© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Нұр-Сұлтан (Астана) – қайшылықтар қаласы

Миллиардтаған доллар инвестициялаған соң, Қазақстан астанасы – Нұр–Сұлтан (бұрынғы Астана) қарыштап дамып, заманауи қалаға айналды. Бас қала атанғалы 21 жыл ішінде ол адам танымастай өзгерді. Бірақ жаңа астана сән қуып кеткенде, маңындағы елді мекендер қағажу қалды.


Подпишитесь на наш канал в Telegram!


English На русском

Астананың ұмытылған бөлігінің бірі Пригородный кенті 10 шақырым жерде орналасқан. Бұл жердің басты проблемасы – емхананың жоқтығы.

Жергілікті тұрғындары күндердің бір күнінде өркениет бізге де жетсе екен деп армандайды. Жүздеген адам суды жалғыз колонкадан ішіп отыр, судың кезегіне таңғы алыдан бастап тұрады. Демалыс күндері кезекте 3-4 сағат тұруға мәжбүр.

Сегіз жастағы Жомарттың балалық шағы осы су кезегінде өтіп жатыр. Ойнауға уақыт жоқ – оны үйде суға бара алмайтын әжесі күтіп отыр.

Юрий Нажаров, Пригородный кентінің тұрғыны: «Бұрын бізде жеті колонка болатын, қазір біреу ғана қалды, оның өзі тұз татиды. Үйлерде су жоқ. қыста бұл колонка қатып қалады да, жағдайымыз тіпті нашарлайды. Талай жерге хат жаздық, бірақ еш нәтиже жоқ».

Мұнда жол да жоқ. Бұл жерге тіпті «жедел жәрдем» келуден бас тартады, науқастарға ем алу үшін өздері келсін деп өтінеді.

Нұрдәулет Әбдікәрімов: «Мен студентпін, тіс дәрігері мамандығына оқып жатырмын, бос кезімде астанадағы сауда үйлердің бірінде қосымша табыс табамын. Осы кенттен қатынаймын деп қиналып біттім, бір маусымның соңына дейін киюге жетпей қойды. Тапқан–таянғаным аяқ киімімнен артылмайды. Көктем мен күзде мүлдем жүру мүмкін емес. Осында тұрып жатқаныма он жыл болды, еш өзгеріс жоқ».

Бұл жердің кішкентайлары балалар алаңқайларын тек қалаға, туысқандарына қонаққа барғанда көреді, ал мұнда қоқыстың ортасында ойнап жүр. Былай қарасаң, астана түбіндегі элиталы аумақ. Бірақ кент жаппай қоқыс орнына айналып барады, тастанды жер сияқты.

Бұл жаққа автобус жүрмейді, ал мектепке барар жол 1,5 шақырым. Мектепке балаларды жеткізу қарастырылмаған, сондықтан тұрғындар өз машиналарымен апарады. Машинасы жоқтар жолсызбен жаяу тартады. Жауындар кезінде бұл жердің шаңы аяқ алып жүре алмас лай–батпаққа айналады. Балалар мектепке аяқ киімсіз келген жағдайлар да болған.

Ядвига Сосновская – зейнеттегі стюардесса. Бұл поселкеде тұрып жатқанына 47 жыл болды.

«Кезінде бұл жерде негізінен авиация мен геология саласында жұмыс істейтін адамдар тұратын еді. Қазір машина көбейді, өз күшімен жол салып алмақ еді, бірақ қаражат жетпеді».

Нұр–Сұлтан Қазақстанның астанасы болған 22 жылда жан–жағында жоспарланған және жоспарланбаған елді мекендер қаптады. Қараөткел поселкесі астанадан 20 шақырым жерде орналасқан.

Ол екі бөлікке бөлінген, соның бірі ғана астанаға қарайды. Мұнда мектеп те, балабақша мен аурухана да, тіпті жаңа стадион бар.

Қалаға автобуспен 15–20 минутта, машинамен 10 минутта жетіп алуға болады. Бірақ бұл жердің басты проблемасы – жолдар. Құрғақ күні шаң–тозаң, жаңбыр жауса – батпақ. Сол себепті такси де мұнда жолаушыларды қиналып, әзер әкеледі.

Бұл жерде 20 мыңнан астам адам тұрады. Көбі астанада жұмыс істейді, қора–бақша ұстап отыр. Жергілікті тұрғындардың басым көпшілігі зейнеткерлер.

Астана маңы деп айтқанымен, бұл поселкелерде жергілікті билік қашан назарын салады деп, шешуін күткен проблема шаш етектен.

Гүлім Рахметова: «Бәріміз мұнда жағдайы жасалмаған жер үйлерді жалдап тұрамыз. Өйткені ең арзан баспана осы. Күйеуім қалада жұмыс істейді. Тоғыз баламыз бар, ал үйімізде канализация жоқ, қыста сыз тартып тұрады».

Поселкеде жалғыз сұлулық салоны бар. Бақыт Серікова – әмбебап шаш шебері. Мұнда тұрым жатқанына он екі жыл болды. Бұл жерден ертең–ақ көшіп кетуге даяр, бірақ үйін сата алмайды, ал жалға беру тиімсіз.

Ал мынау Нұр–Сұлтанның шетінен салынған Жағалау тұрғын алабы. Қарқындап өсіп келе жатқан ауданды көріктендіру бойынша сұрақтарын, жалпы инфрақұрылымдық және басқа мәселелерін әкімдік тез арада шешім тастайды.

Зейнеткер Жақсылық Бекжанов осы жерден 14 млн теңгеге ($36,9 мың) екі бөлмелі пәтер сатып алған:

«Өте жақсы аудан. Ауласы, дүкендері бар, балалар алаңқайы тұр, жағажай салып жатыр. Паркинг қана жетіспейді».

Бұл жердің автобустары кесте бойынша жүріп тұр. Ал мынандай жылытылатын, ақпараттандыру жүйесімен жабдықталған, Wi–Fi бар аялдама шамамен 10 млн теңге ($26,3 мың) тұрады.

Ал мынау FamilyVillage ұйымдасқан коттедж поселкесі, мұнда барлық жағдай жасалған, коммуникациясы жүргізілген, қызмет көрсететін бөлек мекемесі, күзеті, видеобақылауы бар. Мұндағы тұрғындардың проблемалары мүлдем басқа.

«Жылуға көп төлейміз, өйткені дербес қазандығымыз бар. Жылуға 120 доллар төлейміз. Көктем келсе, паркингті су алады», – дейді Гүлжамал Омарова.

Наурыздың басында Қазақстан премьер–министрі Асқар Мамин астананың жан–жағын аралап шықты, тұрғындардың проблемалары қалай шешіліп жатқандығымен танысып, әкімдерге бірқатар тапсырмалар берді. Бірақ олардың қашан және қалай шешілетіндігі белгісіз.

02
04
48
03
47
07
11
13
45
06
46
49
34
26
42
31
29
39
28
33
35
21
22
23
20
16
44

Бұл материал «Giving Voice, Driving Change — from the Borderland to the Steppes Project» жобасы аясында жазылды. Жоба Норвегия Сыртқы Істер Министрлігінің қаржылай қолдауымен жүзеге асуда.

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter.

Сообщить об опечатке
Текст, который будет отправлен нашим редакторам: