© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Қазақстан мектептеріне дінтануды енгізу: қажеттілік немесе артықшылық?

«Қазақстан билігіне  жолға қойған мақсатқа жету  үшін мектептердегі дінтану     жаңа білім алудағы мектептегі көп пәндердің бірі ғана болып қалмауы керек.  Бұл пән  жастар арасындағы толеранттылықтың өсуіне,  ерекшеліктеріне қарамастан бірігуіне  ықпал етуі керек», —  деп CABAR.asia сараптамалық платформасына арнайы жазған мақаласында тәуелсіз зерттеуші Меруерт Сейдуманова атап көрсетті.

Русский English


Подпишитесь на наш канал в Telegram!  


Мақаланың мазмұнына қысқаша шолу:

  • Қазақстан мектептерінде 2016 оқу жылында  яғни, 9-сыныптан бастап «Діни зерттеулердің мәртебесі мен негіздері» деген пән енгізілді;
  • 70-тен аса ел мемлекеттік мектептерде дін жайлы сабақтың қажет екендігін мойындады.  Бұл мәселеде пәннің тақырып аясы мен түрлі тәсілдерді орынды қолдану жайы талқыланды;
  •  Пән үшін  міндетті түрде керек ауқымды материалдарды жинап және өңдеуге қажетті уақыт қазақстандық педагогтарда жоқ;
  •  Әлі күнге дейін Қазақстанда дінтану курсынан дәріс беріп, оқытып-үйретететін университеттердің саны кемшін;
  • Дінтану пәніне арнайы жасалған  оқулықтар  мектептерде дінтану пәнін енгізудің негізгі  талаптарына  сай келмейді.  Оның ішінде, толеранттылық сананы қалыптастырудың орнына,  толеранттылық қарым-қатынастың деңгейін төмендетеді.

Қазақстан мектептерінде 2016  оқу жылынан бастап «дінтану» пәнінен міндетті түрде  сабақ беру туралы жұмыс жүргізілуде. Осы тақырыпты енгізу үшін 7,400-ден астам діни ғалымдарды дайындауға және оқу-әдістемелік құралдарды  әзірлеуге қомақты қаржы бөлінген. Әйтсе де,  әіл күнге дейін мектепте дінтану сабағын өткізу, осы пәнді енгізудің тиімділігі және қажеттілігі туралы кең   көлемде талқылануда.

Мектеп оқушыларының және дін өкілдерінің қатысуымен жүргізілген сауалнама нәтижесінде мектептердегі  дін жайлы сабақтардың өткізілуінде әлі де шалалық бар. Фото: Турар Казангапов/Tengrinews.kz.

Қазақстан мектептерінде осы пәнді барлық мектептерге енгізу, толықтай қамту жайлы  зерттеулер  барысында дінтанудан сабақ беретін мамандар, олардың қолданатын оқу-әдістемелік құралдары жайлы өзекті сұрақтар туындайды. Бүгінгі таңда дінтану  аясындағы пәннен сабақ беруде ісінде сапалы оқу-әдістемелік оқулықтар мен арнайы мамандандырылған  оқытушылар құрамы, кадрлар легі толықтай  қамтамасыз етілмеген. Мектептерде дінтануды енгізуде  жоғары білікті деңгейдегі  сабақ беру жұмысы арқылы қолайлы оң нәтижеге қол жеткізуге болатын өзекті дүние.

Бүгінгі таңда Қазақстан мектептеріндегі дінтанудан дәріс берудің ахуалы

2004 жылы ҚР Президентінің «Терроризм мен экстремизм көріністерін болдырмау және жолын кесу жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан мектептерінде «Дінтану негіздері»  атты элективті курсы енгізілді [1]«Терроризм мен экстремизм көріністерін болдырмау және жолын кесу жөніндегі шаралар туралы» ҚР … . Бұл пәнді енгізу  толеранттылық пен терроризм идеясын қабылдамайтын жастар арасында дін туралы білімнің жалпы деңгейін көтеруге, қазіргі діни ахуалды бағалау және түсіну үшін жастар арасында толерантты сана қалыптастыруға қажетті мемлекеттік шаралардың бірі [2]Қазақстан Республикасының  2013-2017 жылдардағы діни экстримизм мен терроризмге қарсы күресу жайлы … .

2013 жылы 2017 жылға дейін  «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданған. Онда  мектеп оқушыларының 100% -ы орта білім беру ұйымдарында дінтану сабақтарын беру жоспарланған [3] Осында. Осыған орай,  мақсатқа жету үшін 2016  оқу жылында  9-сыныптан бастап «Дінтану негіздері» факультативтік курсын ауыстыратын «Діни зерттеулердің мәртебесі мен негіздері»  атты  пән Қазақстан мектептерінде міндетті пән ретінде енгізілді.

Аталмыш пәннің 9-сыныптан бастап енгізілуінің негізгі себебі «Prison Reform International» халықаралық үкіметтік емес ұйымы,  Орталық Азиялық өкілдігінің мәліметтері бойынша, 14-29 жас аралығындағы адамдар негізінен террористік-күрескер болуға бейім келетіндердің қатарына жатады [4]Қазақстандағы PRI аймақтық директорының Қазақстандағы түрмелерді радикалдандыру және зорлық-зомбылыққа … .

ИНФОГРАФИКА: ҚР-ның  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті, Дін істері жөніндегі ғылыми-талдамалық орталығы

Дінтануды мектептерге енгізудің  әлемдік тәжірибесі

Дінтану жайлы  білім беруді республикалық көлемде қамту ісі Қазақстанның әлемдік тәжірибеге, солардың тенденциясына  сай келеді.

90-шы жылдардың соңына дейін дамыған елдер білім беру  ісінің жүйелеу үдерісінен өтті, діндер жайлы түсінікті қалыптастыру оқу бағдарламасынан аластатылды. Әйтсе де, АҚШ территориясында 2001 жылы  11 қыркүйекте болған террористік шабуылдан кейін және діни экстремизмнің өсу  қауіп-қатерлеріненің өршу қаупінен кейін, мемлекеттік білім беру бағдарламаларына қайта назар аударуға тура келді [5]Barnes, L., Ph. (2014), Education, ReligionandDiversity, 280 бет..

Картада  мемлекеттік мектептерде дінді оқытатын елдер тізімі және олардағы діни зерттеулердің тәсілдері және түрлі оқыту әдістері көрсетілген.

Әлемнің түрлі елдеріндегі  зерттеулер

Мемлекеттік мектептерде діни зерттеулерді түрлі тәсілдермен және әртүрлі оқыту әдістерімен зерттейтін елдер.

 

Сонымен, әлемнің 70-тен астам  елі  мемлекеттік мектептерде   дін жайлы сабақтың өтуі тиімді  әрі қажеттілігін мойындады. Сол кезеңде пәннің тақырып аясы мен түрлі тәсілдерді орынды қолдану жайы да талқыға салынды. Бұған сай барлық елдер  оқушылардың толеранттылығын және  дінді түсіну қабілетін дамыту және  сапалы оқулықтармен  кәсіби жоғары  оқытуды  мақұлдайды.

Оқытушылардың біліктілігі

Бұған қоса, Қазақстанда білікті кадрлардың аздығы, оқытушылар біліктілігінің төмендігі, діннен сабақ беретін  мұғалімдердің  этикалық тұрғыда діннен дәріс беретін  оқытушылар мен дін кафедрасын бітірушілер шоғырының  жетпейтіндігі  сөзсіз.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 2015-2016 жылдан  7432 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді екен [6]Ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитеті  «Білм беру» – статистика (2017), stat.gov.kz. Діни зерттеулерді мектептерге енгізу үшін әр мектепке кем дегенде бір дінтану саласының маманы міндетті түрде қажет.  Бұған қоса,  тіпті, Алматы мен Астана  қаласындағы мектептердің директорлары  дінтанудан сабақ беретін кадрлардың  жетіспейтіндігін алға тартады. Ал, өзге аймақтарда бұл жағдай  орталық қалалардан да  төмен әрі  күрделі жағдайда.

Бүгінгі таңда діннен сабақ беретін мұғалімдердің басым көпшілігі – тарих, география және әлемдік көркем мәдениет секілді пәндердің мұғалімдері. Олардың көбі біліктіліктерін арттыру, қайта даярлау курстарынан өткен [7]Мектептердегі дінтану: жағдайы мен перспективалары. Е. Смағұлов  (2015), http://kazislam.kz/ru/.

Дінтану пәні  (мысалы, тарих)  өз мамандығы үшін маңызды болғанымен, мұғалімдердің біліктілігі күмән туғызады. Діни зерттеулерді тиісті деңгейде жүргізе алатын кәсіби қызметкерлер жеткіліксіз. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы департаментінің прокуроры С.Нысанбаевтың пайымдауынша, көптеген мектептерде  оқытушылар   осы пән аясында сабақты  бұл тақырыптан анағұрлым алшақ мәнде береді, яки оқытады [8]«Діни экстремизм мен терроризмге жол бермеу шарасы ретінде «Дінтану негіздері» мектебінің пәні беделді … .

Бұл жағдайдың астары дінтанушы білікті ғалымдарға қойылатын нақты талаптардың болуына байланысты. Бас прокуратураның өкілі хабарлағандай,  осылайша, діни білім беру курсы жастар арасындағы радикалды діни идеологияның таралуына қарсы күресудің тиімді механизмі болмақ. Мәселенің ең бастысы, біліктілігін арттырып, қайта даярлаудан  мамандарға бөлінген сағаттардың жетіспеушілігінен[9]Осында.

Дінтану мәселелері бойынша ғылыми-талдамалық орталықтың директоры Абдирасилқызының айтуынша, мұғалімдерді қайта даярлау курстары  24 сағаттан 3 күндік семинарға созылады[10]«Мектепте дінтанудан сапалы білім беру – елдегі ішкі тұрақтылықты сақтауға оң ықпалетеді», А. Абдрасилкызы … .

 Демек, 2-3 күндік семинар кезінде мұғалімдерге материалды толық меңгеруге уақыт жетпейтіндіктен, білімдерін жеке бос уақыттарында арттыруға мәжбүр. Азия журналының сарапшысы Д.Сабитовтың пікіріне тоқталар болсақ, мұғалімдерге материалды тереңірек зерделеуге және үлкен көлемдегі жұмыстардың дайындықтарына байланысты (екі пән бойынша дайындық, құжаттама, қоғамдық жұмыс жүктемесі жәнет.б.) сабақ беру үшін лайықты уақыт қарастырылмаған [11]«Дін және мектеп»,  Д.Сабитов (2014),  https://www.asiakz.com/. Тарихшы/географ мұғалімдер негізгі мамандығы бойынша оқығандықтан, мұғалімдердің білімінің басымдылығы мен қызығушылықтары олардың негізгі пәнінде болады.  «Дінтану» мамандығы бойынша жоғары оқу орнынан алған  білімі бар мұғалімдердің жетіспеушілігі діни ғалымдарға  мектепте толық күндізгі оқытуды қамтамасыз ету қиындығына келіп тіреледі[12]Осында. Дінтану курсы жылына 34 сағат немесе аптасына бір академиялық сағат, ал күндізгі бөлім мұғалімі үшін аптасына 40 сағат көлемін құрайды.

Қазақстанда діни зерттеулер курсын оқытатын университеттердің саны  аз. Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері жөніндегі ғылыми-талдамалық орталығының мәліметтеріне сәйкес, осы кезеңде Қазақстанда  дінтану мамандығына сай: бакалавриат деңгейінде – 6 жоғары оқу орны, магистратура бойынша – 5, докторантурадан – 3 жоғары оқу орны еңбекке мамандарды дайындайды.

Қазақстанда «Дінтану» мамандығы бойынша  оқытатын жоғары оқу орындары

 

Дінтану курстарын ұсынатын университеттердің тең жартысы Алматы қаласында орналасқан. Қалғандары – Астана, Қарағанды ​​және Түркістан қалаларында.  Аталған төрт қалада діни білім беру мекемелерін шоғырландыру ісі жасақталған. Елдің басқа шаһарларының халқы тұрғылықты жерлерін өзгертпестен діни білім алу мүмкіндігінен шеттетіледі. Себебі, олардың өлкесінде осы тақырыпта білім беретін оқу орындары жоқ. Мысалы, олардың қатарында Қазақстанның барлық мектептерінің 14%-ы Түркістанда, 9,5% – Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында – 8% оқуға жол жеткізе алмайтын көрінеді [13]Ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитеті  «Білм беру» – статистика (2017), stat.gov.kz. Қазақстанның бұрынғы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаевтың мәлімдеуінше, Қазақстанның кейбір өңірлерінде деструктивті ағымдардың таралу қаупіне байланысты Батыс облыстарының,  одан бөлек,  Жамбыл, Қызылордажәне Батыс облыстарының бірінде, Шығыс Қазақстанда «Дінтану» мамандығын ашу мәселесі туындаған[14]«Қоғам және дін» атты оқулық Қазақстан мектептерінде пайда болады, К.Абылгазина (2017), http://abctv.kz.

Халықаралық түрме реформасы (PRI) үкіметтік емес ұйымы өңірлік директорының мәлімдемесін негізге алсақ, Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлеріндегі тұрғындардың террористер қатарына ену  мүмкіндігі  басқа  аймақтарға қарағанда жоғары [15]Қазақстандағы PRI аймақтық директорының Қазақстандағы түрмелерді радикалдандыру және зорлық-зомбылыққа … . 2007 жылы демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) және діни сенім бостандығы бойынша сарапшылар тобы құрастырған қоғамдық мектептердегі дін және діни сенімдер жайлы оқытудың Толедтік басқару қағидасына сәйкес Қазақстанда  дінтануды оқытуда  бейтараптық жағдайы әлі күнге дейін  шешімі шықпаған жағдайда сақталуда [16]Toledo Guiding Principles on teaching about religions and beliefs in public schools prepared by the ODIHR Advisory Council of experts on freedom of religion or belief (2007), … .

Мұндай мәселеде  тек қазақстандық мектептерді  ғана ескеріп қоймау керек. Канада мен бірнеше еуропалық елдердегі мемлекеттік мектептердегі діни білім беретін мұғалімдердің  шет қалуы қиын.  Канададағы дін зерттеуші мұғалімдердің  жұмыс нәтижесінде «мұғалім сабақ барысында тек мазмұнға сәйкес  жан-жақты көзқарасын білдіре алады, жеке басының бейтараптылығын сақтайды» [17]Мектептерде діндануды оқыту: бейтараптылыққа жол ашу және «мәдение соғыс» А. Ожиганова (2017) 14 бет, … . Алайда,  қазақстандық оқулықтардың бейтараптылыққа байланысты   сауалнама қорытындысы респонденттердің  күмәнін туғызып отыр.

Оқулықтардың сапасы

 2003 жылдан бері  діни зерттеулер жайлы оқулықтар 5 рет алмастырылып, олардың атауы – 4 мәрте өзгерген.  Осы орайда, оқулықтар  сарапшылар мен мемлекеттік органдардың және тұрғындардың тарапынан үлкен сын-пікірге ұшырағанын ескерген жөн. Ұсынылған оқулықтардың арасынан ұстанымы сынға ұшырағандарын ажыратып алуға болады.

Ең алдымен, бұқаралық ақпарат құралдары, сарапшылар және халықаралық ұйымдар  ол оқулықтардың мектеп бағдарламасына сай еместігін  көрсетіп берді. Толеранттылық сананы  жүйелеу емес, керісінше,  толеранттылық қарым-қатынас деңгейінің төмендетуге кері ықпалын тигізетінін  анықтады. «Форум – 18» халықаралық құқық қорғау ұйымының мәліметінше, оқулықта «кейбір діни қауымдастықтарға қатысты агрессивті, тіпті, қорлайтын үн бар» көрінеді [18]Осында және сайтта  http://www.forum18.org/.

 Оқулықтарды қолданысқа енгізбес бұрын, бұл мәселеге қызығушылардың сарапшы-дінтанушылардың, жергілікті тұрғындардың, дін қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметкерлерінің пікірі  ескерілді.

  Оқулықтардың авторы  дінтанушы, философия ғылымдарының докторы, ҚР  ҰҒА-ның академигі Г.Есим көпшіліктің оқулыққа қарсы уәжін жоққа шығарады. Оның  бағамдауынша, оқулықтар жоғары талапқа сай және толеранттылықты насихаттайды[19]«Дінтан негіздері» атты оқулық дін бостандығы жайлы  мәселенің пәні болды, Д. Мавляни (2010), https://rus.azattyq.org/.

Қолданыстағы оқу-әдістемелік оқулықтар мен мектептерде  дінтану сабақтарындағы жабдықтардың  жасақталуы  мына жағдайларға әкеп  соғуы мүмкін:

  •  оқушыларды  ұлт мүлкі ретінде оқшаулау;
  •  оқулықтарда қатенің кетуі балаларға білім беру сапасының төмендеуіне,  кәсіби деңгейі төмен мұғалімдердің  көбеюіне;
  •  қоғамда толеранттылық деңгейінің төмен түсуіне, дінтану сабағында діни конфессияларға қызығушылықты жоюға;
  • жастар арасында дінге сыни көзқарас қалыптастыру мен дамытудағы проблемаларға;
  • мақсат жолынан таюға,  бағдарламада анықталған  діни экстримизмге;
  • қолданыстағы әдебиеттер мен мұғалімдерді қайта даяярлауда мемлекет бюджетіне шығын әкелуі ықтимал.

Сарапшылар мен қоғамдық пікірдің жағымсыз көзқарасына қарамастан,   дінтану  мектеп  пәндерінің қатарынан  міндетті факультативтік  негізге көшті.   Сынақ ретінде басталған   оқыту көлемі ұлғайып, республикалық  ауқымға қанат жайды.

 

Шешімдер мен ұсыныстар

Қазақстан билігіне  жолға қойған мақсатқа жету  үшін мектептердегі дінтану     жаңа білім алудағы мектептегі көп пәндердің бірі ғана болып қалмауы керек. Жастар арасындағы толеранттылықтың өсуіне,  ерекшеліктеріне қарамастан бірігуіне  ықпал етуі керек. Дінтанушылар, оқушылардың ата-аналарының, БАҚ-ның жүргізген  сауалнамасы мқайта даярлықтан өткен оқытушылардың мектептердегі жұмыстарының әлсіздігін, оқулықтардың сапасыздығын  айқындады.

Сондықтан дін   туралы оқыту саласында қалыптасқан жағдайды жақсарту үшін мынадай ұсыныстарды қарастырған жөн:

  1. Шет елдердің оқулықтарын пайдалану және қазақ тіліне бейімдетілген қосымша оқу құралдарын енгізу. Бұл үшін дүниежүзіндегі тәжірибесінде бар оқулықтарды  қолдана отырып,  діни көшбасшылармен, гуманистік ұйымдардың өкілдерімен, институционалдық серіктестермен және басқа да мүдделі тараптармен ынтымақтастықта ұзақ мерзімді бірлескен жобалар негізінде зерттеулер жасауға болады. «Жол белгілері – діндер туралы білімді оқыту әдістемесі мен практикасы және мәдениет аралық білім берудегі діни көзқарастар» (2014 ж.) және халықаралық REDCo (European Research Projecton Religionin Education) және TRES (Networkon Teaching Religionin a Multicultural European Society секілді жобаларды қарастыруға болады. Оқу материалдарын шетелдік сарапшылармен және дінтанушылармен  бірлесіп, ақылдаса отырып жасауға, және оқулықтарды мектептерге таратпас бұрын алдын ала бағалап,  кемшін тұстарын  анықтаса жинақталған оқулық ұтымды шығуы мүмкін;
  2.  Дінтанушы ұстаздар мен дінтану  кафедрасының түлектерін бір  уақытта бірнеше мектепке сабақ беруге болатындай етіп қызықтырып, мотивация беру керек.  Соған қоса, оқытушыларға  дінтану кафедрасында оқу үшін грант бөліп, 2-3 жыл мектептерді жұмыс істеуі үшін қосымша ынталандыру қажет;
  3.  Мұғалімдерді қайта даярлау орталықтарында  ұзақ мерзімде оқыту және әдіс-тәсілдерді егжей-тегжейлі  оқытқан дұрыс. Кадрларды қайта даярлау дінтану саласында білім беруді ғана емес, сыни педагогиканы да үйретеді;
  4.  Ел  университеттерінде діни  кафедралардың көбеюі –  Түркістан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе  секілді облыс орталықтарында  жаңа кафедралардың ашылуына септігін тигізеді. Дінтануды кафедраларда оқытуда  –  міндетті түрде сыни педагогиканы да қоса  оқытқан тиімді;
  5. Студенттердің діни зерттеулерге қызығушылығын арттыру үшін инновациялық шараларды енгізсек,  мысалы, youtube видео арналары, әлеуметтік бейне және т.б. арқылы;
  6. Мұғалімдер, теологтар мен діни ғалымдардың көзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін желілік жобаларды құру, діни тәжірибе алмасу үшін Еуропа елдерінің іс-тәжірибесіне сүйенуге тура келеді. («Еуропадағы діни білім беру мұғалімдерінің еуропалық форумы», «Еуропадағы діни білім беру бойынша үйлестіру тобы» және «Көпмәдениетті Еуропалық қоғамда дінді оқыту», ). Қысқа мерзімді перспективада мұғалімдердің тәжірибе алмасуы үшін, мысалы, АҚШ-та, «Religion, Social Studiesand You» деген  сарындағы   мектептерде оқытушыларға арналған  мемлекетаралық, қалааралық веб-семинарлар өткізсе;
  7. Дінтанушыларға ЕҚЫҰ/ДИАҚБ жобасының шеңберінде діни наным-сенім бостандығына, қауіпсіздігіне және қауіпсіздігіне қатысты білім алуға мүмкіндік беру. Жоғары сапалы тренингтер өткізу және білім беру саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында діни зерттеулерге басқа да шетелдік мамандарын тарту;

Ұсыныстарды  іс жүзінде жүзеге асырудың қиындығына қарамастан,  мақсатқа жету өте нәтижелі болмақ. Жоғары қаржы шығындарының, әкімшілік қиындықтардың және төмен техникалық мүмкіндіктер (кітап авторларының жоғары біліктілігі және сапалы мұғалімдерді дайындау) қажет болғандықтан, барлық ұсынылған ұсынымдар орындалмауы да мүмкін. Алайда, бұл шаралар толеранттылық сананы қалыптастыруға, діни террористік қауіптің алдын алуға аса қажет.


Мақала «Ашық диалог арқылы Орталық Азиядағы тұрақтылықты сақтау» IWPR  жобасы аясында  әзірленді. Мақалада  айтылған пікірлер редакцияның немесе донор көзқарасын білдірмейді.

 

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter.

«Терроризм мен экстремизм көріністерін болдырмау және жолын кесу жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің Жарлығы (2010), adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының  2013-2017 жылдардағы діни экстримизм мен терроризмге қарсы күресу жайлы мемлекеттік бағдарламасы (2013), //http://adilet.zan.kz/.
 Осында
Қазақстандағы PRI аймақтық директорының Қазақстандағы түрмелерді радикалдандыру және зорлық-зомбылыққа және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ұлттық форумдағы  А. Шамбиловтың баяндамасы, мамыр, 2017 ж., Https://www.zakon.kz/
Barnes, L., Ph. (2014), Education, ReligionandDiversity, 280 бет.
Ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитеті  «Білм беру» – статистика (2017), stat.gov.kz
Мектептердегі дінтану: жағдайы мен перспективалары. Е. Смағұлов  (2015), http://kazislam.kz/ru/
«Діни экстремизм мен терроризмге жол бермеу шарасы ретінде «Дінтану негіздері» мектебінің пәні беделді ме?» деген  C. Нысанбаевтың  (2014) еңбегі. http://prokuror.gov.kz/rus/novosti/stati/effektiven-li-shkolnyy-predmet-osnovy-religiovedeniya-kak-mera-profilaktiki
Осында
«Мектепте дінтанудан сапалы білім беру – елдегі ішкі тұрақтылықты сақтауға оң ықпалетеді», А. Абдрасилкызы (2014),  https://www.zakon.kz/
«Дін және мектеп»,  Д.Сабитов (2014),  https://www.asiakz.com/
Осында
«Қоғам және дін» атты оқулық Қазақстан мектептерінде пайда болады, К.Абылгазина (2017), http://abctv.kz
Қазақстандағы PRI аймақтық директорының Қазақстандағы түрмелерді радикалдандыру және зорлық-зомбылыққа және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ұлттық форумдағы  А. Шамбиловтың баяндамасы. 2017 жылдың мамыр айы, Https://www.zakon.kz/
Toledo Guiding Principles on teaching about religions and beliefs in public schools prepared by the ODIHR Advisory Council of experts on freedom of religion or belief (2007), https://www.osce.org/odihr
Мектептерде діндануды оқыту: бейтараптылыққа жол ашу және «мәдение соғыс» А. Ожиганова (2017) 14 бет, http://www.religion.ranepa.ru/
Осында және сайтта  http://www.forum18.org/
«Дінтан негіздері» атты оқулық дін бостандығы жайлы  мәселенің пәні болды, Д. Мавляни (2010), https://rus.azattyq.org/
Сообщить об опечатке
Текст, который будет отправлен нашим редакторам: