мешіт

03.06.24

Жаркент (Қазақстан) қаласының іргесі 1882 жылы қаланды, ол кезеңде қала Қытаймен шекаралас аймақта сауда-саттық мекені болатын, сондықтан да мұнда: қазақтар, ұйғырлар, орыстар, дүнгендер мен қытайлар сауда жасайтын. Сауда өрістеген сайын, қала да гүлдене берді,  ал жергілікті көпестер тек өз кәсібін дөңгелетіп қана қоймай, қалада сәулеті келіскен ғимараттар салуға да қаржы құйды. Соның нәтижесінде –  будда немесе даос ғибадатханасы секілді қытайлық үлгідегі, ұштары көкке қарайтын бірнеше қабат шатыры бар ағаштан қиып салынған айрықша мешіт қазіргі уақытқа дейін сақталды.

(more…)

Elena Kuznetsova 16.01.24

Петропавлда іргетасы XVIII ғасырда қаланған қаладағы алғашқы тас мешіттің тағдыры туралы көптен бері пікірталас жүріп жатыр. Діни ғимараттың аумағында қазір техникалық қызмет көрсету станциясы, қонақүй, дәмхана және сауна бар. Мұсылман қауымы бұған наразы: бұрын намаз оқыған жерде қалай жуынып, кәуап пісіруге болады? Аумақ иесі жерді заңды түрде сатып алғанын, ғимараттың сәулеттік құндылығы жоқ екенін айтады. CABAR.asia екі тараппен де сөйлесті. (more…)