист христиандарының құдайға сенбілік құлшылық етуі. Photo: CABAR.asia
Әр сенбінің таңында Алматыдағы шіркеуге балаларын ерткен жас отбасылық жұптар да, егде тартқан кісілер де келеді. Олардың ұлттары әртүрлі: қазақтар, орыстар, немістер, корейлер, тіпті бразилиялықтар да, африкалықтар да, басқалары да бар. Осындай әр алуандыына қарамастан, олардың барлығы бір біріне мейірбан, өйткені оларды ортақ сенім біріктіреді.

Франсуа Нсенгиюмва — африкалық елдің тумасы. Ол Қазақстанға Руандадан сонау Кеңес одағы кезінде білім алуға келген, бірақ өз отанындағы ауыр саяси жағдайға байланысты осы жақта қалуға мәжбүр болған. Қазіргі күнде ол Алматыда стоматолог ретінде танымал, медицина ғылымдарының кандидаты:

Франсуа Нсенгиюмва. Photo: CABAR.asia

— Туған–туыстарымның барлығы сол Руандада қалды. Есімде, жас күнімде дін деген кәрі адамдарға арналған, жастарға оның керегі жоқ дегенді көп еститінмін. Бірақ мен туғанымнан діндар адаммын. Дінге берілген адамдардың ортасында туып–өстім, сондықтан мен адвентизмге аяқ асынан келе қалдым деп айта алмаймын. Мен үшін құдайға сиынбайтын африкалық жоқ. Өйкені мәдениетімізде солай қалыптасқан – әр адамның сенімі болуы керек.

2011 жылы Қазақстанда діндер туралы жаңа заң қабылданған соң, «Жетінші күн адвентист христиандарының діни бірлестігі» қайта тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта елде 50–ден астам адвентист шіркеуі бар.

Фаина Никитина. Photo: CABAR.asia
Зейнеткер Фаина Никитина шіркеуге отбасы мүшелерімен бірге келеді:

— Мен Құдайды ұзақ іздедім, қиналдым, өзіме сұрақ қоюмен болдым, өз сенімімді тапқым келді. Сосын келінім осы шіркеуге келетінін білдім де, өзім де көрейін деп келе бастадым. Сөйтіп осы жерді ұнаттым.

Өзіме жаңадан көп нәрсе ашылды. Енді әр сенбіде осында немерелерімді, ұлым мен келінімді ертіп, келіп тұрамын.

Марат пен Аина Мұқановтар — қазақтар. Жұптың туған–туыстары бұл дінді неге таңдағанын алғашында түсінбейтін, бірақ Марат пен Аина дұрыс жолды табуға көмектескен осы адвентизм деп сенеді.

Марат:

Марат пен Аина МұқановтарPhoto: CABAR.asia

— Жас кезімде ешқашан Құдай бар деп мойындамадым, ешқандай да ұлы күш бар деп сенбедім, бұл тіпті қорлайтын нәрсе деп түсінетін едім. Алды–артыма қарамай, оңбағанның өмірін сүрдім, тіпті түрмеге де түсе жаздадым.

Әскерде қызмет етіп жүргенімде, өмірімдегі ең ауыр кезеңді бастан кештім. Сөйтіп, әр түні дұға оқыдым, өйткені бұл ауырлықпен күресудің басқа амалын көрмедім. Сол кезде көкейімде жоғары жақта біреу бар екендігі рас болар деген сенім ұялай бастады. Соған жететін жол іздей бастадым, солайша адвентизмге келдім.

Көп ұзамай болашақ жарым Аинамен таныстым. Біз адвентизм, өмірдің мәні туралы көп сөйлесетінбіз, ортақ нәрселеріміз көп екендігін түсіндік те, отау құрайық деп шештік. Қазір екі баламыз бар.

Аина:

— Мұның бәрін көкеймен сезетіндіктен, көңілімізге аламыз. Кейде адамдар біреулердің дінге келген жағдайын естіп, мысқылдайды. Біреулерді шіркеуге ауыр сырқат, екіншісін басынан өткен ауыр жағдай әкелді дейді, адам құдайға тек әлсіз күйге түскенде құлшылық етеді дейді. Дінге келгендің әлдебір жағымсыз нәрсе етіп көрсетіледі.

Құдайға сенбейтін адамдар біздің әлдебір жағдайда әлсіз болғанымызға күледі. Бірақ сенім бізге қуат беретінін ескермейді.

Photo: CABAR.asia
Кез келген діни бірлестік сияқты, жетінші күн адвентистерінің шіркеуі де садақаға күн көреді.

«Мейлі, шіркеуге 10 адам келе ме, 20 адам келе ме, дін қызметшісі әрдайым бірдей жалақысын алады. Біз ресми түрде салық, зейнетақы жарнасын, медициналық сақтандыру жарнасын төлейміз, ал артылып жатқанын ғибадат ету үйлерінің күтіміне және қайырымдылыққа жұмсаймыз», – деп түсіндіріп өтті пастор Владимир Михайлов.


Бұл мақала IWPR «Орталық Азиядағы тұрақтылыққа бағытталған ашық диалог» жобасының аясында әзірленді

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter.

Сообщить об опечатке

Текст, который будет отправлен нашим редакторам: