Эко-белсенділер өз идеяларын қорғай отырып, кейде қоғаммен, мемлекетпен және бизнеспен «қақтығысады». Эко-қоғамдастығы өз мүдделерін экологиялық түрде қалай қорғай алады? Алматыда шарлардан 7 метрлік мысық мүсінін жасауға қатысты болған жанжалды қарастырамыз.
Мысықты жарып жіберді
2024 жылдың сәуірінде Алматыдағы «Форум» сауда ойын-сауық орталығы әлеуметтік желілерде орталық аумағында әуе шарларынан мысықтың фигурасы салынатынын және сауда алаңының атриумына жоғарғы қабаттан 5 мың шардың ұшырылатынын хабарлады. Осыдан кейін эко-белсенділер ұйымдастырушыларды қоршаған ортаға зиян болғандықтан, шарадан бас тартуға шақырды.
«Форум» белсенділердің үндеуіне жауап беріп, барлық шарлардың биологиялық ыдырайтыны туралы хабарлады.
Эко-белсенділер бұл жауаптан «гринуошиң» элементтерін (жеткілікті негізсіз өнімді немесе қызметті эко деп көрсету) көріп, посттың астына пікірлер жаза бастады.
«Форум» пікірлерді жауып тастағанда, оларды тегтеуге көшті. «Форум» бізді бұғаттай бастады. Біз әуе шарларының қаупі туралы хикаяларда талдау жасай бастадық. Содан кейін құрылыс ұйымдастырушыларының балағаттауы басталды (ұйымдастырушылар: SL-KAZTRADE компаниясы – Автор ескертпесі). Біз тырнақ астынан кір іздеп отырмыз деп жазды», – дейді эко-қоғам өкілі Меруерт Салықова.
Эко-белсенділер «Форум» сауда орталығының өкілдерімен және құрылысты ұйымдастырушы – мысық мүсінін жасау үшін Ресейден аэроадизайнерлер тартқан SL-KAZTRADE компаниясының директоры Максим Савчинмен кездесуге келісті. Эко-белсенді Камила Әкімбекованың сөзіне қарағанда, кездесу жақсы өтпеген.
«Біз Максимге сертификаттар шарлардың биологиялық ыдырайтынын дәлелдемейтінін түсіндіруге тырыстық», – дейді Әкімбекова.
Максим Савчин CABAR.asia берген түсініктемесінде белсенділермен кездесу кезінде мысықтың 60 пайызы жиналғанын, ал фигураны салуға арналған қалған шарлар үрленгенін айтты. Шарларды босату мүмкін болмағандықтан, құрылысты тоқтату қалдықтардың көлемін азайта алмайды.
«Біз қолымыздан келгеннің бәрін бердік: сертификаттар, зерттеулер. Бірақ олар негізгі талаптарын сауда орталығына қойды – шараға тыйым салу керек, «Форум» жасыл болуы керек. Олар сауда орталығына ешкім бармас үшін бойкот жариялауға уәде берді. Эко-қорғаушылар балалардың бойына тұтыну идеологиясын сіңірмеу үшін олардың көргенін қаламады», – дейді Савчин.
Эко-белсенділердің өз шындығы бар. Олардың айтуынша, кездесуге қатысушылар олардың сөзін бөліп, өздерін агрессив ұстаған.
«Содан кейін [Ресейден келген аэродизайнер Александр]: «Міне, бұдан ешкім өлмейді!» – деп шарларды жыртып, шайнай бастаған. Біз «Форумға» мысықты соңына дейін жинай алатынын, бірақ үнсіз қалмаймыз дедік», — дейді Әкімбекова.
Соңында сауда орталығының басшылығы аяқталуға жақын қалған құрылысты тоқтатуды бұйырды. Аэродизайнерлер жұмысты аяқтап, барлық шарларды бірден жарып тастады.
Эко-белсенділер жеңістерін тойласа, ұйымдастырушылар мен құрылысқа қатысушылар эко-қорғаушылардың кесірінен көрген әділетсіздікке шағымданды. «Жеңілгендер» белсенділердің аккаунттарын белгілеп, оларға «қарсы күресуге» шақырды. Әлеуметтік желі қолданушылары ашулы пікірлер жазып, балағат сөздер жаза бастады.
Міне, пікірлердің бірі (орфографиясы сақталған): «Неге супермаркеттердегі сөмкелермен күреспейсіздер, неге қоқыспен күреспейсіздер? Мысыққа тиісіп не болды? Қарағандының адамдары шахтадан қырылып жатыр, ал сендер шармен айналысасыңдар, екіжүзділер!».
Сондай-ақ шарлар зиянсыз, биологиялық ыдырайтын болғандықтан, эко-белсенділерді балалардың қуанышын ұрлады деп айыптады.
Ендеше, басқалармен «қақтығыс» болмас үшін науқанды қалай құру қажет? Бұл туралы CABAR.asia сарапшыларлан сұрады.
«Біз жай ғана назар аудармаймыз»
«Зеленое спасение» эко-қоғамының менеджері Светлана Спатарь мемлекетпен, қоғаммен және бизнеспен қарсы тұруда үлкен тәжірибесі бар. «Зеленое спасение» сыртқы қысымды азайту үшін қандай шаралар қолданып жатыр деген сұраққа Спатарь былай деп жауап берді:
«Ешқандай. Кей мәселелер бойынша біздің ұстанымымыз көпшілікке ұнамауы мүмкін екенін түсінеміз. Біз үнемі сөгіс естиміз. Біз оны елемей, әрі қарай жүре береміз. Біз үшін ең бастысы – біздің іс-әрекетіміз заңға қайшы келмеуі. Кез келген хейт уақыт өте келе азаяды».
Ол Алматы маңындағы Көкжайлауда тау шаңғысы курортын салуға қарсы науқанды мысалға келтірді. 10 жыл бойы билік пен бизнеспен қақтығыс кезінде белсенділер шаңғы тебуді білмейді, сондықтан шаңғышыларды ұнатпайды деп айыптады. Олар елдің дамығанын қаламайды. Олар итбалықтардың қырылуы, гептилдің ағуы, ауаны тазарту сияқты маңызды проблемаларды шешуді ұсынды.
«Олар бізге ақша төледі деп жазды. Бір қызығы, олар алғашында Шымбұлақ (Алматы маңындағы тау шаңғы базасы – Автор ескертпесі) жаңа демалыс орны болмас үшін бізге ақша төледі деп айыптады. Сосын еуропалық курорттар еуропалықтардың Еуропада қалып, Қазақстанға бармауы үшін ақша төлегенін айтты», – деп еске алады Спатарь.
Ол қоршаған ортаны қорғау белсенділеріне тәуекелдерді алдын ала бағалауға кеңес береді: «Егер сіз дайын болмасаңыз, әсіресе отбасыңыз болса бастамағаныңыз жөн. Әрқашан сіздің әрекеттеріңізге риза емес адамдар болатынын түсініңіз. Осының бәрін не үшін істеп жатқаныңызды есте сақтаңыз».
Ұзақ мерзімді жұмыс қажет
Қазақстанның Ұлттық PR қауымдастығының төрайымы Әсел Қараулова бренд құру мәселесі бүкіл Қазақстан бойынша «жасылдарда» қызып тұрғанына назар аударды.
«Біздің елдегі экологтардың имиджі жұмыс істеуді талап етеді», – деді ол бақылауы бойынша. «Көбіне олар түсініксіз тақырыптар мен жобалармен айналысатын, айғайлайтын, жанжал шығарып, бизнеске кедергі келтіретін оғаш адамдар ретінде қабылданады».
Сәтті позициялаудың мысалы ретінде Әсел қалдықтарды қайта өңдеу тақырыбын жүйелі түрде насихаттап жүрген EcoNetwork компаниясының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджановты келтіреді.
«Оның ісін басынан бастап зерттеуге болады – Евгений өзінің жеке бренді арқылы өз тарихын құрып, оны мемлекеттік күн тәртібі деңгейіне көтерді. Барлық экологтар дәл осылай жұмыс істеуі керек», – деп сенімді Әсел Қараулова.
«Мега» сауда орталығының бұрынғы PR-директоры Дарья Бублик қоршаған ортаны қорғау белсенділеріне барлық мәселелерді, балағат және айыптауларды эко-белсенділерінің PR стратегиясына енгізу керек және ұзақ мерзімді негізде әзірлеуді қажет ететін дағдарыстық нүктелер ретінде қарастыруды ұсынды.
«Дағдарыс – бұл әлемнің соңы емес, өсу аймағы», – деп түсіндіреді PR маманы.
Басқаша айтқанда, эко-белсенділер үй тапсырмасын орындауы керек: барлық жағымсыз пікірлерді жинап, оларды топтарға бөліп, болашақта тағылған айыптар қайталанбауы үшін жұмыс істеу керек.
Бұны қалай жасауға болатыны туралы Бубликтің мысалдары:
- «хайп» деп айыптап, жоғары қысымды болдырмас үшін қоғамдық ортадан тыс барлық қатысушылармен ымыраға келуге тырысыңыз;
- ымыраға келмейтін және жеңілген жақ болған кезде «жеңісті» жарқын тойламаңыз;
- жеке профиліңізді жасырыңыз, сонда екіжүзділік туралы айыптау болмайды (эко-белсенділердің бірінен инстаграмда осыдан жеті жыл бұрын шарлармен түскен фотосуретін тауып алған – Автордың ескертуі);
- эко-қауымдастық нақты проблемалармен айналыспайды деп айыптаудан аулақ болу үшін барлық жетістіктер мен әрекеттер көрінетіндей контент-стратегиясы мен парақша дизайны туралы ойлану керек.
Сондай-ақ Әсел Қараулова эко-белсенділердің ниеттерін басқалар дұрыс қабылдауы үшін жұмыс істеуі керек деп санайды.
«Қоғам шарлар мәселесін нашар түсінеді: елде болып жатқан катаклизмдер фонында бұл мардымсыз болып көрінеді. Сондықтан экологтар коммуникацияларға кәсіби түрде араласуы керек: көзделген аудиторияны түсіну; тәуекелдерді бағалау; қандай негізгі хабарламаларды жеткізу керектігін білу; қандай байланыс арналары тиімді екенін түсіну», – деп атап өтті Караулова.
Бірінші минуттан-ақ «дұрыс емес»
PR мамандары сауда орталығының кемшіліктерін де атап өтті.
Дарья Бублик қателіктер басында жіберілгенін айтады: «Алғашқы хабарлама «Форумнан» болды: «Уау, бізде осынша шар бар! Бізде ғажап мысық болады!» Бұл серпін берілгенде-ақ, бәрі дұрыс болмады. Егер олар өздері үшін тәуекелдерді түсінсе, онда бәрі басқаша болар еді».
Әсел Қараулова былай дейді: әуе шарларын лақтыруға және құрылысқа келісім бермес бұрын сауда орталығының PR қызметі қоғамдық пікірді талдап алуы керек еді.
«Егер олар мұны істеген болса, олар әуе шары мәселесі беделге қауіп төндіретінін бірден түсінетін еді. Олар экологтармен байланысып, шарларды қайта өңдеу бойынша бірлескен жоба немесе конфликтке кетпей ақпараттық-танымдық сипаттағы пост-науқан ұсынуы керек еді».
«Форумның» ұстанымын білу үшін CABAR.asia сауда орталығына сауал жолдағанымен, жауап алмаған.
Шара қонақтары – мысықты тікелей құрастырған ресейлік аэродизайнерлердің іс-әрекеті де отқа май құйып жіберді. Эко-белсенділер қонақтардың арандатушылық әрекеті болмаса, ымыраға келуге болатынын атап өтті.
Әсел Қараулова барлық пікірлерді егжей-тегжейлі қарап шыққан: «Олардың [қонақтардың] әлеуметтік желілердегі өте дөрекі мінез-құлықтары, дұрыс емес сөздері, менмендік танытуы – мұның бәрі жеккөрініштілікке себеп болғаны анық. Қазақстанға жұмыс істеуге келген барлық ресейлік мамандар қоғамдық пікірді, жергілікті ерекшеліктер мен дәстүрлерді зерделеуден бастап, өзін мәдениетті, парасатты ұстауы керек. Сонда сіз хейттен аулақ бола аласыз».
Процеске қатысушылардың барлығына жетпеген басты нәрсе – келіссөздер жүргізу, жеке бастың емес, ортақ пайдаға көңіл бөлу болды. Бұл пікірді стратегиялық коммуникациялар маманы Дана Сәудегерова да айтады.
«Белсенділер мен бизнес/үкімет арасындағы кез келген дауда өзара әрекеттесу және ортақ құндылықтарды табу маңызды. Бұл жағдайда ортақ құндылықтар – эмоциялар, келушілердің қуанышы және бұрын-соңды болмаған арт-шара. Тараптар бірігіп, ымыраға келуге тиіс еді. Мысалы, экологиялық таза материалдардан жасалған шарларды пайдалану, шарларды дұрыс кәдеге жарату, келушілерге шарларды экологиялық таза ұстауды түсіндіру», – деп түйіндейді Сәудегерова.
Негізгі сурет: әлеуметтік желідегі мысықтың суреті