© CABAR – Центральноазиатское бюро по аналитической журналистике
При размещении материалов на сторонних ресурсах, гиперссылка на источник обязательна.

IWPR Қазақстанда журналистика факультеттерінің оқытушылары арасында CABAR.asia Медиа мектебіне қатысуға конкурс жариялайды

IWPR Орталық Азиядағы CABAR Медиа мектебінің аясында журналистика факультетінің оқытушылары арасында 13-17 тамыз аралығында Алматы қаласында өтетін жаңа медиа және сандық журналистика бойынша тренерлерге арналған тренингке қатысу үшін конкурс жариялайды.


Өтінімдер 2019 жылдың 11 шілдесіне дейін қабылданады.

Тренинг кезінде қатысушылар заманауи әлемдегі жаңа медиа жұмысының ерекшеліктері бойынша дағдылар мен білім алады. Цифрлы журналистка тілі,  жаңалық тарататын сайттарға арналған  трафик көздері, гендерлік және даулы-сезімтал журналистика және журналистикадағы сторителлинг секілді көп нәрсе үйренеді.

Оған қоса, қатысушылар онлайн сабақтарды ұйымдастыру, өткізу және студенттерге бағдар беретін тәжірибелік іс-әрекеттер дағдысын меңгереді. Тренер  ретінде   Ресейден, Шығыс Еуропадан, Орталық Азиядан кәсіби журналистер, редакторлар мен блогерлер және IWPR командасы қатысады. Тренингтегі  қарым-қатынас тілі – орыс тілі.

CABAR.asia, Медиа мектебіне қатысушылардың шығындарын IWPR Орталық Азия өкілдігі төлейді. Оның ішінде, (транспорт, тұрғын үй және тамақтану).

Қатысу шарттары

CABAR.asia Медиа мектебіне қатысу үшін университеттердің журналистика факультетінің студенттеріне ТоТ тақырыптары бойынша тренингтерді міндетті түрде өткізуді көздейді.

Талаптары:

  • Дәріс беру саласында кем дегенде 2 жылдық тәжірибесінің болуы;
  • Өтініш беру кезінде журналистика факультетінің жұмыс істейтін оқытушы/оқытушысы болу;
  • Интеравтивті сабақтар өткізуден хабардар және тәжірибесі болу;
  • Орыс тілін  жазбаша және ауызша  түрде білу;
  • Студенттермен үш немесе одан да көп қосымша (дәрістен тыс) сабақтар/ консультациялар өткізу бойынша міндеттеме қабылдау;
  • Сабақ беру барысында заманауи технологияларды қолдануға дайын болу.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай онлайн-формадағы  анкетаны толтыру міндетті:

  • Түйіндеме (бір беттен аспауы керек);
  • Мотивациялық хат (мына сұрақтардың жауабымен: 1. Сіз неге осы жобаға қатысұыңыз келеді және  неге сізді таңдауы керек? 2.  Алған біліміңізді практикада қалай қолданасыз? 3. Оқудан өткен соң қандай тақырыпта тренинг  өткізгіңіз келеді және не үшін?);
  • Университеттің деканатынан  ұсыныс хат;

Қабылдау уақыты 2019 жылдың 10 шілдесі,  Бішкек уақыты бойынша сағат 23:00  (GMT +6) дейін.   Нәтиже жайлы ақпараттты тек  іріктеуден өткен үміткерлер ғана  алады.

Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласуға болады:  +996 (312) 313411, FB&IG: school.cabar или e-mail:  begaiym@iwpr.net.

Сообщить об опечатке
Текст, который будет отправлен нашим редакторам: