© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

Түрлі діни топтардың еріктілері Петропавл қаласында үйсіздерге қалай көмектесіп жур

Қазақстандағы әртүрлі діни ұйымдар қайырымдылық жобаларына белсенді түрде атсалысып, өздерінің келушілеріне де, мұқтаж жандарға да көмектесуде.


Петропавл қаласындағы Татьяна Миронова ұйымдастырған қайырымдылық асханасы. Суретті түсірген Александр Данчев.
Петропавл қаласындағы Татьяна Миронова ұйымдастырған қайырымдылық асханасы. Суретті түсірген Александр Данчев.

Қазақстан – негізінен ислам дінін ұстанатын титул ұлт қазақтардан басқа көптеген басқа ұлттар мен діни топтардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан мемлекет.

Әлемде этникалық және діни текке негізделген араздық басты сын-қатерлердің біріне айналып отырған шақта түрлі діни топтардың мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік қызметі өзгелерге үлгі болып отыр.

Елімізде барлығы 18 түрлі конфессияның өкілі 3658-ге жуық діни бірлестік тіркелген. Негізгі дінге халықтың 70%-дан астамы ұстанатын ислам діни және православиелік христиандық жатады. Елде сонымен қатар протестант қауымдастықтар, католиктер, иудейлер, буддистер және бахаилер сияқты басқа діни топтар мен Кришна ізбасарлары бар.

Қазақстанда 3464-тен астам құлшылық орны бар, оның ішінде 2550 мешіт, 294 православ шіркеуі және 495 протестант шіркеулер мен ғибадат үйлері бар.

Әртүрлі ислам, христиан және басқа да діни ұйымдардың еріктілері қоғамның әлеуметтік өміріне белсенді түрде қатысады.

Мысалы, Қазақстан Евангелиялық шіркеуі де волонтерлік қызметке белсенді түрде атсалысуда. Бір мысал ретінде үйсіздерге көмек көрсету бағдарламасын атауға болады, волонтерлер ай сайын ыстық тамақ таратуды ұйымдастырады, олар сонымен қатар баспанасыздарды уақытша баспанамен қамтамасыз етуге тырысады.

Үйсіздік – күрделі әлеуметтік мәселелердің бірі және жыл сайын баспанасыз қалғандардың саны артып келеді. Ең ірі қайырымдылық ұйымдарының бірі Habibat for Humanity International ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстанда 5500-ге жуық баспанасыз адам тіркелген. Бұл, әрине, толық көрініс бермейтін болжамды деректер, бірақ басқа ақпарат көздері де елде баспанасыздардың саны артып келе жатқанын айтады.

Мәселен, Қазақстан елордасы әкімдігінің мәліметі бойынша, 2020 жылы Астана қаласында тұрғылықты жері жоқ 982 адам тіркелсе, 2023 жылы олардың саны 1178 адам болған.

БҰҰ баспанасыздықты адамдар өздерімен бірге заттарды алып жүруге, көшеде, үйлердің кіреберісінде және басқа да кездейсоқ жерлерде ұйықтауға мәжбүр болатын кездер мен тұрғын үйінің болмауы деп анықтайды. Бұл ұйым өкілдерінің пікірінше, бұл мәселені түбегейлі жою үшін мемлекеттер мен қоғам көп күш салуы керек.

Дегенмен, баспанасыз адамдар әлі де бар және олардың саны, өкінішке қарай, азаймай отыр. Сондықтан қамқор жандар баспанасыз қалған азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуге тырысады.

Солтүстік Қазақстан облысының облыс орталығы Петропавл қаласында түрлі діни мекемелердің келушілері баспанасыз қалғандарды тамақтандырып, оларға баспана тауып, Құдайға апаратын жол арқылы өмірін өзгертуге көмектесіп жүр.

Ерікті Татьяна Миронова Евангелист-христиан баптистер шіркеуінің Дұға үйінің келушісі, өзі сақтандыру компаниясында менеджер болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, олар 2020 жылы пандемия кезінде үйсіздерді тамақтандыруды бастаған.

Татьяна Миронова. Фото жеке мұрағаттан
Татьяна Миронова. Фото жеке мұрағаттан

Асхана облыстық әскери комиссариатқа жақын маңдағы гараж кооперативінде орналасқан.

«Қыста күн суытқан кезде ғимарат іздеп, тұрақты гараж таптық. Бастапқыда басқа гараждардың иелерімен біраз қиындықтар туындады, бірақ қазір олар бізге үйреніп кетті, бәрі тынышталды. Олар ұрлық болады деп қорқып, полиция шақыру туралы айтқан. Алғашында адамдар сонда түнеп жүрді, ал қазір ондай ештеңе жоқ. Барлығы таза, келушілерге қоқыс тастамауды ескертеміз. Біз оларға бір жерде бірдеңе жоғалса, бәрін жауып, тамақтандыруды тоқтату керек болатынын түсіндірдік», – дейді Татьяна.

Ол CABAR.asia сайтына берген сұхбатында гаражды олардың қауымдастығы сатып алғанын айтты. Оған үстелдер мен орындықтар орнатып, шатырын жөндеп, төбесін оқшаулаған. Олар қақпаларды ауыстырып, орындықтарды ыңғайлы әрі тартымды етуді жоспарлап отыр. Олар үйсіз адамдарды аптасына бір рет – сенбі күндері тамақтандырады. Олар өздерімен бірге ыстық тамақ әкеледі, су сонда қыздырылады.

«Бұл жерге 5-15 адам ыстық тамақ ішуге келеді. Қыста көбірек. Пандемия кезінде 30-ға дейін адам келді», – дейді Татьяна.

Шіркеу келушілері мен жай ғана қолдайтын қамқор адамдар волонтерлік қызмет үшін ақша аударады. Олар гаражды өздері сатып алып, жөндеуге ақша жинаған.

Мұқтаж жандарға көмектесу тек тамақпен ғана шектелмейді.  Еріктілер үйсіз адамдарға өмір салтын өзгертуге және өздері үшін Құдайды табуға көмектеседі. Олар нашақорлықтан арылғысы келетіндерді облыстағы оңалту орталықтарына орналастырады. Олардың бірі Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Боголюбово ауылында орналасқан, Булаево қаласында (Петропавлдан шығысқа қарай 93 км) Дұға үйінде «Бауырластар үйі» (евангелист-христиан баптистерге арналған оңалту орталығы) орналасқан. Ред.).

Татьяна Миронова екінші қайырымдылық асханасын ашып, аптасына кем дегенде екі рет тамақтандыруды жоспарлап отырғандарын айтты. Олар сондай-ақ дұға үйіндегі «Бауырластар үйі» сияқты әйелдерге көмектесетін орталық ашпақшы.

Ол қамқорлықтағылардың барлығының тағдыры әртүрлі екенін, кейбірінің пәтерге алданғанын, кейбірін үйден қуып жібергенін, кейбірінің әйелінен айырылғанын, бірақ бәрінің де баспанасыз жүргенін айтады. Бірақ олардың кейбірі табыс тауып, жүк тиеуші болып, егін жинау үшін маусымдық жұмыстарға барады.

Татьяна өмірін өзгертіп, жаман әдеттерден бас тарта білген Жанаттың өмірін айтып берді, бірақ бұл жол оған өте ауыр болып, екі жылға созылған.

Жанат Ысқақов құлаққапты бас киім киіп тұр. Татьяна Миронованың ұсынған фотосы
Жанат Ысқақов құлаққапты бас киім киіп тұр. Татьяна Миронованың ұсынған фотосы

42 жастағы Жанат Ысқақовтың өзі де бір кездері баспанасыз қалып, ыстық тамақ ішу үшін қайырымдылық асханасына келе бастаған. Қазір ол «Эммануил» шіркеуінің жатақханасында (евангелиялық шіркеудің қайырымдылық миссиясы) тұрады және өзі сияқты адамдарға көмектеседі. Ол қала вокзалында тұратын көптеген үйсіз адамдарды табуға көмектесті, олардың кейбіреулері тіпті жүре алмайды, – дейді Татьяна.

«Жанат Петропавлға 2020 жылы пандемия кезінде Астанадан келген. Онда оның әйелі болған. Ол оны тастап кеткен. Біз туралы біліп, тамақтандыруға келе бастады. Ол уақыт өте өзгергісі келді. Біз оны 6 айдан 9 айға дейін адамдар тұратын Булаеваға жібердік. Бірақ бір кезде ол Астанадағы әйеліне қайтқысы келді. Сол жерде ескі ортаға тап болып, шыдамсызданып, ішімдік ішіп кетті. Содан Петропавлға қайта оралып, адасып қалды», – дейді Татьяна.

Олар оны тауып, ол қайтадан қайырымдылық асханасына тамақ ішуге бара бастаған. Содан кейін оны қайтадан Булаеваға жіберген, бірақ ол екінші рет бәрін тастап, әйеліне кеткен.

«Бұл жолы оны қабылдамады, ол анасына барды. Біраз уақыттан кейін ол біздің шіркеуге келді. Мен оған шарт қойдым, егер ішуді тоқтатсаң, қабылдаймыз дедім. Олар оны жатақханасы бар «Еманнуил» шіркеуіне жіберді. Бізде ондай мүмкіндіктер жоқ. Бірақ онда да бәрі бірден жақсы болған жоқ. Сол жерде біраз тұрған соң бірдеңе болып, кетіп қалды. Былтыр Жанат маған тағы келіп, алып кетуімді өтінді. Бірақ бізде тұратын жер жоқ, мен оған шіркеуге қайтып, оларға қосылуды өтінуін айттым. Ол сонда сауығып кетті, енді ол маған ке тамақтандыруға көмектесіп, адамдарға өзгеру керек екенін айтады», – дейді Татьяна.

Оның айтуынша, барлық адамдар өзгеруге күш таба бермейді, бұл тек шамамен 20 % қолынан келеді.

«Қатты тілекпен қатар, жолдастарың мен ортаны өзгерту керек. Әйтпесе, бәріне қайта оралу қаупі сақталады», – дейді Татьяна.

If you have found a spelling error, please, notify us by selecting that text and pressing Ctrl+Enter.

Spelling error report
The following text will be sent to our editors: